Блогкамп 2013 қатыспаған адамның көзімен

Әрине отырып алып сынаудан оңай нәрсе жоқ, мұндай үлкен жиынды ұйымдастыру оңай шаруа емес, әсіресе қолында қаржысы жоқ жастар үшін тіптен қиын, ол жағынан ұйымдастырған жігіттерге әрине құрметпен қараймын.

1. Мақсат қандай?

Ең алғашқы блогкамп өткен кезде мақсат айқын болып еді, блоггерлер бас қосып тәжірибе алмасу, бір-бірімен танысу, қазақ тіліндегі жаңа жобалардың дүниеге келуіне жол ашу, сол арқылы қазақша контенттің дамуына сеп болу болатын. Басты мақсат әрине блогтың не екенін жалпақ жұртқа түсіндіру, блогшылардың сапасын арттыру болса керек, бұл құрылтайда осы мақсаттар 50 пайызға орындалды дегенге сене алмадым.

2.Кімге не үшін керек?

Бас қосып көңіл көтеруге таптырмас орын негізінде, олда керек, оған еш қарсылығымыз жоқ егер жоғарыдағы мақсаттар есте болса, «Шіркін, келесі блогқұрылтай қашан болар екен» деп тамсанатындар үшін несімен қызық болдлы екен, әрине достарымен кездесу көңіл көтеріп қалу. Қазақ ғаламторы қазақша сапалы контентпен толыға түсуіне, осы блогқұрылтайдың бір себі болса екен деп жүрген көшбасшылар әрине болды.

3. Марапаттау

Егер мүмкіндік болса, жылдың ең үздік блогы, ең үздік тақырыптық блог (егер ол бар болса) жаңа есім, деген номинациялар бойынша елге үлгі болатындай блогтарды насихаттап, жаңа өсіп келе жатқан блогшыларға көрсетілсе құба құп болар еді.

4. Шеберлік кластар

Мұны жұртты жалықтырып алмайтындай ұйымдастыру керек, барлық қатысушыларға арнап бір ғана шеберлік клас өткізілуі керек, ол бір ғана слайдтың төңірегінде өрбісе жеткілікті, алдымен бір тех маман шығып блог ашудың техникалық жағын түсіндірсе, келесі біреуі шығып тақырыпқа сай безендірілуін айтсын, келесі адам қандай тақырыптар қазақша блогсферада ақсап тұр, сол жағын түсіндірсін яғыни контент жағын, осылай 15 минутта бітіруге болады.

5. жаңа жобалар

Өте керек, бірақ іріктеу жағы атүстілеу ме қалай? қысқа уақыттың ішінде қандай жобаның болашағы зор екендігін анықтауда қиын, атам қазақ «Сайт ашу оңай, сайт болу қиын» деген екен, сол сияқты сайт ашқанның бәрі жоба емес, ол үшін алдын-ала жіберілу керек, жобаның бағыт-бағдары, болашақтағы жоспары анық жазылып көпшілікке ұсынылып онлайн дауысқа салыну керек, сосын қорытындысы құрылтайда жарияланса болды.

Қорытынды

Бұл сынау емес тек іліп алар бірдеңе болса ескерілер дедім, жалпы құрылтай керек, жылдан жылға сапалы, берері мол бола түссе, блогтардың сапасы артып тақырытық блогтар көбейсе екен, қазақша контенттің ақсап жатқан тұстарын дөп басса екен деген ой ғой біздікі.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше