Теңіз сығандары

Еуропаны кезіп жүретін сығандардан бө­лек теңіз сығандары туралы естіп қалып едім. Сол теңіз сығандары қай жерді мекендейді екен?

Гүлсім СЕКЕРБАЕВА, Талғар

«Теңіз сығандары» деп аталатын баджо ұлысы Азия құрлығының оңтүстік-шығысын мекендейді. Теңіз айдынында көшпелі өмір салтын ұстанған баджо жұр­­тын Филиппин, Ма­лайзия және Индонезия жа­ға­лауларынан таба ала­сыз. Аталған елдер үкімет­те­рі теңіз сығандарын құр­лық­қа қоныс аудартқанға де­йін олар теңізде тұрғы­зыл­ған үйшіктерінде не­месе қайықтарында өмір сүріп келген. Олар теңіз тү­біндегі інжу-маржандар мен аулаған балықтарын сату үшін жағалауға шығып, айырбасқа күріш, су және өзге де керек-жарақтарын алып отырған. Көптеген теңіз сығандары бала кезі­нен құлақ жарғақшасын те­сіп тастайды екен. Бұдан сә­бидің құлағы мен мұр­нынан апта бойы қан ағады. Содан кейін теңіз сығандары теңіз түбінен 30 метр те­рең­дікке дейін еш қиналмай жетіп, інжу-маржандар мен теңіз қиярларын теріп ала ала­тын болады.

alashainasy.kz/interested/15453/
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше