Тегін домен, шексіз хостинг, $10 доллар

«Еріншектің ертеңі бітпес» Арнайы Тимур үшін халық мақалы

Тақырып айтып тұр.

Бұл хабарлама Siteground.com хостинu компаниясының жаңа жыл алдындағы мерекелік ұсыныстары туралы.

Уақыты шектеулі!

Арғы күнге дейін, яғни 31 желтоқсанда бұл жеңілдік тоқтайды. (Бізден 5 сағат кейін). Сондықтан, бар болғаны 10 АҚШ долларын төлеп, лимитсіз хостингке және шет елдік бір тегін доменге ие болғыңыз келсе, мына сілтемемен жүріңіз. Әрине, беретін домендері екінші деңгейде. Тек шет елдік яғни халықаралық. Қысқасы .kz домен емес.

Бұл хостингте өзім әлдеқашан тіркеліп қойғам. Кәдуілгі CPanel-мен жұмыс жасайды. 24/7 лайв саппорттары бар. Яғни чат дегенім ғой. Бірақ қызметті тек ағылшын тілінде ғана көрсетеді. Дегенмен сіздің сайт жасайтын, пошта ашатын, бірден бір құралыңыз CPanel орыс тілін қолдайды. Сондықтан тіл қиындығы тек оларға бірнәрсе сұрап хабарласқанда ғана болмақ. Былайынша, жаман хостер емес. Блюхостқа жетпеуі мүмкін. Алайда, біздікілерден көш ілгері.

Бұл маған неге керек?

• «Керек тастың ауырлығы жоқ, үйде жата берсін...» деген таза қазақбайшылық синдроммен ала салу.
• «Өй, мың жарым теңге қайда қалмай жатыр? Менің де бір хостингім болсын...» деп «жыртылу» үшін
• Жаңадан сайт жасап үйреніп жүргендер үшін таптырмас ойыншық деп білем.
• 1 жыл бойы шексіз көлемдегі файлдарыңызды ғаламторда сақтау үшін
• .kz доменге мән бермейтін, .com-да сайт ашқанды жақсы көретін клиенттеріңіз үшін. Оларға «Бір жыл шексіз лимит, доменіңіз менен» деп 100 долларын қағып аласыз да 10-ақ долларға ашып бере саласыз. 90 доллар қалтаңызда.
• т.с.с.

Бұл жарнама емес, бұл пайдалы ақпаратпен бөлісу.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше