Дүниежүзі қазақтарының II блог-құрылтайы

Дүниежүзі қазақтарының II блог-құрылтайы
Duniejwzi hazahtareneng 2. blog-hureltaie
Dünieyüzi kalaklarının 2. blog-kurultayı


Осы жерден бастап тек қана қазақша әріптермен жазамын. Шетелдік қандастарымыз оқып отырса, ренжи көрмесін. Пернетақтамда жоқ әріптерді Copy-Paste ете беруге жүйке талшықтарым жетпейді.

Сонымен, екінші блог-құрылтайды араға жыл салмай өткізуде жатқан қандай астар болуы мүмкін? Егер алғашқы құрылтайдан соң бір жыл өтпесе, бұрылтайды қайта өткізуге болмайды дейтіндер қандай арғынменттер мен фактілерге жон арқаларын сүйейді? (Көк шыбықпен осып жіберсең арқаларын деп отыр құрылтайға тегін барып, дәметіп қалған шағалалар)

Ертелі-кеш екінші құрылтай өтеді. Сол кезде қандай өзгерістер болуы керек? Алғашқы құрылтайдан кейін жұмыр бастарында жатқан миларына күш түсіріп, келесі құрылтай осылай өтсе екен дегендер бар ма? Ойларыңды ортаға тастаңдар. Жілігін шағып, майын берейік.

Ең басты сұрақ: Қохан-Самархандтағы ағайындар шақырыла ма, дОStaR?
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше