Патриоттық әндер Хит-парады

  • TOP
Алда Тәуелсіздік күні келе жатыр, 20 жыл! Иә, Тәуелсіздікті біз басқаларға қарағанда ең соңынан алдық. Иә, елімізде келеңсіздіктер, коррупция, тіл мәселесі, неше түрлі былықтар, негативтер толып жатыр. Бірақ, бәрібір бұл біздің еліміз, Отанымыз. Отанды да ата-ананы таңдай алмағандай таңдай алмаймыз. Отан мен үшін тек қана туған жер емес, Отан — маған туған кезімде туған жеріммен берілген тіл, тарих, дәстүр. Бұларды таңдауға ешкімнің құқығы жоқ деп ойлаймын. Бұлардан бас тартып, бірақ қазақ деген атты жамылып жүргендерді САТҚЫН деп есептеймін. Өздері де сатқын, ұрпақтары да!

Жарайды негізгі тақырыбымнан ауытқымайын. Бүгін патриоттық, рухани күш беретін әндер хит-парадын жасағым келіп отыр. Ұсыныстар болса төменге жазарсыздар.









Бөлісу:

15 пікір

Abilakim
Бүркіттердің ана әнін бір арнадан айналдырып жатыр әйтеуір
asaubota
бүркіттің әндерін ұнатпаушы едім, шығыс мәнеріндегі әндерді жек көремін. ал мына әні гитараның сүйемелдеуімен сәтті шыққан.
Nurgisa
Күшті бастама!

Нұрғиса Тілендиевтің "Өз елім" композициясын ұсынамын:

Abilakim




Менен екі ән. Екіншісі десанттар әні, біріншісі Ұландар шеруі
a63a1
Бүркіттің ана әні жақсы,
өзіңнен алған тағылым
кішкентай ғана аулым)))
dark_nazgul
«Атамекен», «Сәлем, саған, туған ел!»
Janasil
Мына әнді де осы қатарға қосуға болатын секілді.

Руслан Мамытов — Жаса қазағым

www.kazclub.kz/index.php?newsid=161
Janasil
Бүркіттің әні жақсы. Тек бейнебаянында әйелінің бұралаңдап тұрғаны ерсі көрінді.
John
«мен Қазақпын» дегенде жыным, делебем қозады, шіркін! Кезінде Ерболатты күндегендер де табылды, Жұбаңағана жармасты деп, онда тұрған не бар дейм ғо… «Көкеміз» де Жұмекенге де жармасқан жоқ па?!
Beytanis
жыным, делебем қозады

Сонымен жының қоза ма, делебең қоза ма, нақты айтсаңшы. Мен қателеспесем «жыным қозады» деген «делебем қозады» дегенге 180 гірәдүс қарама-қайшы мағынада.
Abilakim
Жыны мен делебесі бір-біріне қарсы қозатын шығар
John
Тойст, арқаланып қаным қызады
mercedes
Бекболат Тілеухан — Елім менің