Халал-депозит Атырауда

Ғайыптан тайып "Қазақстан қажылар қоырының" сайтына тап боп қалдым. Сөйтсем, осы сенбі, яғни Қазанның 8-і күні Атырау қаласында осы қордың ұйымдастыруымен көрме өтеді екен. Осынау қуанышты ақпаратты өздеріңмен бөліскенше асықтым. Төмендегі ақпаратты сол сайттан түгелдей көшіріп салып отырмын. Мұндай бастамаларды «еліміздің ислами қаржы нарығындағы сеңнің қозғалуы» десек артық айтқандық болмас…

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫНА АҚША ЖИНАУҒА МҮМКІНДІК ТУДЫ!

«ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ ҚОРЫ» қазан айының 7-сі мен 11-і аралығында Қазақстанның ірі қалаларында өз көрмелерін өткізеді!
Бесінші парызын өтеуге ниет етіп, қажылық және умра сапарларына ақша жинағысы келетін ынталы адамдардың барлығын шақырамыз!

Көрме барысында келушілер мынадай мүмкіндіктерге ие болады:

• АЛҒАШ болып келген адамдарға СЫЙЛЫҚТАР бар!

• «ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ ҚОРЫ» жайлы толық АҚПАРАТТАР аласыз.

• ШОТ ашуға бел буған адамдардан тап сол жерде ҚҰЖАТТАР қабылданады!

• ҚАЖЫЛЫҚҚА барып қайтқан адамдар сіздерге сапар барысында алған ӨЗ ӘСЕРЛЕРІМЕН бөліседі!

Егер сіз Ислам шарттарына сай ақша жинап, қор ашқыңыз келсе көрмеге келіңіз! Білікті мамандар әрбіріңізге көңіл бөліп, толықтай ақпараттандырады!

Көрме өтетін уақыты:

8 қазан, 2011 ж; сағ: 10:00-19:00 -Атырау қаласы, «Ренессанс» қонақүйі
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше