Атбасарда әскери борышын өтеп жүріп қаза болған сарбаздың мәйіті туған жеріне жеткізілді.
23 жастағы жауынгер үш күн бұрын 166/4 түзеу мекемесінің күзетінде тұрған жерінде көз жұмған болатын. Басынан АК-74 автоматынан атылған Атхам Бекболатовтың мәйіті кешкі тексеру кезінде күзет мұнарасынан табылған. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Атхам Бекболатов осыдан үш ай бұрын әскер қатарына шақырылған. Ішкі әскерге алынған жігіт Отан алдындағы борышын Ақмола облысы Атбасар ауданындағы түзеу мекемесінде атқарып жүрген. Туыстарының айтуынша, отбасындағы алты баланың тұңғышы болған Атхам көзі тірісінде әскери қызметкер болуды армандаған екен. Туыстары мен жора-жолдастарына жиі хабарласатын болған. Ұялы телефон арқылы туыстарымен тілдескен сайын сол абоненттің шотына ақша салуын сұрап келген көрінеді.
Сондықтан қыршын кеткен боздақтың өлімі «әскери бөлімдегі әлімжеттіліктің салдары» дейді марқұмның бауырлары. www.ktk.kz
Сондықтан қыршын кеткен боздақтың өлімі «әскери бөлімдегі әлімжеттіліктің салдары» дейді марқұмның бауырлары. www.ktk.kz
Пікір жоқ әзірше