Жын туралы

Жындар ауа және оттан жаратылған. Ең алғашқы адам топырақтан жаратылса да, оның дене-мүшесі топырақ емес, ет пен сүйек. Сол сияқты жын да ауа және оттан жаратылса да ауа және от емес.

Жын ауа және оттан жаралғандықтан өте нәзік (жеңіл, көзге көрінбейтін) болады, жылдам қимылдайды, жеңіл бір соққы жасалса өліп қалады. Өмірлері өте қысқа, дін ілімдері аз және тәкаппар болады. Ылғи да бір-бірлерін төмпештеп, соғысып жүреді. Жынның өлімі жер бетінен жоқ болып кетуімен болады. Қартайғандары жасарып, балалық шағына оралады да өліп жер бетінен жоқ болады.

Жындар әр-түрлі пішінге ене алады. Олардың мұсылмандары да, кәпірлері де бар. Олар да дінге мойынсұнуға міндетті. Олардың тіршілік ететіні туралы құранда және хадис шәрифтерде нақты білдірілген.

Жындардың мұсылманы да, мұсылман емесі де бар. Мұсылман жындардан адамдарға ешқандай зиян келмейді. Олар тек ғибадат жасайды. Ал кәпір жындар адамдарға әр-түрлі жолдармен зиян тигізеді. Адамнан айрылмай әр-түрлі кейіпке енеді. Мысалы микроп пішініне еніп адамның тамырларында жүреді. Ешкі, жылан, мысық кейпіне кіргендері көп көрілген.
(Бір кітаптан аударылған)
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше