Стив орынтағынан кетті


Бүгінгі күннің мен үшін басты жаңалығы ол — Эпплдің (Apple) бастығы Стив Джобстың (Steve Jobs) орнын тапсыруы болды. «MacWorld» журналының мәліметіне қарағанда (ағылш), кеше, тамыздың 24-і күні ол Apple қызметкерлеріне арнап өзінің жолдамасын жариялаған.
Apple Директорлар кеңесі мен Apple жұртшылығына:

Осы уақытқа дейін мен егер өз қызметімді дұрыс атқара алмаған жағдайда бұл туралы ең алғашқы болып өзім құлағдар ететінімді үнемі айтып жүрген болатынмын. Өкінішке қарай, сол күн де келді. Осы хатты өздеріңізге жолдай отырып, өзімнің Apple Атқарушы директоры қызметімнен кететінімді хабарлаймын. Егер Директорлар кеңесі мақұл көрсе, онда мен өзімді сол Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде және сол бұрынғыша Apple-дің қарапайым жұмысшысы ретінде көргім келеді.

Ал өзімнің орныма Тим Кукты (Tim Cook) тағайындауды құптаймын.

Эпплдің жарқын күндері мен ең шығармашыл кезеңдерінің әлі алда екеніне толық сенемін. Сол жаңа белестерге жету болында мен де өзімнің жаңа қызметімде отырып үлес қосуыма және қадағалайтыныма үміттімін.

Мен осы Эппл қабырғасында өзімнің өмірдегі кейбір ең жақын, ең сенімді достарымды таптым. Сондай-ақ мен сіздерге өздеріңізбен қызметтес болғаным үшін ерекше алғысымды білдіремін

Құрметпен, Steve



Айта кету керек, ол (Стив Джобс) соңғы кезде өзінің денсаулығының сыр беріп жүргенін айтқан болатын. Стенфорд университетінің түлектерінің бітіру кешінде сөйлеген сөзінде де оның қауіпті құрт ауруынан аман қалғанын естіген едік.



Стив Джобс — 1955 жылы туылған. Американдық инженер және өнертапқыш. Apple Inc. корпорациясының негізін қалаушы екеудің бірі. Ол сонымен бірге Pixar анимациялық студиясын құрушы және бұрынғы басшыларының бірі.

1970 жылы ол досы Стив Возняк екеуі ең алғашқы дербес компьютерлерің бірін жасап шығарды.

1980 жылы ол осы күні біз қолданып жүрген компьютер басқарушысы «тышқанның»-ның коммерциялық құндылығына баса назар аударған санаулы адамдардың бірегей болды.

1985 жылы өзі құрған Эппл компаниясынан сол кездегі Директорлар кеңесімен келіспеушілігіне байланысты қуылды. Артынша өзінің жеке NeXT атты білім беру орталықтарына арнайы компьютер жасайтын компания ашты.

1997 жылы ол өзінің Эппл-іне Атқарушы директордың қызметін уақытша атқарушы болып қайта келді де NeXT пен Apple-ді біріктірді.

«Fortune» журналы Стив Джобсты 2007 жылдың ең үздік әрі қуатты кәсіпкері атады.

2009 жылы әлемдегі топ-менеджерлердің санатын енді.

1986 жылы Lucasfilm студиясын сатып алып, оны Pixar-ға айналдырды да 2006 жылы оны Уолтом Дисней сатып алғанға дейін басқарып отырды.

2011 жылдан бастап The Walt Disney компаниясының Директорлар кеңесінің мүшесі.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше