Қазақстан йод қоры жөнінен 20 елді мекендегі зертханалардағы басшылықты өз мойнына алды.
15-16 маусым аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі БҰҰ-ның Қазақстандағы Балалар қоры өкілі және Қазақ тағамтану академиясымен бірлесе отырып тұзды жаппай йодтауға қол жеткізген мемлекет ретінде Қазақстанды сертификациялау және зертханалық аймақтық желісін инагурациялау қорытындысы бойынша Алматыда конференция өткізілді.
Аталған іс-шараға ҚР Үкіметі, халықаралық ұйымдардың (СDC, ЮНИСЕФ), Орталық және Шығыс Еуропадан 9 ірі мемлекет және ТМД-ның 11 елді мекенде орналасқан йод зертханасының қызметкерлері қатысты.
Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Шәміл Сағындықұлы Тәжібаев: 2007 жылғы зерттеулер Қазақстандағы үй шаруашылықтарының жалпы санының 92 % сапалы йодталған тұзды тұтынатынын көрсетіп, Қазақстан тұзды жаппай йодтаған мемлекет мәртебесіне қол жеткізді.Тұзды жаппай йодтау шарасы Қазақстандағы екі миллионға жуық баланың ақыл-ой мүмкіндігі мен денсаулық жағдайын арттыруға көмектесті. 20-елдің зертханаларының басшылығын қолға ала отырып, енді біз мынадай үш міндетті қолға аламыз: Біріншіден, Шығыс және Орталық Еуропада кіші дәрет биологиялық мониторинг зерттеу сапасын анықтау мақсатында жылына 2 рет жіберіліп тұрады. Біз олардың сапасын зерттеп қана қоймай, өзімізді дамытуға жол ашамыз. Екіншіден, осы мемлекеттердегі жасалған биологиялық мониторинг 10%¬-ын сапалық салыстыру мақсатында Қазақстанға жіберіліп тұрады. Үшіншіден, лабороториясы нашар немесе жоқ мемлекеттер келісім бойынша Қазақстан зерттеуін өзі жүргізіп, тиісті шараларды қолданады, — деп мәлімдеді.
Ал Халықаралық Беларусь Ұлттық экология университеті, биология ғылымдарының докторы, профессоры Сергей Петренко: Бұл шаралар екі бағытқа жұмылдырылған: алғашқы күні әрбір мемлекет өзіндік әдістемесі, сапасы жайында бағдарласа, соңғы күні жалпы йод тапшылығын алдын-алу шараларға құрылған. Мен йод тапшылығынан туындайтын бұзылыстардың санын азайту мақсатында тұзды жаппай йодтауға қол жеткізген мемлекет ретінде Қазақстанның еңбегін қуанышпен құттықтаймын, — деді өз сөзінде.
Қазақ тағамтану академиясының йод тапшылығының алдын-алу зертханасының меңгерушісі Оспанова Феруза Ергибекқызы: Йод тапшылығынан зардап шегетін аймақтарда өмір сүретін қалқан ауруынан өзге жүкті әйелдерде түсік тастау, өлі туу немесе мерзімінен бұрын босану ықтималдығы артады. Ал баланың дамып жетілуіне, есте сақтау қабілеті мен оқуының күрт төмендеуіне әкеліп соғады. Әрбір адам баласы күнделікті йодты кемінде 5-6 грамм пайдалануы тиіс.
Конференцияда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен Қазақ тағамтану академиясының санитар дәрігері Оспанов Кеңес «йод тапшылығының сапасын арттыру» сертификатымен марапатталды.

Пікір жоқ әзірше