Абақтыда өлген Уан атам
Жаз ортасы ауған мезгіл болса керек. Ауыл тозған ескі қоныстан көтеріліп, жаңа қонысқа беттеген. Мен атамның алдына мініп алғам, көштен әжептәуір ұзап кеттік. Былқылдақ деп аталатын жерде, дөңес беткейде тұрған аңғал-саңғал, опырайған, қираған ескі қораның қасынан өте бере, кең өлкеге енген кезде, қалың бидайдың ішінде аттан түстік. Атам тізерлей жүгініп, мені де қасына отырғызып, құранға кірісті. Даусын соза, бар мақамын келтіре, мүлгіп отырып ұзақ оқыды. Иен далада күмбірлеген құран ете қорқынышты еді. Ат үстіне қайта қонғанда көңілім әлі де қобалжып тұрған. Атам ауыр күрсінді де, түрлене толқыған, шілікті, шалғынды кең өлкенің үстінен қол соза тұрып: «Осы маңайдың бір жерінде жатыр, — деді. — Уан атаң. Қазір аруағы сені көріп, ризашылық айтып, бата беріп тұр...»
Аяңдап жүріп кеттік. Ес білер-білместен-ақ атам менімен үлкен кісіше сөйлесетін. Сол әдетімен әңгіме бастады. Бұл жолы — бұрын білмеген Уан атам туралы.
Байлығымен емес, кісілігімен ел ұстаған адам еді дейді. Болыс болмаған, старшын болмаған, бірақ болыстан да, старшыннан да кем емес. Ояздың алдында да тайсалмай сөйлепті. Ұлық атаулы онымен ақылдаспай кетпеген. Ел ішіндегі қаншама дау-дамай сол кісінің алдынан тарқап жатқан. Ежелгі шежіре, ескі әңгімеге қандай жетік. Абай атаңның өзі сыйлаған. Шәкәрім қажының өзі кеңес сұраған. Сондай адам болған Уан жарықтық. Ақыры абақтыға түсті. «Абақтыға неге түседі?» — деп сұраймын. «Өзі тіленіп түскен жоқ, — дейді атам. — Апарып қамаған. Неге дейсің бе? Жақсы кісі болғандықтан. Ол кезде ел ағасы игі жақсылардың бәрі де айдалды, байланды, атылды, құртылды. Атам қазақ ақ патшаға қарағаннан соң-ақ: «Ат жақсысы кермеде тұрады, Ер жақсысы түрмеде отырады» деген мақал шығарыпты». Бұл тарапта бұрын да талай әңгіме естігем, соның кейбірін қайталап айтты. Өкімет орнарда аумалы-төкпелі заман болған. Ақ пен қызыл қырқысқан. Әуелі қызылдар жеңіпті. Содан соң ақтар бел алған. Ең аяғында қызылдар үстем шығады. «Таспен жапалақты ұрса да жапалақ өледі, жапалақпен тасты ұрса да жапалақ өледі» дегендей, кім жеңсе де қазақ қырылған. Опалаң-топалаң болған. Өкімет бекіген соң аз уақыт тыныштық орнапты. Бірақ көп үзамай заман бұрынғыдан әрмен бүліне бастайды. Әуелі ірі байлар кәмпескеленеді. Яғни бай болғаны, бар болғаны үшін мал-мүлкін сыпырып алып, өздерін көз көрмеген алысқа айдап жібереді. Содан соң ел ішіндегі іліп алар тәуір адамдар тегіс түрмеге қамала бастайды. Не үшін? Жаңа айттым ғой, біреуді оқыған, көзі ашық азаматтығы үшін, енді біреуді кеудесі зор, көкірегі даңғыл кісілігі үшін — қайткенде де санасы, намысы бар, қажыр, қайраты бар адам атаулының көзін жою үшін. Не үшін жояды? Бас көтерер азаматынан айрылған жұртты малша айдау үшін. Ойына келгенін істеу үшін. Ол — ұзақ әңгіме. Тағы бірде айтармын.
Сонымен, ешқандай кінәсі жоқ, ешкімге жазығы жоқ Уан атаң жетпістен асқан шағында осы Былқылдақтағы абақтыға келіп түседі. Абақты деген ішіне енген адамды ешқайда шығармай, қамап ұстап отыратын, қабырғасы берік, темір есікті, тор терезелі, үлкен үй. Иә, ол кейін, қабырғасын қызыл қыштан қалап, есігін болаттан, терезесін темірлегені. Әуелде өкімет абақты салып үлгермеген. Көңілдеріне жақпаған жұртты кеше ғана кәмпескеленген байлардың қой қораларына әкеп қамаған. Міне, сенің Уан атаң да сондай қой қорада жатады ғой. Жаңағы, бұлақ басында, қырқа бетте тұрған ескі қорада неше жүз адам. Біреулерін әкетіп, атып жатады, біреулерін ұрып-соғып, сүйреп тастайды, ауру-сырқаудан, аштан күн сайын қаншама кісі өледі, бірақ абақты ортаймайды. Қайта күн сайын тарыла береді. Күн сайын бұрынғылардың үстіне қаншама жаңа кісі келеді. Былқылдақтың абақтысынан тек өлген адам ғана шығады екен. Онда да күніне екі-ақ рет: ертемен және кешке, есік ашылған кезде. Осы екі аралықта өлгендер сол өлген қалпында, тірілермен бірге жата береді.
Тірілердің де құр сүлдері. Ең қайратты деген жігіттің өзі бірақ аптада тулақ болады. Үңірейген көзі, арбиған сүйектері ғана қалады. Ал қартаң кісілердің жайы тіпті қиын. Үш-төрт аптадан артыққа шыдамаса керек.
Бірақ сүйегі берік, діні қатты Уан атаң екі ай бойы иманынан айрылмапты. Жауапта тілін тартпаған, таяқтан именбеген, аштықтан қорықпаған. Ақыры ауру ілінеді. Сүзек болса керек. Әлде таяқ өтіп кетті ме. Бас көтере алмай қалады. Іші бұзылады. Жаңа айттым ғой, абақтының есігі тәулігіне екі-ақ рет ашылады деп. Тұтқындарды жауапқа жеткенде ашылып жатады, бірақ түзге шығаруы екі-ақ рет. Жұрт соған көнген. Көнбегенде қайтпек. Төбеден ғана сәуле түскен ала көлеңкеде, өлікпен бірге, нәжіске батып, бұратылып жата береді ғой. Уан атаң жата алмаса керек. Байлыққа бөкпесе де таршылық көрмеген адам. Кірпияз, таза адам. Бұрын шыдайды екен, ауырған соң сыртқа сұранады ғой. Еңбектеп барып есік қағады. Есік қағып жатып алады. Ар жақтан ақырса да, зекірсе де қаққанын қоймайды. Тіпті, түйгіштей, тепкілей бастайды. Өз тезегіне өзі былғанғысы келмеген. Әлде өлім тіледі ме. Айтқанындай, күзетші мілиса есікті ашады. Орыс емес — қазақ. Алыс емес, аталас туыс. Өзіміздің Түктібай. Басы бытысқан таз, қимайы ағып, қой соңында жүргенде рақым етіп, сұрап алған, тотияйын жағып, шашын қырғызып, адам қатарына қосқан осы Уан еді. Қазір Түктібай десе, Бүлғыртау ауданының жылаған баласы уанады. Сен көрген жоқсың. Нәшәндік, Сартеректе тұрады. Ол кезде нәшәндік емес. Тазы жазылған, қойдан да құтылып, құдайын да ұмытып, атқа мінген жас жігіт. Мілиса. Қызыл ала киінген, қанша дегенмен ағайын, Уан байғұс қуанып кетеді; бұл кезде әбден дымы құрыған болса керек. Сол шөкелеп жатқан қалпында ымдап далаға шыққысы келетінін айтады ғой. «Бері шық! — дейді Түктібай. — Бері шық...» Уан атаң бауырымен жылжып, есіктен шыққан екен. Сол кезде Түктібай дәл қасына келіп, қақ бастан тебеді. Етіктің ұшымен емес, өкшесімен. Көн етіктің темір тақасымен. Уан жарықтық бірден-ақ сылқ түсіпті. Жан тәсілімге кетсе керек, аяқтары тартылып, қолы дірілдеп жатты дейді. Бірақ, Түктібай тоқтамаған. Беліндегі наганын алып, етпетінен құлап жатқан атаңның тура қарақұсына тіреп тұрып атқан. Бір, екі емес, үш рет атыпты. Кешіне жұрт сыртқа шыққан кезде Уан марқұмның аузынан қызыл қан ақтарылған мәйіті сол жерде әлі жатыр екен дейді. Үлкен нәшәндіктер келіп, онсыз да қорқып, үркіп тұрған жұртқа біраз қожаңдаса керек. Абақтыдан қашуға әрекет жасаған кез келген адам мына Уан сияқты контра ретінде аяусыз атылады. Құтырған иттей атылады депті.
«Анау бір жылы бұлақтың төменгі жағы, шіліктің екі қабағы жыпырлаған төмпешік еді, — деді атам. — Әр төмпешіктің астында қабыр бар, әр қабырда біреу емес, екеу, үшеу, бесеуден. Сүйретіп апарып тастай берген. Қара тілдің шешені еді, марқұм. Ақыры осылай болды. Жалғыз Уан атаң емес, елдің игі жақсысының біразы осы жерде жатыр. Есіңде болсын, әрлі-берлі өткенде дұға қыла жүр».
«Бір баласы бар еді, — деді атам. — Қақ-соқта шаруасы жоқ, момын жігіт еді. Әулие-Ата, Шымкент жаққа ауса керек. Тірі болса жүр, бір жерде бой тасалап. Аты Кәрібас».
Бұл әңгіме сол жолы, ат үстінде айтылғанмен, кейінірек, ересек тартқан кезімде қайыра сұрастырып, мән-жайымен түбегейлі таныссам керек. Бірақ әуелгі реттің өзінде менің санама айрықша әсер еткені күмәнсыз. Мен өзімнің бес жастан жаңа асқан сәби ғүмырым ішінде алғаш рет қысас пен зүлымдық туралы, өмір мен өлім туралы ойландым. Мен жақсы адам болам. Мен ақылды болам. Күшті болам. Арыдағы бабаларым сияқты. Одан соңғы аталарым сияқты. Сонда… Мен де абақтыға түсем бе? Менің де басымнан теуіп, желкемнен атып өлтіре ме? Жоқ. Бұрынғы бабаларымның ешқайсысы абақтыға жатпаған. Зынданға салып, темір үйге қамасын, қайта шығып кеткен, бәрін талқан қылып Алпамыс батыр сияқты. Қобыланды батыр сияқты. Абылай хан сияқты. Мен де шығып кетем. Жауға ойран салам. Бірақ сол бабаларым сияқты мен де өлем. Ең жақсы адамдар да өлген. Ақылды хандар да, ержүрек батырлар да өлген. Мен қаншама өлеңін жатқа білетін Абай атам да өлген. Мен де… бар мұратыма жетіп, әбден қартайған кезде… өлем.
Өлгеннен кейінгі өмірімді көзге елестеттім.
Мені биік тау басына қояды. Бауырда иірім-иірім тоғай, теректі шілік, сарқырап аққан бұлақтар. Көз жетер жер көк жасыл шалғын. Күн ашық, жылы. Алыс көкжиек бұлдыр сағым. Тып-тыныш. Кенет, бота боздайды, құлын шұрқырайды. Етектен көне өтіп барады. Үздік-создық, қатар-катар салқар көш. Түйе үстінде шалар, олардың алдында емшектегі нәрестелер, қүртақандай сәбилер. Көш қапталында тай-құнанмен шапқылаған балалар, өңшең бозқасқа арғымаққа мінген ағалар. Көш басында әжелер мен аталар… Кенет көш үйіріле тоқтайды. Еңсегей бойлы, қабағы калың, көзі өткір, аппақ қудай бір ақсақал: «Анау таудың басында, — дейді, қолын биікке нұсқап, — Мадияр аталарың жатыр...» Бала-шаға, әйел-еркек, үлкен-кіші — барлық халық түйеден, аттан түсіп, тізе бүгіп, дүға қылады. Елбіреп, мүлгіп отырып, тегіс мінәжат айтады. Аталарыңның жолын берсін, аруағы қолдасын дейді. Бата жасап, беттерін сипайды. Содан соң үдере аттанады. Манағы ақсақалды қарт кейінгі балаларға Мадияр аталарың сондай да сондай болған деп, мен туралы әңгіме айтып бара жатады.
Мен соның бәрін көрем. Соның бәрін естимін. Өйткені, мана, көш келерден бұрын, бір орында жата бергеннен ішім пысып, қабырдан шығып кеткем, моламның басына үйілген қорым тасқа сүйеніп, кең далаға карап тұрғам. Салқар көш тұсыма келіп тоқтағанда ұрпағыма бата беріп тұрғам. Енді көңілім бұзылады, мына еркін жүрген жұртқа қызығып, солармен бірге кеткім келеді, солармен бірге жүргім келеді. Бірақ маған бұл арадан кетуге болмайды. Өйткені, мен өлікпін… Қазір қайтадан кабырға кірем. Осы маңнан тағы біреулер өткенше, мені еске алып, дұға жасағанша қозғалмай жатуға тиіспін… Өзіме өзімнің жаным ашыды. Жылағым келді… Иә, айтпақшы, әңгіме мен туралы емес, абақтыда өлген Уан атам туралы еді ғой. Сөз сыңайына қарағанда, өте жақсы кісі сияқты. Мен тілім шығар-шықпастан жеті атамды жаттап алғам. «Жеті атасын білмеген — жетімдіктің салдары». Жетімді кеміту емес, баласына шыққан тегін үйретпеген әкені жоққа санау. Өйткені «Жеті атасын білген ер — жеті жұрттың қамын жер!». Сондықтан да біліп алғам. Мадияр -Мадиярдың әкесі… атасы — Мағаш. Мағаштың әкесі — Құрымбай, Құрымбайдың әкесі — Бітен, Бітеннің әкесі — Жанақ, Жанақтың әкесі — Есенбай, Есенбайдың әкесі — Жанбай… Жеті ме, сегіз бе? Одан арғы жағын да білемін. Ішінде Уан деген кісі жоқ. Қайдан шықты деп сұраймын өз атамнан. «Жанбайдан қосыламыз. Есенбайдың бір інісі — Манабай. Уан атаң сол Манабайдьщ әулеті, — дейді атам. — Өте жақын туысымыз». «Абылай хан нешінші атам? Абай атаммен қалай туысамыз?» деп сұраймын. «Қазақта бұрынғы — соңғы өткен жақсы адамның бәрі — сенің атаң. «Бәріміз » қазақ байдың баласымыз» дегенді естіп пе едің? Енді естіп отырсың. Жадыңа тұт. Оның мәнісі: бар қазақ бір-ақ адамның баласы демек. Әуелі қазақ атаң. Қазақ атаңнан үш ұл туады. Ақ Арыс, Жан Арыс, Бек Арыс. Ол үш атаңның әрқайсысынан қаншама ұл туған. Өз кезегінде олардан тағы соншама ұрпақ тараған. Яғни бөтен ешкім жоқ. Бәрі бір тұқым. Бүгінгі нәсілі — сен! Ұқтың ба!»
Бабаларымның кім болғанын білген соң, аталарымның қандай ғүмыр кешкенін естіген соң, әкелерімнің өмір өткелдерін таныған соң, буын бекіп, бұғана қатып, өсіп, ержете келе, заманның сыр-сипатын ұға бастадым. Өзімнің кім болуым керегін түсіндім. Бірден білдім, оп-оңай ұқтым, тез аңғардым демеймін. Бірте-бірте. Бұлталаңсыз, тынымсыз тірлік нәтижесінде, арыстандай айбынды болған, бірақ ұрпақтары ұмытқан аталар, жаны жаншылып, қорлықпен күн кешкен, тәні шырқырап, азаппен өлген, балалары атын атауға да қорқып, көлеңкесінен безген, тек балағатпен, лағынетпен ғана еске алынған әкелер — ерлік пен абыройдан басталып, ездік пен масқараға ойысқан мың жылдық тарихымызды таразыладым; оң мен солды айыра алмай, бүгінгінің бәрі — керемет, өткеннің бәрі — кесапат деп, намыс тапталған, алды аштан өлген, соңы жарым құрсақ жүрген күнді бұрын-соңды болмаған бақытқа балаған мешін жұтын, доңыз апатын көрсетіп, божырау мен қожырау суретін жасағым келеді. Өткенге оқыр дұғам, болашаққа айтар өсиетім осы деп білдім. Ойлағанның оннан бірі ғана орындалды. Соның өзі қаншалық дәрежеде жүзеге асты — Аллаға ғана аян! Ал өзім бар қуатымды осы жолға жұмсағаныма ғана куәлік бере алам.
1990, МҰХТАР МАҒАУИН

Пікір жоқ әзірше