КҮРСІНІП АСПАН

Күрсініп Аспан,
Күңіреніп Жердің жүрегі,
Күдікті ойлар басыма қайта түнеді.
Күзгі бақтардың көкірегінде түн қалғып,
Көшені кезіп… каңғыбас бір жел күледі.
Сағыныш-бұлбұл санамда сайрап бұл түнде,
Қызғаныш-төбет ми бөлмелерін тінтуде.
Кеудемде өксіп, үмітім калды үн-түнсіз,
Жас парлап аққан жанарын коңілім сүртуде.
Жыраққа шауып арманның жүйрік тарланы,
Қанымда менің ұлиды сезим арланы.
«Махаббат» дейтін әлем бар дейді бүгінде,
Сенбеймін мүлде, тағдырым тағы алдады!
Сенбеймін!..

САЯН ЕСЖАН
АСТАНА
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше