Интернетті дамытуға 100 Мегабит беру керек (I-MIX 2011)

 
Конференцияның ашылу салтанатына Премьер-Министріміз Кәрім Мәсімов қатысқаны жайлы блогынан оқып бейне жазбасын көрдім.{ашылуына үлгермеген едім :)}
 
Төмендегі бейне материалдан көрсеңіз болады:

 
“Тек туиттерді өзім жазамын” деп, Премьер-Министр жауап берді.
 
I-MIX 2011 1-ші қазақстандық интернет-конференциясы толық орыс тілінде өтті.
 
Қазнетті және интернеттегі бизнесті дамыту мәселелеріне қатысты тақырыптар көп болды.
Өзім қатысып үлгерген сессияларым бойынша қысқаша тоқталып өтейін:
Билайн кең жолақты интернетке  қосудағы жобасы жайлы айтып өтті. Жоспарлары бойынша бүкіл Қазақстан қалаларынан бөлек бүкіл аймақтарға интернетті жеткіземіз дейді. Бірақ, Қазақстан жерінің үлкендігі және {үлкен қалаларды айтпағанда} халықтың шоғырлануы тым алшақтығы оптикаталшығы {волокноның қазақшасы талшық} арқылы бір-бірін қосудағы кездесіп жатқан қиындықтарға тоқталып өтті.
 
Перспективы развития широкополосного доступа в Интернет в КЗ
View more presentations from Annely Nurkaliyeva
 
 
Сөйтіп келесі қатысқан презентация: VSE.kz
 
Орыс тілді қолданушылардың ең әйгілі сұхбаттарының бірі Ct.kz екіге бөлініп, содан шыққан бір сыңары vse.kz болатын. Көптеген нақты сандар айтылып және Қазнеттің қолданушылар бойынша өз ойларымен бөлісті, солардың маңызды дегендеріне тоқталып өтейін:
  • Психологиялық көмек ретінде көптеген психологтарды сайтқа жинағандары және оларға өзідерінің мүмкіндерін ашуға арналған орта жасап бергендерімен бөлісті;
  • Әр қолданушыға шығармашылық мүмкіндік беру қажет {әрқайсысы суретші дейді};
  • Оқырмандармен қарым-қатынасты дамыту керек;
  • Модерация жасалуы отыруы және этикалық тәртіп сақталуы керек, – деп өзекті мәселерін атап өтті.
  • Сайттың 52 пайызы әйелдер, 48 пайызы ерлер.
  • 80 пайызы Алматы қаласының қолданушылары,
  • 10 пайызы Астана қаласының қолданушылары,
  • 10 пайызы Қазақстанның басқа қалаларынан тіркелген қолданушылар, дейді.
Қазақ тілді қолданушыларға байланысты жақын арада байқау болады деп, сөз арасында хабарландыру жасап кетті.
 
Pr в интересах общества дарья бублик
View more presentations from Annely Nurkaliyeva
 
 
 
Кейін Павел Граблевскийдің “Мыльный пузырь CTR & CRM” {Беларусь} – атты презентациясында:
 
 
 
Интернет жарнамасын тиімді басқару құралы AdRiver  жайлы әңгіме болды. Екі қоянды бір оқпен атуды көздейміз, — деді, Павел мырза. Интернетте бұл конференцияға дейін өзіме таныс Ермек Рахметов AdRiverдің Қазақстандағы өкілі екен.
 
Өзекті айтылған нәрселерге тоқталсақ:
  • Өздерінің санақтары бойынша баннерді көрсеткенде қолданушылардың 10 пайызы ғана басады, ал қалған 90 пайызы баннерді баспайды {түртпейді} екен.
  • Баннерді басқаннан кейінгі қолданушының сайттағы іс-қимылы белгісіз;
  • Баннердің белгілі бір іс-шараға байланысты көрсету жиілігін алдын-ала есептеп білу қажет, себебі қолданушыға 7-8 жолы бір күнде көрсетілсе, жалықтырып жіберу ықтималдылығы жоғары дейді.
 
Келесі, сессияда интернеттегі-БАҚ-тың цензураға қатысты, Gazeta.kz’тің өкілі Евгения Салагдинова пікір-талас күйінде өзінің презентациясын жасады. Қазнеттегі БАҚтардың дамуы қарқы өте нашар — дейді.  Белсенді БАҚ сайттарының көпшілігі орыс тілді, ол қазнет деп айтуға болмайды деп, тоқ етерін айтты J. { яғни ол рунетке жатады}.
Талқыланған өзекті мәселелер тізімін ұсынайын {тек орыс тілді ақпаратқа қатысты}:
  1. Ақпараттың дәлігі;
  2. Сапалы фоторепортаждың аздығы;
  3. Ақпаратқа талдау жасалмауы;
  4. Рерайттың көптігі;
  5. Ақпаратты көшіріп – салудың көбейуі {түпнұсықасы көрсетілмеген жағдай};
  6. Рунеттегі ақпаратты қайталап басуы;
  7. Редакторлардың техникалық мүмкіндіктері шектеулігі жайлы;
  8. Кей-кездері блоггерлерден ақпаратты рұқсатсыз көшіріп алуы;
  9. Этикалық қағидалар.
Соңғы қатысқан презентацияның бірі, вирусті ролик түсіруге {жасауға} қатысты болды.
“Монтерлік рэп” – атты бейне ролигінің авторы Мақсаттың өзі бастады.
Төменде сол роликті көруге болады:


 
К
еткен шғыны 1600 теңге, өздерінде болған құралдар тізімі:
  1. Canon Power Shot S5 IS;
  2. Sony Vegas pro бағдарламасы;
  3. Shure PG 48 дыбыс құралы;
  4. Adobe audition бағдарламасы.
Соныңа қарай презентацияға қатысқан адамдарды 4 топқа бөліп, қалтафон арқылы вирустік жарнама түсірудің практикалық тәжірибесін болды.
Осымен бітіріп қайттым. Интернеттен тапқан презентациялар, суреттер, бейнелермен төменде бөлісейін деп осында қойып отырмын:
 

View more presentations from Annely Nurkaliyeva
 
 
P.S. Көптеген идеялармен бөлісуге және пікірталастар жасауға мүмкіндік мол болды. Ғаламторда кез-келген әлеуметтік желіде аккаунты бар адамды интернет қолданушысы деп айтуға болады деген тұжырымға келдім. {Ол әр-кімнің қалауы бойынша, өзі таңдаған facebook, google, vkontakte, МойМир секілді қызметтерде тіркелуі мүмкін.}  Қазнеттің дамуы деп қазақ тілді ақпараттың көбею деп есептеймін.


Жарнаманың интернетте деңгейі өсіп келе жатқаны жайлы біраз дәлелдемелер мен санақтар көрсетілді. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет, бірақ алдын ала бекіткен кесте бойынша сессиялар жүруі керек еді, көптеген адамдар күткен презентацияларын өткізіп алды. {өкінішті}
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше