Қимастық сезім ба еді, бұл әлде махаббат па?

Балабақшамен қоштасу. Тәрбиеші 3 жыл тәрбиелеген «Жауқазын» тобымен қоштасты… Өте әсерлі… Аспанға шар ұшырған кезде сондай бір сезім билегені. «Бітіруші түлектер»…

— Қанекей, ары қарай кім балабақшада қалады? кім мектепке кетеді? Соны анықтап алуым керек бүгін, Ата-аналар… — деп Динара апай айтқан кезде Нариман жүгіріп келіп мамасының құлағына сыбырлап кетті… Кейін білсем: — Аружан мектепке барса мектепке барамын, балабақшада қалса мен де қаламын... — деген екен.

Атын көп айтатын еді үйде де. Айтқаны тым қызық, «У» әріпін айтпай Аржан дегенге ұқсайды ма, у әріпін тез айтып кетеді ма біртүрлі… Аружан да мамасына айтады екен. Жастары 6 ға енді келген… "Қаршадай боп..." — деп айтатын апамның сөзі есіме түсіп кетеді…

Қимастық сезім ба еді, бұл әлде махаббат па?


Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше