Исра сүресінің 23-24-аяттары

Аллаһ Тағала былай дейді: «Раббың: “Одан өзге ешкімге құлшылық етпеңдер және ата-аналарыңа игілік жасаңдар!” — деп әмір етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі де қартайып қалса, онда оларға “Уфф!” – деме, айқайлама, бірақ сыпайы сөздермен сөйле. Екеуінің алдында мойынсыну қанатын мейірімменен жайып: “Раббым! Олар мені кішкентайымнан тәрбиелегендері үшін, оларды мейіріміңе бөле”, — деп айт» (Исра сүресі, 23-24-аяттар).

Түсіндірме:

Аллаһ Тағала: «Раббың: “Одан өзге ешкімге құлшылық етпеңдер...!” — деп әмір етті», — деді. Осы сөздер таухидті (бірқұдайшылықты) түсіндіреді, ал ол дегеніміз: Аллаһқа құлшылық етіп, Одан басқа біреуге ғибадат етуді тастау. Бірқұдайшылық дегеніміз – міне осы! Ал енді Аллаһтан өзге біреуге құлшылық етуді қалдырмастан, Оған сиынып жүру жайында айтар болсақ, ол таухид деп аталмайды. Мушриктер (көпқұдайшылар) Аллаһқа құлшылық етіп жүрген, алайда олар Онымен бірге тағы бір нәрселерге ғибадат ететін еді. Сол үшін олар мушиктер боп атанды. Аллаһқа құлшылық етіп қана жүру маңызды емес, бірақ міндетті түрде Аллаһқа құлшылық етіп, Одан басқа біреуге немесе бір нәрсеге табынуды қалдыру қажет. Әйтпесе, адам Аллаһқа құлшылық етуші де, бірқұдайшыл да бола алмайды. Намаз оқып, ораза тұтып, зекет беріп, қажылыққа барып жүрген адам, Аллаһтан өзге біреуге ғибадат етуді тастамаса, мұсылман болып есептелмейді. Оның намазы да, оразасы да, қажылығы да пайда әкелмейді. Себебі, ол кісі Аллаһтың: «Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер және тағуттан аулақ болыңдар» (Нахл сүресі, 36-аят), «Раббың: “Одан өзге ешкімге құлшылық етпеңдер...!” — деп әмір етті» (Исра сүресі, 23-аят) деген аяттарын орындамады.
Бөлісу:

2 пікір