Куәгер...

Сот процессі.Сөз кезегін алған қол-аяғы гипстелген жәбірленуші: Таңғы алтыда тұрып жүгіретін әдетім бар еді. Әдеттегідей жүгіріп бара жатқанымда түйсігім бір нәрсенің боларын сезді.Төбеге қарағанымда көріп үлгергенім тоңазтқыш.Бұрылып үлгергенім ғана есімде…
-Айыпталушы сіз не дейсіз.
Айыпталушы:Іссапардан таңғы алтының кезінде оралсам келіншегімнің түрі алабұртып тұр екен. Сөздері де шашыраңқы.Бірдеңенің болғанын сездім, төсектің астын қарадым жоқ, шифонерде жоқ. Балконға шығып қарасам, мәйкішең бұтында көк дамбалы бар біреу жүгіріп бара жатыр екен. Балконда тұрған тоңазтқышты әлгінің төбесінен тастап жібердім ашумен.
-Куәгер, сіз не дейсіз? Оқиға болғанда қайда болдыңыз?
Куәгер: Мен тоңазтқыштың ішінде болғанмын…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше