Бүгін Қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаевтың туған күні
Қазақ футболының бағына қарай елуінші жылдардың елең-алаң ортасында жасөспірім Тимур халықтық ойын футболды қалады.
Оның спорттық өмірінің өрелі жолы, қанат қаққан қия шыңдары, ойын өрнегі, шеберлік деңгейі футбол қазақтың қанына дарымаған деп әлі күнге көкитіндердің сөзін осыдан жарты ғасыр бұрын-ақ жоққа шығарып қойған-ды.
Отандық футболдың бүгінгі жай-күйі мүшкіл болса, ұлттық құрама халықаралық жарыстарда құлап-сүрінуден жазбаса, оған кінәлі қазақтың қаны мен жаны емес. Оған кінәлі осынау бар халыққа сүйікті спорт түрін дамыта алмай, қаулап өскен қаншама жас түлектердің арасынан кезіндегі Тимурдай таланттарды таба алмай, соларды дұрыс баули алмай отырған футбол төңірегіндегі дарынсыз функционерлер деп білеміз. Әйтпесе, қазақ футболды ешқашан жатырқап, жатсынбаған.
Көкпары, жамбы атуы, жаяу бәйгесі, арқан тартыспағы, асық атыспағы, ат үстінен күміс ілуі, аударыспағы, басқа да қызуқанды спорттық ойындарының неше атасы болған халқымыздың футболды да әу бастан-ақ жанындай сүйгендігіне дәлелдер көп. Таратып айтар болсақ, әңгіме ұзап кетпек. Ал, дәлелдің ең үлкені сол, футбол қазақ өрені Тимур Сегізбаевтың бүкіл тағдырына, ал Сегізбаев қазақ футболының басты тұлғасына айналғандығы.
Мақала толығымен мына жерде.
Сурет: ffk.kz
Пікір жоқ әзірше