Ақпараттан алып отырыңыз!

Былай ғой, нақ-нақ үш ақпаратым бар. Бір сөзді он сөзге көбейтетін өнерімді қоспай-ақ қояйын :-). Біріншісі, “Мінбер” қорының дәстүрлі семинары басталады. Бұйырса.
Алматыда осы айдың 27-28-інде, Астанада маусымның 24-25-інде өтеді деп жоспарлап қойыпты. Енді бұл семинарда миыңызды су қылып, сусабын сатудың тәсілін көрсетпейді.
Су тегінге блог ашудың сырын ашады, ұрыспай үйретеді, теппей түсіндіреді. Асхат әка мен Есенгүл әпшенің инкубаторы басып шыққандардың арасында Ақиық, Тамшы, Тоты, Ербол сияқты аса танымал балапандар болып еді. Сәл уызға жарымай қалғанының өзі Өркенегро дей ме, сондай очм. Қысқасы, блогқа қызығып, аузынан суы кетіп жүрген ағайын, қалыс қалмаңыздар. Доп ақпараты мына жерде (осының алдындағы мына жердені басыңыз).
Екіншісі, ешқашан нан тауып, шай ішіп жүрген жұмысымды құмға жасырған емеспін. Оның Астанадағы “ Халық сөзі” газеті екенін біреу білсе, біреу де біледі))) Тағы да қысқасы, тек қағазда шықпаймыз деп интернет-нұсқасын әзірлегенбіз. “ Абай.кызының” жігіттері әйбат қылып жасады-ау, тек қарпін кішкене қылып, кінәрат жасағаны болмаса. Негізі, сайттың ашылғанына біреу, екеу… 5 айдай болыпты, бетім бір қызармай, “ кеш те болса “ Халсөзниктердің” шығармашылығымен виртуал танысып жүріңіздер” дейм де)).  Кіремін деп жатсаңыздар http://halyksozi.kz/   

Үшіншісі,
газетіміз қызық бәйге жариялаған. Ауыл айтқыштарының қызық әңгімесі болып жатса, halyk-sozi@mail.ru поштасына, болмаса маған жібере берсеңіз де болады. Осы бәйге жағын өзіміздің Әбіләкімнен сұрап алсаңыздар… Шо та сол жігіт көп нәрсе білетін сияқты :-)





Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/05/03/%d0%b0%d2%9b%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%bf-%d0%be%d1%82%d1%8b%d1%80%d1%8b%d2%a3%d1%8b%d0%b7/
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше