Өте-өте әміркандық мистика
Олар қала сыртындағы жалғыз тұрған үйге көшіп келді. Он шақты бөлмеден тұратын алып баспанада енді тек төртеуі ғана тұратын болады. Қаладағы қиын өмірлерін артта қалдырып, әдемі сарайдың иелері атанып шыға келді. Жанұя мүшелерінің қуанышында шек жоқ. Үлкен қызы Дженни өзіне қай бөлмені таңдарын білмей, әрлі-берлі зыр қағып жүр. Кішкентай қызы Джулия үйдің бұрынғы тұрғындарынан қалған ескі қуыршақтармен ойнап отыр. Жаңа ойыншықтар тапқанына ол да мәз. Отағасы Майкл мен әйелі Клара есік алдында жаңа баспаналарына сүйсініп, құшақтасқан күйі тамсана әлденелерді айтып тұр.
Ертесіне риэлтор мен үйдің бұрынғы иесі Джон келді. Жаңа тұрғындардың соңғы шешімдерін білмек. Ал отбасы үйді көрген күні-ақ шешіп қойған: «Үй біздікі! Аламыз!». Қонақтар тағы бір рет үйді аралап, оның бұрынғы иесі Джон осы жерде тұрған кездегі өмірінен аздап сыр шертті:
— Қандай бақытты отбасы болып едік. Мына бөлмеде қарындасым Сара тұратын. Ал мына бөлме қонақтарға арналған қосымша жатын бөлмесі болды. Ал мынау бөлме…
Джон күмілжіп қалды. Әлденені есіне алғандай, демі жиілеп, жұтына берді. Отағасы әйеліне су алып келуді тапсырды да, Джонға қарап:
— Джон, Джон, сізге не болды? Бәрі дұрыс па? – деп сұрады. Джон:
— Жәй демікпем бар еді – деді де, қалтасынан аузында шүмегі бар пластикалық құтыны шығарып, аузына апарып «пыст» еткізді. Сосын отағасына қарап зорлана жымиды.
Ыңғайсыз сәтті сейілтпек болып, отағасы әңгімені басқа арнаға бұрды:
— Джон, қазір отбасыңыз қайда? Көшіп кетуге не себеп болды? – деп сұрады. Джонның жанары жер шұқыды.
— Ол… Олар енді жоқ, — деді ол.
Тағы да ыңғайсыз жағдайға тап болған отағасы:
— Оууу, ам сорри! – деп аяныш білдірген дауыспен басын шайқады.
Көп кешікпей тамақ та дайын болды. Бәрі көңілдене үстел маңына жайғасты. Күлімсіреп ас қамдап жүрген Клара Дженниге бұрылып:
— Қымбаттым, Джулияны да шақыр – деді.
— Джулия қайда еді? – деп қарсы сұрақ қойды Дженни.
— Жоғарыда ойнап жүрген еді, барып алып келе ғой, жаным, — деді Дженни.
— Қазір, мама!
Дженни ағаш баспалдақпен ойнақтай жүгіріп жоғары көтерілді. «Джулия! Джулия! Қайдасың?» деп айқайлап келеді. Үш жасар Джулия табылмады. Дженни бөлмелерді кезекпен ашып қарай бастады.
— Джулия? – деп бірінші есікті ашты. Ешкім жоқ.
— Джулия? – деп екінші есікті ашты. Онда да ешкім жоқ.
— Джулия, сен қайдасың? – деп үшінші есіктің тұтқасына қол соза беріп еді, бөлменің ішінен сықылықтап күлген дыбыс естілді.
— Ә, мында екенсің ғой – деп қуанып кеткен Джулия есікті аша беріп еді:
— Жоқ! – деп артынан айқайлаған дыбыс естілді. Джон екен. Кішкентай Джулияны көтеріп тұр. – Жоқ. Ол есікті ашпа. Ешқашан!
Арада бір апта өтті. Жақын маңдағы қаладан (таун?) азық-түлік алып келмек болып Майкл мен Клара жол жүріп кетті. Үйде қыздары ғана қалды. Джулия былдырлап ескі қуыршақтармен ойнап отыр. Дженни теледидар көріп отырып мүлгіп кетті. Бір мезгілде тақтайы көнерген еденнің сықырлаған дыбысы естілді. Темір табан етікпен біреу жоғарғы қабатта жүрген сияқты. Дженни орнынан тұрып, тағы да үйді аралай бастады:
— Хеллоу? Кім бар мұнда? Дәд? Мамми? Джулия, бұл сен ба?
Дженни есіктерді тағы да ашып қарай бастады. Бірінші бөлменің есігін ашты. Ешкім жоқ. Екінші бөлменің есігін ашты. Онда да ешкім жоқ. Үшінші есікке таяды. Ашуға батылы жетпей біраз тұрды. Ақыры көрермендерін зарықтырғанын білген соң, есіктің тұтқасына қол созды. Тұтқаны ұстап, тағы тұрды. Бұл жерде енді Әщөктің шыдамы таусылып кетті де:
— Өй, ептібаймат, ашсайш есікті! – деп айқайлап жіберді.
Үй ішіндегі адамдардың бәрі селк етті. Әщөк жарықты қосты да:
— Кәне, әжетханаға кім барғысы келеді? – деп ыржалақтап сыртты нұсқады. Сыртта түнгі сағат бірдің шамасы болатын. Әрине ешкім барғысы келмейді. Бәріміз қуықтарын ұстаған күйі ұйқыға кеттік, голливудынсстың.

Пікір жоқ әзірше