Ақын болғым келмейді...

Ақын болғым келмейді, өлеңім бар,
Өлеңім бар, қажетті көлемін ал,
Адам болғым келеді, адам болғым,
Бұл жалғанға бір-ақ рет келемін-ау.
Арам болғым келмейді-ау, ұятым бар,
Кетсін әрмен отқа май құятындар,
Мен өлгенде тәнімді жерге көміп,
Қу дүние-ай, сый қылып ұятымды ал.
Бастық шықпас, болмаймын, бата алмаймын,
Мүдделесті «бақ» үшін сата алмаймын,
Кішілермен қырлысып қырық пышақ,
Үлкендердің «астына жата алмаймын».
Болса дағы жүрегі мейірімді,
Дәрігердің, байқасақ, күйі мұңды,
Сынған қолға ағаш сап, түзетсемде,
Жинай алман, өлген жан, киіміңді.
Өмірінде көрмеген жоқ саласы,
Журналистер қоғамның бейшарасы.
Көз алдында халықтың қорғаны ол,
Қолындағы биіктің гитарасы.
Кейін қарай, ей көңіл, тартасыңба.
Жоғалмаған қадір бар әр тасыңда.
Дүниенің халыққа бақ болуы,
Дөңгелеткен адамның арқасында
©Ернар Сейтахмет

Дүйсенбі. Екінші пардың кезі. Түсінуі қиындар үшін, таңғы 9.30-дар шамасы.

Елбасы Қазақстан халқына жолдауында арнайы жастарға қарата: «Мен, бүгінгі жастар, сіздердің ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер, тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер» – деп, Қазақтың бес елі бағына орай туып, төрт елі маңдайына симай кеткен Ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев құсап жастарға деген сенімінен жаңылмады. Сенім жүгін арқалаған жастардың жағдайы қалай...