Жарияланымдар

neoaskar
кейбір ырымдар ойдан шығарылған. мысалы, сыпырғыны түргетіп қойма дейді. түргесе не болады екен-ей.
ал, басқалай, түнде тамақ салынған ыдыстың бетін ашық қалдырма дейді. бұл енді рас. ішіне қоқыс түседі ашық қалса. сенбесеңдер таза сүтті түнде ашық қалдырып азанда қараңдар. бетінде шаң жатады.
neoaskar
«алу» кетіп қалды байқамай, "қосуды" басамын деп едім.
neoaskar
Әкемнің бір кісіні алып ұрғанын көргенмін кішкентай кезімде. бойы аласа болса да қайратты. сол көріністен кейін, қорқыныш деген болған жоқ. әкем біреу тиіссе сындырып тастайтындай көрінетін. қазір 70-ке таяп қалды. әлі тың. Құдай қуат берсін!
neoaskar
осыны жатып келіп ойландым енді, неге бізде танылмады, неге бізде емес, басқа жерде де осындай деңгейде танылмады деп, біздің анау сынағыштар сынап-сынап тастағандарын да қарап шықтым да, бір тоқтамға келдім. әказиватца, микрофоннан екен ғой, біздегі микрофондардың сапасы нашар, дауысын аша алмаған да, қытайға барып таза сапалы микрофонмен айтқанда жұртты талдырып тастаған ғой. ))) Әзіл шынымен.
«Жетістік — 10 пайыз талант, 99 пайыз еңбек» негізі.
neoaskar
5. Жетістікке қуаныңыз
Болмашы нәрсе, кішкентай жетістік демей әр табысыңызға қуаныңыз. Оны иемденіңіз. Атап өтіңіз. «Жуу» дәстүрін ұстаныңыз. Бұл маңызды!
осы әдіс ұнады. кейде үйде болмайтын дүниені атап өтеміз. негізі болмашы нәрсе де емес, айлап немесе апталап күткен жобамыз. балалар бір қуанып қалады әйтеуі.
neoaskar
жер үй болса, онда үйдің сыртын пеноплекспен қаптаңыз, сол дұрыс. ал, этаж үй болса ол жағын білмеймін. онда тұрып көрмедім. пеноплекстің сыртын өз қалауыңызша қаптай беріңіз, зонтикті сеткінің сыртына жіберіңіз, сеткіні зонтиктің сыртынан жіберіп, клей ұстайды деп ойласаңыз қатты қателесесіз, бір шеті шықса болды, түгелдей түсіп қалады.
neoaskar
Иә, аяыншы жағдай. сол кезде кімнің басына не түспеді дейсің. Машинаны моторымен өткізген кездер болды ғой. бала кзедегі достық ешқашан ұмытылмайды. әсерлі екен.
neoaskar
неге терезе хр-ді неге жәй істетіп тастайды. осыны орнатсам компын жәй істеп қалады
neoaskar
Эльвира еркексің… Мұндайды жасап көру үшін жүректе түк болу керек шығар. Жарайсың, мықты қырынан көрсеттің
neoaskar
Өзіңіз туралы толық мағлұмат берсеңіз, танысулар көбейе түседі.
neoaskar
Сіз Бақыттысыз! Әкенің мұндай қамқорлығын көрген. Әрине, әкенің орны шын бөлек. Әке асқар тау ғой, басымызға пана болған, желді күні сая болған.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) неге алдымен шешеге сосын әкеге құрмет көрсету керек деп айтқанын білесіз бе?! Өйткені, әкелер жүрегі мықты жандар ғой. Рухани мықты деп кейде әйелдерді айтып жатады. ол дұрыс емес, негізгі мықтылар нағыз әкелер (мен әке атанып, әкелік мейірім мен қамқорлықты бере алмайтындар қосып тұрғаным жоқ). Әке ең сабырлы, ең жақсы адамдар. Аналарымыз бен әкелеріміз аман болсын, ауырмасын.
Оқып отырып жылап алдым.
neoaskar
2:43. "Ішіне Алла тағала салып қояды" дұрыс жауабы қызға кәмпит берілсін.
neoaskar
мына қыздың қолынан шай ішу керек екен.,
айтпақшы, ішемін десеңдер, шәй қатарына жатқызуға болып, болмайтынын білмеймін, жантақтың гүлін ішсеңдер жынды кетеді, демдеу әдірі қарапайым, жантақ гүлін жинап аласыз да, оны бір қасығын салып, үстіне 82 градус ыстық су құясыз, 2-3 минут кесені сүртіңіз де, іше беріңіз.
neoaskar
Шаш сипар деген бар еді, жал сипарға ауысып кеткен бе, нақ
neoaskar
«Аспан балалары» деген кино бар. инеттен «Дети небес» деп іздеп көр. Қазақстан телеарнасынан қазақшасын көрген едік. керемет кино. орысшасын өзім онша ұнатпадым. (қазақшасын көріп қойғаннан кейін)
neoaskar
Қап, мына мысықтардың біреуі керек еді маған, үйге тышқан бар.
neoaskar
Көрдім жақсы кино, бала түсінігі қиын ғой, бала болған соң білеміз да. кезінде бізді де үлкендер түсінбейтін. не түсінгісі келмейді, ал мына кинода обшым баланы түсінбейді ғой, қайдан білсін. баланың көз алдында әріптердің билейтінін.