Жарияланымдар

ademi_alem
Адамдар жалғыздықтан қорқады, сол үшін жұп болып өмір сүргісі келеді. Дәм-тұзы жараспай, ажырасып кеткен жандардың өзі кейін өзге адаммен көңіл жарастырып, қайтадан отбасы құрғанын көріп жүрміз. Еркіндіктің, ешкімге тәуелді болмаудың қандай жақсы екенін сол дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткен адамдардан артық ешкім білмес, бірақ олар соны біле тұра неге қайтадан жұп іздейді, неге қайтадан отбасы құруға талпынады деп ойлайсыз?
ademi_alem
1.
қаланың жасыл болуы себебі — экологиясының нашарлығында,
деген сөйлеміңізді түсіндіріп жіберсеңіз.
2. Мына жазбаңызға жауап жазба жазамын. ))))))) бармаған жерлеріңізді көресіз.
3. Өскеменнің қай шетіне барсаңыз да әсем табиғат, Небары 30-60 минут ішінде жетуге болатын және жақсылап демалуға болатын, қарасаң көз тоймайтын жерлер өте көп. Кеше Өскеменнен шамамен 70-75 шақырымдық жердегі Дұбығалы көліне бардық.





ademi_alem
Жұмсақ ойыншықтардың бағасы 2 500 теңгеден, ал себеттердің бағасы 1 500 теңгеден басталады.
ademi_alem
Шымкенттіктер шығыстықтардың неге әкеден боқтайтындарына таң қалады, ал шығыстықтар шымкенттіктердің неге шешеден боқтайтындарына таң қалады. ))))))))
ademi_alem
Ой Алла ))))) мен өзім де қиялдың әсері ме деп ойлайтынмын, бірақ наркоздан кейін олай ойламаймын. Қазіргі уақытта мені осыған ұқсас жағдайлар қатты қызықтырып жүр. Түсінгім келеді. Бір досым Малайзияға оқуға кеткен. Олар сол жақта орман ішіне барыпты. Фотоға түсіпті. Сөйтіп бөлмелеріне келіп фотоаппараттағы фотоларды қарап отырып қызық жайды көріпті. Әлгі досым тұр қасындағы группаластарымен. Бәрі бір-біріне қарап тұр дөңгелек шеңберленіп. Ал сол досыма қарама қарсы сол досым тұр. )))))))))) Түсіндіре алдым ба?
ademi_alem
Наркоз салғаннан кейін неше сағаттан кейін ояндыңыз? Ал мен наркоздан кейін оянғанға дейін өте қызық күйде болдым. Наркоз салғаннан кейін неше секунд, минут өткенін білмеймін, әйтеуір жаным денемнен бөлінгенін сездім. Еш жерім ауырмады, ештеңе сезбедім, не жылағың не күлгің келмейтін ештеңені қажет етпейтін бір рахат күй. Сөзбен түсіндіріп айта алмаймын. Содан бастап әлі күнге дейін өлгеннен кейін үнемі сондай күйде боламыз ба, әлде қырық күн ғана солай болып ары қарай басқаша нәрсе бола ма деп ойлаймын. Палатаға апарып, төсекке қалай жатқызғандарын бәрін өзім төбемнен қарап тұрдым. Сосын денеме кірдім. Басымды көтеріп отырғым келді, сосын басымды көтеріп отырдым, бірақ денем құлап қала береді. Денемнің салмағы бір тонна сияқты өте ауыр болды, оны көтеріп отыру да қиынға соқты. Адамның денесі киім сияқты ғана екенін, МЕН деген менін денем емес ЖАНым екенін сөзбен емес, іс жүзінде түсініп шықтым.
ademi_alem
Араларыңызда наркозбен операция жасалғандар бар ма? Қандай күйде болып, не сезіп, не көрдіңіздер, айтыңыздаршы а.
ademi_alem
)))))))))) қызық. Біз биыл жер үйге көштік, әзірге үй ішіне су тартылған жоқ. Бірде пәтер жалдап жүрген құрбым ол пәтерде кір жуатын машина жоқ екенін, кір жуудан шаршап жүргенін, кейде дәл сіз сияқты кір жуу үшін басқа пәтер жалдайтынын айтты. Бір сағатқа 2500 теңгелік пәтер тауып алыпты. )))))))) Содан өзімнің кірмашинамды оның жалдап жатқан пәтеріне апарып қойдық. Енді оған да, маған да жақсы. Мен де үлкен кірлерімді соның пәтеріне барып жуып алатын боламын. ))))))))))))))))))
ademi_alem
Менде бұрын жиі болатын. Ондай жағдайда бар дауысыммен айғайлауға тырысамын. Дауысым шықпай жатқан сияқты болып көрінеді, бірақ шын мәнінде айғайлаймын екен. Бір рет Күршім ауданына командировкаға бардық. Қонақ үйге қондық. Түнде көзімді ашсам, өзім төсекте ұйықтап жатырмын, ал мен оған қарап отырмын. Шошып кетіп айғайладым. Қасымдағы төсекте жатқан Мадинаны оятайын деп оның жанына бардым. Оны түртіп оятайын десем, ол сезбейді. Тумбочканың үстінде бір кружка тур екен, сосын соны кулатайын деп ойладым. Бірақ оны да құлата алмадым. Сосын төсекте ұйықтап жатқан мені жұлқылауға тырыстым, бірақ жұлқылай алмаймын. Сосын бар дауысыммен шыңғыруға тырыстым, бірақ дауысым ешкімге естілмегендей көрінді. Бір кезде біз жатқан бөлмені біреу тоқылдатып, содан оянып кеттім. Қарасам қасымда Мадина маған қорқынышпен қарап отыр. Есік сыртынан „Бәрі дұрыс па?„ деген дауыс шықты. Сөйтсек, көрші бөлмеде жатқан адамдар екен. „Бәрі жақсы„ дедім дауыстап. Мадина маған „Біреу сені бауыздап өлтіріп жатқандай шыңғырдың„ деді. Мен қайтадан ұйықтап қалдым, ал Мадина сол түні ары қарай ұйықтамапты менің дауысымнан қорқып. ))) Алматыда мектеп-интернатта оқып жүргенде де сондай болған. Қасымдағы қыздар менімен бір бөлмеде жатқылары келмейтінін айтып, басқа бөлмеге ауыстым. Ол бөлмеде де солай болды, бірақ қасымдағы қыздар түсіністікпен қарайтын. Өзімді жаман сезініп, мектептен шығып кетпекші болдым, сосын мектеп психологымен сөйлестім. Оның кеңесімен тәрбиешім екеуміз бөлмеге магнитофон алып келіп, сүре, аят жазылған кассетаны қосып, соны бірге қайталап айтып жүрдім. Содан басылды.
ademi_alem
Дайын болмағам, дайын емеспін, дайын болмаймын да. )))))
ademi_alem
Кейде кейбір адамдар „Бұрынғы әйелдер қолымен кір де жуатын, еден де жуатын, базарға барып азық-түлік алып келетін, бес-алты балаға қарайтын, тамақ жасап үлгеретін„ деп айтып жатады ғой. Негізі сол кездегі әйелдер жұмыс істемей үйде отырған сияқты. Әйтпесе дәл қазіргі қоғамда қалыптасқандай жолдасы таңнан кешке дейін жұмыста болса, әйелі де таңнан кешке дейін жұмыста болады. Көбі жұмыста болғысы келгендіктен емес, мақсат-арманға бірге жету үшін, күйеуіне демеу болу үшін шығады. Бірақ соған қарамастан кейбір ағайлар әйелдеріне „Неге тамақ уақытылы дайын емес? Неге анай солай емес, мынау бұлай емес. Ол сенің міндетің!„ деп ренжіп жатады ғой. Бұл ренжу өте орынсыз деп ойлаймын. Күйеуімен бірге жұмыс істеу де әйелінің міндеті емес, бірақ ол есептеспейді ғой олар. Үйде күнде кешкісін жиналып қалатын мусор болса, таңертең ала шық та қоқыс жәшігіне тастай кет. Демалыс күні бала-шаға аяққа оратылып жүргенде әйел үйге уборка жасап жатқанда не балаларды далаға шығара тур серуендетіп немесе ол шаң сүртіп жатса сен шаңсорғышпен шаң сора сал. Онда тұрған не бар деп ойлаймын. Бала да ата-анаға қарап өседі, ерлі-зайыптылар бір-біріне демеу болып, бір-бірін құрметтесе баласы да сондай болып өспей ме?
ademi_alem
Жұмыста отырып тоқтай алмай күліп алдым. ))))))) Ваще екен
ademi_alem
Оқасы жоқ. Жарияламас бұрын маған жіберіп, түзетіп алсаңыз болады. Негізі төте жазуды да оқи аламын, бірақ төте жазу қаламсаппен емес, клавиатурамен терілген болса.
ademi_alem
Өмірде дәл осылай болуы мүмкін бе екен? Не деген жолы болғыш адам.