Жарияланымдар

Nurkoke
Бокс, күрес, каратэ ұнайды.Мәңгүрттен гөрі мамбет ұнайды.Киноны аздап бокс көргендей эмоциямен көрген ұнайды.Арақ ішу ұнамайды, Айзерені білмеймін, бірақ естіген сияқтымын.
Nurkoke
Түсінеміз ғой, ешкім періште емес.Ораза ұстаушы ауызын жапқанда, сыра ішушілер де жапса әділетті болатын сияқты,өз ойымша.
Nurkoke
Ауыз ашқаннан кейін ішсең, сәл де болса уважение болатын шығар.Жалпы қай уақытта ішсең де күнә ғой.
Nurkoke
Жақсы болды ғой.Ораза қабыл болсын ұстаған жан!
Nurkoke
Сапарда жүргенде оразаны бұзғанда,қарызын өтеу керек қой, солай емес пе? Сосын 1 күн ораза ұстаса да сауап па?
Nurkoke
Ауыз ашарда тілек тілеуге бола ма, мәселен туыстарға денсаулық сұрап, оқуға түссін тағы басқалар.
Nurkoke
Иә, көре алмау қызғаныш уыттары да ауруға ұшыратады деп естігенмін.
Nurkoke
Елес, дыбыс есту туралы дәрігерге айтушы болмаңдар, олар бірден Ш.деген диагноз қояды.Діни тұрғыдан Аятул Курси және Бақара сүресінің соңғы екі аятын оқыңдар немесе жандарыңда ұстаңдар.Жалпы түнде Бақара сүресінің соңғы екі аятын оқыған адамға ешқандай пәле, жамандық жоламайды.
Nurkoke
Бәрі жасанды болып шығады ғой бізде,қайбір келіскен кино дейсің! Айдан Шенер ме еді, оның сериалы нешеде,қай каналда?
Nurkoke
Жалпы өмірде болады ғой, басқа ұлтқа ғашық болу, просто патриотпыз, мойындамаймыз ондай махаббатты.Шындарыңды айтыңдаршы басқа ұлтқа өмірлеріңде ғашық болып көрдіңдер ме?
Nurkoke
Іс тігіп отырған ешкім жоқ, ине қайдан келеді, сондай арам оймен тастайды.Орындықтың астына өзінен өзі шаншылмайды ғой.Сосын тағы бір таң қалатыным менің столыма ешкім жоламайды, кабинетім бөлек, ал келгендер қатар қатар тізілген орындыққа немесе келгендерге арналған столдың жанына отырады.Өзім жвачка шайнамаймын, бірақ столымның астынан үнемі жапсырылған жвачка табамын, орындықтардан да.Үлкен бастық емеспін менің кішкентай ғана орынымды осыншама қызғанып, кабинетке кеп, мұқым үй жайға ине тастап қара ниеттеніп жүргендер,әбден дәндеген,қастықтары тиіп жатады ғой.
Nurkoke
айтқаны дәл кетіп жататын адамды аузы дуалы дейді.Ал дуаланған дегенге келсек ол жағы бар.Жұмысымызда біз ине ұстамаймыз, ондай жұмыс емес қағазбастымыз, алайда үнемі стол, шкаф бәрінен тот басқан ине тауып жүреміз, тіпті орындықтың астынан да инелер таптық.Мұның қара ниетпен жасалған дұғалау.Еден жуушымыз еден жуғанда теріп алып жүруші еді, бір күні жұмысқа келсек дөйдала сөйлеп отыр, швабраны лақтырып тастаған, содан ауру адам сияқты болып кетті, тазалық жұмысын өте жаман атқаратын болды, бірдеме десең көп сөйлеп миды ашытады,ұрыс шығарады.Шыдап жүрміз, ол қара ниет құрбаны болғанын ұқтық, көбі аурушаң болып кетті.
Nurkoke
Қазіргі қатындардікі еркелік дейін десем, бала табу оңай емес, кәдімгі фашистердің партизандарды қинауы сияқты.Гестапоға келгендей боласың, сұмдық!!!
Nurkoke
Мен жерік болғам жоқ, бірақ кейіннен ұлымның аузынан 4 жасқа дейін су ақты.неге жерік болғанымды білмеген болуым керек.Әйтеуір бір келіншектің үйіне барып шәй ішкім келе беретін, ол кергіп дұрыс шәй бермейтін, бір күні умывальнигіне қарап жүрегім айнып,қайтып бармай кеттім.Ал жігіттер манты жегісі келсе жігітшілік деп аталады ғой.Бірақ қартайғанда да сүйкімсіз кейіптеріне қарамай қылмыңдап кетеді екен,өткенде бір ардагерге укол салып жатса, медсестраның аяғын сипап әлек дейді, еще өзін рекламалап қояды дейді.Ардагер болған соң өзін әрең ұстапты, жақтан бір салғым келді дейді.Сондықтан жас күніңде ойнас құрсаң қартайғанда қоя алмассыңның кері болып жүрмеңдер.
Nurkoke
Қара жорға қазақ биі.Поляк, орыс саяхатшылары баяғы заманда, солай деп жазып суретін салып кеткен.Бір кітаптан көргем біреу домбыра тартып,қалғаны билеп жүр.Моңғол биіне ұқсас деп жазылған,қос қостан билеу қазақтарға ғана тән деп жазыпты.Қылтыңдаса несі бар,қылтыңдап, сылтыңдап үйленіп, балалы шағалы болады.Қазақтар періште емес қой, шапандарын жамылып алып тарихи кітаптарда шайқап жүреді ғой әйтеу.
Nurkoke
Басында бір екі рет, ортасында бір рет қарағам,қазір мүлде қарауды қойдым.Менің қызым да биыл қатысам деп жінігіп жүр, көрерміз.
Nurkoke
Суицид! Жастар арасында өршіп тұр.Алда ЕНТ,11 сыныптарға имаммен кездесу өткізіп осы тақырыпта шара өткізейін деп едім,үш дыбыс рұқсат бермеді.Жақында ғана 11 сынып оқушысы өзі қалаған әскери оқуға денсаулығы жарамай қалыпты, елдің өсегіне қарағанда өгей әкесімен де проблема болыпты деседі.Сол бала блогқа былай деп жазыпты:„сука, асылам„, одан кейін 25 минуттан соң „Мен агентке соңғы рет кіріп отырмын, сау болыңдар, достар!„ деп жазыпты,өзім оқыдым.Сол күні сол сәтте Мония деген қыз, оның сөзіне нравится деген белгі қойыпты.Ертеңінде „неге өйттің,өміріміз жаңа ғана басталып еді ғой„-деп жазыпты.1жұмадан кейін 11 жастағы бала өзіне қол жұмсап қайтыс болды.Өлем деп айта беретіндер расымен де өліп жатыр, кәлмианы құлақтарына құйып қою керек екен, мақала жақсы жазылған.
Nurkoke
Қара Жорға жақсы болды, а то биіміз жоқ сияқты ұят болып жүр еді.
Nurkoke
Қазақтың небір жақсы жайсаң жігіттері арақтың құлына айналады, көбінің басы қатты істейді, бірақ араққа салынады.Әйелдерінен аса алмайды, келіншектері жардай болып семіріп алады, жанында сүмең сүмең, изең изең етіп келе жатады, ал әйелдері қырып жіберердей болып алшаң алшаң етіп таудай болып келе жатады да, жанында бір уыс боп жүргені қазақ жігіттерінің.Үйленбей тұрғанда да ,қазақтың ұзын қыздарының белінен келіп келе жатады, сенбесеңдер„Екі Жұлдыз„ бағдарламасын көріңдер.пікір айтса да әйеліне жалтақтап отырады, жақпай қалам ба деп.Туыстарының үйлну тойына да өз қалаған ақшасын бере алмайды,қоқаңдап ұрыс шығарады, бірақ артынан жалынып жалпайып бітеді.Сесімен ықтыратындар аз.Спортты да қыздардан аз қарайтын болу керек,әйтпесе жаман француздан жақсы қазақ жеңіліп қалды бокстан, неге тырс еткен дыбыс жоқ мұнда!Өйткені спорт керек емес.Жасықтау сүйетін қыздарының алдында бір ауыз сөз айта алмайды.