Өлім алдындағы картина
Бұл картинаны бір жапон қызы өз өзіне қол жұмсаудың алдында салып кеткен деседі. Суретке 5 минуттан артық тесіліп қарау мүмкін емес деседі ел артындағы аңызда. Тіпті кейбір адамдар осы суретті көргеннен кейін өздеріне қол жұмсапты. Өзім көрмес бұрын бұл ақпардың растығын сендер арқылы тексеріп алғым келді. Көріп болған соң пікір айтыңдар :)
Соңына қарай жапондық тосын хоррор көрем бе деп дәметіп едім… Не болғанын… Көзі қарақты қарарман өзі бағамдасын… :)
Жасөспірімдер тура «промакашка- сорғыш қағаз» ғой, қалай әкеліп көрсетсең, солай тез сіңіріп алады.
Ал мына видеоны сол күйінде қалдырып, музыкасы мен жазуларын өзгертіп, өмірге құштар жандарға, махаббатқа арналған деп комментарий берсең, қабылдау түрі 180 градусқа өзгереді. Видеоны жақсы қабылдайды.
Қазнетке позитивті, жақсы материалдар салғандарың келешек ұрпақ алдында маңызды деп ойлаймын. Кешегі Дабайликстің басқосуында осындай әңгіменің шеті шықты-ау деймін, әлде Асхат құрастырған кітапшадан оқып қалдым ба?!
негативтерді /суицид/ көп салатын болдың бар ғой. Сені қатты толғандырды ау осы мәселе…
Дін туралы мәселелерден өлімге ауысыпты жалпы тақырып аясы, байқағаным. Негізі өлімді жиі еске алып тұрған адамдарға көп пайдалы. Ол белгілі нәрсе, бірақ мен видеоны бүгін қарағым келмеді, таң атпай көріп алып бүкіл күнімнің көңіл күйін құртпайын деп. Бір кездері қытайлықтардың сәби етін жегенін көріп, бірнеше күн біртүрлі боп қалғаным бар, сол есіме түсті.
Кешеден бері өзі күн жарқырап бізде, жайма шуақ көктем болып тұр. Ақыры күнді де көрдік ау, шүкір :)