Х-Factor кім?
Өзіме келер болсам, бірауыздан Дария Ғабдул дер едім. Бойында әншілік дарындылықпен қатар қазақи биязылық, ұстамдылық, ақылдылық тұнып тұр. Жүргізушілер қойған сұрақтарға ойланып жауап беріп, жалпы әрбір жүріс-тұрысын қадағалап, елдің көзайымына айналып келеді.
Жалпы шоу жайлы айтар болсам, бұрындары басталып, жалғасын таппаған Superstar.kz-ке келеді. Сол арқылы қазіргі қазақ эстрадасына біраз әнші жастарымыз жол тартты емес пе. Тоқтап қалмай, X-Factor сияқты болып жалғасын тапқанға қуаныштымыз. Барлық өнер ел арасынан шығады. Бастысы көре білу керек.
Алайда осы жолы таңдалып алынған барлығы менің көңілімнен толықтай шықты дей алмаймын. Бастапқыда Әсел Қарсыбаева да ұнап жүр еді, бірақ оның қазақ өлеңдерін шет ел мотивіне салып орындап кететін тұстары, және өзін-өзі сахнада ұстауы ұнамай кетті. Біртүрлі киімімен қоса, жан-тәнін бәрі ашық сияқты болады да тұрады.
Юрий Мухортов – нағыз шоудың адамы. Сахна өнерін жақсы түсінеді, біледі, ойнай алады.
Руслан Кривенков – әлі де өзінің бағытын таппаған сияқты. Не рок, не попса айтарын білмей, әлі жоғалып жүр.
Эльдар Мырзағалиев – меніңше оған хип-хоп айтқан жарасады. Егер сондай типтегі топ ашылса, сонда солист болуы әбден мүмкін.
Дария Акпарова – бұл қызды мен сонау Суперстар кезеңінен білемін. Даусы жақсы болғанымен, әлі де эстрадаға жол ашылмай келеді. Проект бойында айтқан «Мен – қазақпын!» әні тіптен ұят жағдай болды. Шет елдік рэптің өзін айна-қатесіз айтып шығатын шығар, сол себепті де Дарияның бұл олқылығын қазақ көрермендері кешіре алмаса керек.
Абдулкарим Каримов – бұл да Руслан Кривенковтың кебін киген. «Ғашық бола ма осылай?» деген Батырдың әнін мәәәз болып айтып шыққанына қарап, ішім ашып отырды. Тіптен өзі не айтып, не қойып жатқанын түсінбесе керек. Ал мұндайды көрермен тасада қалдырмайды. Әлі де үйренері көөөп, әсіресе қазақ тілін ))
Топтар арасынан ешкімді бөліп айта алмаймын. Қанша топ болды, ешқайсы менің фаворитіме айнала алмады. Бәлкім вокалдың мамандары менімен келіспес, болашақта жарқ етіп шығып жатса мен тек қуанамын.
Сонымен қатар тағы бір минус – шоудың тек орыс тілінде ғана жүргізілетіндігінде. Осында аулдың бір қара баласы келсе, сұхбат барысында не айтарын білмей, ұяттан безер еді. Әзірге бәрі орысша сайрап, ұйымдастырушылардың жолы болып тұр…
Сөйткенше X-factor-ды анықтауға да аз уақыт қалды. Барлығымыздың намысымызды жерге таптатпай Дария Ғабдул жеңеді деп сенемін! ))
)))))))))))))))))))))))))))))))))
Дауыс дегені енді тыңдап отырсам (кей әндерін) «мурашки по коже». Керемет енді не болса да)))
Сол қыз жеңіп шықса, супер болушы еді!!!
Асель дегені енді өткенде бір сетка көйлек киіп, ужас, слов нет!
Сахнаны көтере алмайды дейді ондайларды. Өзі оның үстіні мұғалім екен.
Қалғандарын ұнатпаймын. Маған кең диапазонды, мықты дауысты әншілер не болмаса бар жанын салып, жүрегімен айтатындар ұнайды.))
Дария, алға! АЛЛА қолдасын!!!