Таңдаулы

Basic
Пах, шығыс көрген деген пост жазғым кеп кетті *lol* *lol*
Aldeken
ақшаға келіскендерді ше?
Ал, шынына келсек, о баста ақша-тауар қатынасы, яғни сатып алу тауар-тауар қатынасынан, яғни айырбастаудан бастау алған. демек, ақшаға сатып алуды айырбастау процессі ретінде қарастыруға толық негіз бар, яғни секс ақшаға айырбастап алынады, себеп, бір жақта секс бар да, ақша жоқ, екінші жағында керісінше, ақша бар да секс жоқ (ну, жетіңкіремейді дейік, себебі, "қол өнері" қашан да өз нарқын жоймайтыны рас.), нарық заңдылығына сәйкес әркім өзінде артығымен тұрғанды, басқа біреуде артық, ал, өзіне жетпей тұрған затына, қызметіне, айырбастап алады. уоооот, ал, олай болса, сенің келісіммен, яғни көркем мінезің, жентелмендік әрекеттерің, әуезді үніңмен дыбыстап берген әсем сөздеріңмен баурап келісімін алған сексің де, құрғақ практицизм тұрғысынан алғанда, баналды түрдегі айырбас болып шығады. Яғни, сен сексті әлгі көркем мінезіңе, жентелмендік әрекеттеріңе айырбастап аласың. Қорытынды: ақшаға алынған секс — айырбасталған секс, келісіммен алынған секс — айырбасталған секс. демек, сатып алынған секс те, сөзбен сындырып алынған секс те — айырбасқа алынған секс.
Пы.сы. неткен аянышты едің, Аза…
Aldeken
ой осы сенің нұсқаң мен менің нұсқам екі жарты бір бүтін болуға сұранып тұрған сияқты ма, қалай өзі.

мыс.
Бас-басыңа қыз қайда, кейбіреуің қатын ал, бас-басыңа бай қайда, шал да болса тиіп ал десең келетін секілді, ия?
Jansarai
ЗООБАҚТАҒЫ МҰҢДАСУ

Кеше сенің бабаларың көк бөрі,
Көк түріктің киесі еді көп-көрім.
Азығы оның арқар еді аймүйіз.
Иесі оның тәңір еді көктегі.

Кеше сен де абадан ең, арлан ең.
Көк шуланнан бөлтірік боп қалған ең.
Көкжал болып көпке қиқу салған ең,
Көп мергенге мызғу бермес арман ең.

Кеше сенің мекенің ед қу далам.
Ұлуыңнан ұйыған ел шулаған.
Табын көрсең көзіңді қан талаған,
Тырп еткізбей тайды бассаң тулаған.

Бүгін сенің келешегің көмескі,
Тордағы түр – тоқал туған көк ешкі,
Көрмеп едің қорек етіп көк етті,
Қара қанден сырттан үріп қор етті.

Амал нешік, қазір ғаріп, тордасың,
Азық етіп атала мен жармасын.
Сенің жауың — әлі де адам айлакер,
Сенің кегің – қазір қақпан, қорғасын.

От бастың да ойран салған отармен,
Қоштастың ба қорған таулар, жотаңмен?
О, Көк бөрі!
Неткен ұқсас тағдырың
«Азаттық!» — деп түрмеде өлген атаммен.
totiya
жігіттер жеңілтек қыздармен жүріп салмақтв қвздарға үйленеді
дегенді естіген жеңілтек қыздар салмақ қосамыз деп аяғы ауыр болып куйеуге шыгып жатыр… мен де салмақ қосам ау деймін.
Abilakim
ұлт жайлы сөз қозғап отырып «жанды»деген тіркесті қоспайықшы. Ұғымды тарылтып тастайды. "Қатынжанды",«малжанды» дегендей.
Әр адам ұлтшыл болуы керек. Неміс немісті жақсы көрсе ұлтшыл емес, орыстың орысқа бүйрегі бұрса заңдылық тәрізді, бәрі өз ұлтын жақсы көреді. Енді келіп қазақ қазақты іш тартып, ұлтшыл бола қалсақ, осы атауды келіп телиміз. Қорқатын несі бар? ал, ұлтшылмыз.Кесіп алады ма біреу?
Бұл сөзді Сталин заманында санамызға теріс сіңдіріп жіберген, әйтпесе қорқынышты сөз емес.Әсіреұлтшылдықтан сақтасын.
Marationok
Уақиә (Құлайтындар) сүресі: 15-36 аяттар.

Безенген тақтар үстінде. (15)
Олардың үстінде ерсілі-қарсылы отырады. (16)
Оларға өзгермес (мәңгі жас) жастар (бозбалалар) айналып, қызмет етеді (қасыңда жүреді); (17)
Ағып жатқан арақтан толтырылған шелектер, құмандар және кәселерменен. (18)
Ол; бас ауыртпайды да, мас қылмайды. (19)
Қалаған жемістері бар (алады). (20)
Көңілдері соққан құс еті бар. (21)
Бота көз хұрлар (бикеш) бар. (22)
Сақтаулы інжу сияқты. (23)
Бұл істеген амалдарының сыйлығы. (24)
Олар жаннатта бос не күнәлі сөз естімейді. (25)
Бірақ “Сәлем, сәлем” деген сөзді ғана естиді. (26)
Оңшылдар, ол оңшылдар нендей бақытты. (27)
Олар тікенсіз сидыр (ағаштары); (28)
Жемістері үсті-үстіне шоғырланған банан ағаштарының, (29)
Созылған көлеңкенің астында болады. (30)
Сарқырап аққан су бар. (31)
Мол жеміс бар; (32)
Ешбір түгеп, үзілмейтін, ешкім қорымайтын, (33)
Биік төсектерде болады. (34)
Расында хұр қыздарын жаңадан жаратамыз. (35)
Оларды ер көрмеген қыздар етіп, жаратамыз. (36)
Daniar-Alan
"қанша жерден доспыз деп жүрсек те, етегі сәл түріліп қалса қарайды"
жаттап алатын сөз кен
Daniar-Alan
Жұрт «космонавт болам!» деп өсіп, бухгалтерлік есеп бітіріп, ақыры сантехник болып, ішіп кетіп жатқанда, мен ештеңе армандамай өстім. Рас: мен де ішіп кеттім.
19852407
Былтырғы, биылғы құрылтайға бара алмай, қызықтан құр қалғаным бар, келер жылғысына қазірден темір сауытымды, тебен кебісімді қайрап отырмын
Daniar-Alan
«Мені Шымкенттік деп есептеулеріңізді сұраймын» © Данияр-Алан.
Gastarbaiter
"Қыз күзгі балда жеңіліп қалды, біз күлеміз. Ғашық жігіт өзінің мұңын шағады, біз күлеміз. Кемпір төмен жылжыған эскалаторға міне алмай әлек, біз бұттан кетіп, тағы сұраймыз. Әділетсіздік, парақорлық, алкоголизм — біз күлеміз. Ұлтшылдық, түсініспеушілік, алалау, зорлық, балағат, себепсіз қақтығыстар — біздің ішегіміз қатады. Біз кез-келген жексұрынның тірлігіне бетіміз бүлк етпей қол қойып, қосыла кетуге дайынбыз. Біздің талғамдарымыз саналы қисынға негізделмеген, мақсатсыз даулар — біздің болмысымыз, біз — Қазнеттің бетпердесіз шынайы кескініміз. "©
satibaldi
Үкілеген арманым — ылғи адамды түтіп жеген, ә десең мә дейтін мықты, әлді, талантты адамдардан тұратын сайт болса. «Вспомни, кем были греки? Это я, я помирил огнепоклонников и пожирателей змей!!!» © Агаменнон, «Troy».
Zhan
Астанаға 2007 жылы 17 мамырда келгем. Жоғарыда айтылған постқа қосар ештеңем жоқ. Тек тұздық қана.  Сен айтпақшы елде қалған достар, Астанаға келгісі келетін, бірақ жүрегі дауаламай жүргендердің алдын ала мен арқылы Астанаға барлау жасаған түрі.
— Астанаға барсам деп едім.
— Кел.
— Не ғой, пәтері қанша? Суық емес пе?
— Жоқ, нормалні. подселение 15+ комуслуга. Суығына суық. Біз өлмей-ақ жүрміз ғо.
— Айлығың қанша? Өмір сүруіңе жете ме?
— Бір басыма жетеді.
— Айта салшы, секрет болмаса…
— Ну, енді орташа…
— Мен барсам жұмыс таба аламын ба?
— Таба аласың. Рисковать етіп көр.
— Таныстар бар ма?
— Жоқ, бірақ қарастырып көруге болады. (Шыны керек, көңіл үшін айта салған сөзім. Мені бір астананы тіреп тұр деп ойлай ма, білмедім енді… )
— Жақсы-жақсы мақалаларыңды дайындап қой. Сосын қосымша жақсы-жақсы мақалалар жазып көзге түс.
— Сен ужы астананы біліп қалған шығарсың, я?
— Иә.
ххх
Арада бір жыл өтеді. Бір күні агентке шығады да, әліг таныс тағы да осы мәселелерді мыжып сұрайды. Ал, сосын шашыңнан искра шықпай көрсін.
kokbori
Платон менің досым, бірақ ақиқат оданда қымбат