Arular.kz

Майз гель

«Жылуынан сұлуын» таңдап, "Қымбатынан арзаны" деп өмір сүріп жүрген көбіміздің басымызда бар тізе қақсау мәселесінің шешімі табылды(СПИД-тің емі табылды дегендей джынды кетті ме?). Негізі, оның шешімі аяқты жылы ұстап жүру, құрғақ аяқ киім кию және жылы киіну екені бесенеден белгілі ғой. Қыртылдатпай іске көшейінші… Тізеңіз қақсаса… Үйде жүріп-ақ ем-дом жасай аласыз. Ол үшін сізге шамалы күріш, жылқының майы, мәрлі не болмаса дәке, салапан қалташа және он күн керек. Енді, асықпай тарқата айтайын. Жылқының майын қайдан аламын? Өтте орынды сұрақ. Басқа малдың етін араластырмай асқан жылқы етінің сорпасының бетіндегі май. Қалқып алыңыз да тәрелкеге, баклажкаға қажетіңізше салып алыңыз. Енді, дайындалу әдісіне тоқтала кетсем. Күрішті суға бұқтырасыз(шала пісіресіз). Содан кейін, ені 6 еліге жуық, ұзындығы тізеңізді 3-4 мәрте орай алатындай етіп даярлап қойған мәрліге...