Ата заңымыздың діні-Жеті Жарғы. Ата жолың бақ жолың кітабынан үзінді.

  • Автор
Ата жолының Фатихасы және Жеті Жарғысы:
1. Тіл және жан ұя. «Аса қамқор ерекше мейрімді Алла аты.» (Рахман)
2. Әдет- ғұрып, салт-дәстүр. «Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән.»
3. Тарихты жаңғырту. «Аса қамқор, ерекше мейрімді. (Раббымыз)»
4. Діни ұғым. «Қиямет күннің иесі.»
5. Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын. «(Әй Алла) Саған ғана құлшылық қылымыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!»
6. Тылсым күш. «Бізді тура жолға сала көр!»
7. Оян қазақ. «Нығметке бөленегендердің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!»
Сонымен бұл үкімнің ата жолының алғы шарты болып, әулиелер тарапынан батамен оқылғанына да 5-6 жылдай болып қалды. Осындай жеті рухани қағидалар негізде, ата жолының барлық іс шарлары, бүкіл жартылыс себептері мен ғылым-білім, шаруашылық саларындағы барлық ішкі ақпарттық ақыл, білім негіздерін қамтып, дін мектебінің негізін қалайды. Бұл басылымды негізінен ата жолдық бауырластарыма арнап жазып отырғанымен, осы жарғының алда жетінші басылым-кітап болып шығатын, жетінші бөлімін және әлі таратылмаған 5-ші басылымдар арасымен, Ар мен Ман және Уақ қуатары деген алтыншы (тылысым күш атты) басылымға түсініктеме болып, ата жолының негізгі дін мектебінің алғы шартарын таныстыру мақсатымен жазылып отыр. Ал масхаб дін мектебі десек, онда масхабтық білім осындай еліміздің барлық рухани дәрежедегі саяси өмірін қамтып, ақыл-кеңес берумен бірге және рухани жетістіктерге бағыт беріп, адамзаттық саналы әрекеттерін де толық қамтитын, болашақтың сапалы ұрпақтарын дайындайтын, психология ілімінің заманға қарай жетілген мектебін де қалыптастыру керек. Әрине бес парызбен құран ғылымын толық меңгеріп, мұндай жетістікке адамзатты жеткізу мүлде ақылға симайды да және мүмкін де емес. Және әрбір адамзат ақыл-ой жетістігенен пайда болған, ілім-білім және шаруашылықтың қандай да саласын да қамтитын көмес хикметсіз, аралық ақпарттық құдайлық сәуле жіпсіз мүмкін де емес. Енді шеңбер салып, оның ішіне барлық қоғамдағы басқару мекемелерімен, шаруашылық түрлерін жиегіне айнала орналастырып, ортасына бірінің ішінен бірін орналастырған жеті шеңбер сызып, ата жолының жеті қағида философиялық ілімін жазып, ал оның ортасы шариғат дін мектебін бастауыш сыныбын, текше түрінде орналастырсақ және осыдан сызықтық белгідегі қанаттармен барлық мекеме мен, білім ордаларын жалғасақ немесе атомның сегіз қанатты сызықтық бейнесі сияқты сүгіретін салып, ортасын Алла үйі мешітер деп санасақ, осы болашақ ата жолының нығметері арқылы әлемде әділетті қоғам құрудың басқару жүйесі пайда болады. Жалпы қазіргі таңдағы мешіттер ата жолының бастауыш сыныбы болып, ата жолымен бірігумен ғана біртұтас денеге айналғанда тура жолдың сипаты пайда болатыны да сөзсіз. Ал жарайды осылай болды делік, онда ата жолы ғылымға, шаруашылықты меңгеру біліміне, заң шығару, құқық қорғау салаларына, мешіттерге, медтина денсаулық саласына, жалпы адам баласының өркенитті өмір сүруіне қанадай ықпал ете алады?- деп сұрағаныңыз да ақылға дұрыс. Сонымен әрбір нәрсенің көместен берілетін, ақыл, дәлелдерін, ішкі сырын, мандық негіздерін, білімін көрсететін түрлі жағдайда, аян-аят болып бейнеленіп, уақи болып естіліп, немесе мұғжизалы көрністермен бейнелетін ақпараттық сырын хикметтер яғни терең білім деп атайды. Мысалға алдыңда болатын уақиғалары тіпте мемлекеттік дәрежедегі сынақтарды да киноға түсіріп, саған алдын ала көрсетіп, сол адам жанының шыбындай кейпіне сиған бейне баянның, құдіретті күштермен, заттық қуат түрінде бейнеленіп, тіршілікте қайталануынан не ұғамыз? Адам баласының ойынан пайда болған бейне баяндарға таң қалып, таңдай қағып, табынамыз және оған милиондап ақша жұмсаймыз шығынға да еш өкінбейміз, ал құдайдың тегін көрсеткен шындық баянына, тағдырдың аянына таң қала алмаймыз, құрбан шалып, көрсетілуге себепші болған Алла достарына рахмет айтып, шүкірлік қылуды да артық дүние шашуға санаймыз. Енді нұрландырушы кітап, құранның тәпсірін көшіріп алумен емес, осындай тағдырда бейнеленетін, күнәларды жаннан, рухтан, тәннен қалай тазартуын меңгеріп және әрбір пенде өз бетінше намаздарын орындаған жағдайда, терең білімнен хикметті белгі алумен және тақуалық шарттарын толық орындап, өзіне тән, ғылым-білімін және кейінен жеке кітаптары да ашылып, таза білімінің оқылуымен ғана көрнісін беру шарт. Және бұл кітаптардың жалпы үмметік сипатымен, ақыл-ой жетістігін, жалпы халықтық саналық деңгейінің артуымен ғана бағаланып; адамзат ғылым-білімін жетілдіруге, шаруашылық істерінің түрлі құралдарын шығаруға, өндіріс әдістерін тез меңгеріп жетілдіруге, қылмысты жағдайларды, бұзықтықтарды дер кезінде болжап, анықтап жоюға негізделген әділ заңдарды, үкімдерді қалыптастыруға көріпкелдік істермен ғана нәтижелену де тиіс. Қандайда бір адамға пайдалы білім, шығармашылықта болсын жетістіктерге жетуді, адам баласы өзі ойлап табады деген жалған ұғым. Негізінен тылсымнан адам жаны ұйқы кезінде тағдырда жазулы кітабын көріп келіп барып, рухани тұрғыда ғана білімін жетілдіреді. Енді ата жолында берілген аталарымыз меңгерген кітаптардың бейне баян шындықтардың шынға, іске айналуымен, тәжірибеден өтіп, бірақ олардың бәрін жалпы сипаттағанмен ертегі сияқты болып, тек оған ақирет біліміне жолығу арқылы ғана хақиқаты білінетін, бірақ болшақ әлемдік ғылымдық маңызы да бар түрлі хикметті істерді әзір баяндауға ерте, ол үшінде алда жан ғылымынан, ислам ғалымдарының ғана емес бүкіл әлем дінінің жоғалтып алған, қазақ аталарымыз меңгерген жан сырынан құпия деректерді баяндау арқылы тоқталып отырамыз.

Ұқсас посттар

1 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.