Астананың ең экстремал кафелері

  • Автор


Кейде адамның делебесі (мүмкін адреналин сөзінің қазақшасы осы сөз болар?) қозып, басына және тасына оқиға іздейтін кездері болады. Астана тәртіпті қала, ұрынатын адам табу оңай емес. Дегенмен астаналық гастарбайтерге өз Отанын сағындыртпайтындай жерлер де жоқ емес әрине. Іздегеніңіз төбелес пе, шатақ па, дау-дамай ма? Арнайы сіздер үшін Елорданың ең экстрим мекендерін іздестірдік.

Ақжайық кафесі.
Вокзал маңындағы осы бір кафе сізге Астана атмосферасына бірден еніп кетуіңізге рұқсат бермейді. Әлі вокзал-пойыз ауасымен демала тұрып, осы кафеге кіріп, өзіңізді әлі өз қалаңыздай сезінесіз. Жылы арақ, тұрып қалған сыра, резіңке шашлық және арзан бағалар сізге бірден қымбат Астана аурасына кіруіңізге рұқсат бермейді. Жиналған контингент те сіз сияқты түрлі жерден келгендер болғандықтан бір-біріңізге жаман көзбен қарауыңыздың өзі конфликттің сәлден кейін басталатынын білдіріп тұрады. Кетерде есік алдында темекі тартып тұрған жігіттерден де несібеңізді ала кетіңіз.


Шымкент дәмханасы.
Шанхай базарында орналасқан осы бір дәмханаға түрлі конфессия, тіл, діл, диалект өкілдерінің жиналуының өзі төбелес фестивалінің басталуының жаршысы болып тұрғандай. Әлбетте қатысушылардың көпшілігі оңтүстіктіктер болғандықтан арзан тамақпен бірге таяқ та жеп қайту үшін даяшы қыздарға сөз айту, есіктің қасындағы үстелде отырған 4 жігітке жаман қарау, қатты тарқылдап күлу жеткілікті.

Мария кафесі.
Жастар ықшамауданының ең танымал кафесі. Жалпы бұл кафе ықшамауданның бұрынғы криминалды репутациясын мұрагер ретінде әлі тасып жүрген көнекөздердің бірі. Жергілікті авторитеттердің қаһарын сезінгіңіз келсе, шестеркаларынан таяқ жегіңіз келсе Марияға міндетті түрде барыңыз. Қосымша ретінде ОМОН-нан да өз үлесіңізді алып шығасыз. (Маски-шоу жиі келіп тұрады, өзім 2 рет көрдім)
Ұмытып барамын, бұл мекен орыстілді. Егер қазақтілді атмосферадан жалыққан болсаңыз сіз үшін таптырмайтын орыстліді экстрим тек осы жерде. Ең құрығанда тіл мәселесі арқылы мәселе шығара аласыз.

Зарина кафесі.
Астрахань трассасындағы экстрим ағымын қаласа да қаламаса да ұстанатын жерлердің бірі. Шымкенттік болсаңыз да болмасаңыз да таяқ жеп шығуыңыз гарантия. Қайтарда таксиге де ақшаңыз қалмайды, телефоныңыз да сонда қалады. Сондықтан жаяу қайтуға мәжбүрсіз. Қыста барсаңыз міндетті түрде гамаж киіп барыңыз шалбарыңыздың ішінен. Біз ескерттік ал!

Қызылжар кафесі.
Абай мен Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан нағыз экстрим орталығы дер едім. Нашар арақ, жылы сыра, біртүрлі тіскебасар, әлбетте онша емес шашлық (кафенің атын қараңыз да ойлана беріңіз, қандай шашлық епты, тек арақ ішу болмаса?), орыстілді қазақ даяшы қыздар, жарығы аз, қараңғылау бөлме, құсық дәретхана, іші жылы болса да қара күртемен отыратын жігіттер, күртесін шешсе де баскиіммен отыратын жігіттер, әлі күйеуге шықпаған 77-78 жыл шамасындағы қыздар, жеке мәселелерін арақпен шешуге келген жұптар, сенен бір әлсіздік күтіп сен жаққа қарай беретін өз денсаулығына сенімді жігіттер… Толық экстрим бақыты үшін басқа не керек?

Бұл зерттеуге 9 ай уақытым кетті. Астанада мен көрмеген жерлер әлі де бар әлбетте. Тізімді кеңейтем десеңіздер қуанамын

Rafaello

Маған күнде 1 сәуір

Ұқсас посттар

43 пікір

asaubota
тек біреуінде ғана болыппын  экстрим іздемедім, бірақ басқалардың экстримделіп жатқанын көрдім.
nurbergen_makym
Вокзал маңындағылардың ішінен «Сұлтанды» рекомендеймін. Ішкі экстримі аз десеңіз, есік алдына шыққанда басыңызға су толтырылған мүшеқап, унитаз, рельс былш/тарс/сарт ету ықтималдылығы жоғары
Rafaello
Дәулет аймағымен шекаралас жақта ма, автобус аялдамаларына қарама-қарсы бет?
nurbergen_makym
Дәл сол, дос, дәл сол!
VKM
Рафаэллоның жүрмейтін жері жоқ екен)
ken
Сен қандайларына барасың?
Nurgisa
Мұндай кафелерге экстра малдар бара ма сонда?
a63a1
Қарталыдағы сыра, арақ дүңгіршегін де қосқан дұрыс. Әдемі қыздар да ты… ды деген қағиданы айқындай түседі
zholantai
«Зарина»-ға қыс ауасында бармау керек екен. Қалғанына осы жазбаның жарамдылығы үшін бас сұғып шығуға болады.
Daniar-Alan
«Шымкент» дәмханасына кірдім. Естеріңде ма жазда Цотононы екі рет топан су қаптағаны. Соның екіншісінде ау дим. Автобустан түсіп, 200 метр жүргенше үстім малмаңдай болды. Қарасам, «Шымкент» деген жазу көзіме оттай басылды. Қайда жүрсем де Шымкент қорған маған . Кірдім. Рәхәт. Сол баяғы сөздер әпшелеген, сол баяғы боқтық шешеңдеген. Біріншіні, екіншісі, үшіншісімен қосып ішіп алып, (бұл кезде жаңбыр басылған) 420-теңгені рахаттанииип төлеп кеттім
Onlasyn
Қойш, сонша арзан емес шығар енді.
Korkem
оқымай жатып: «Ох, Рафаэлло!»
Korkem
Аталмыш кафелардің бір-екеуін-ақ сыртынан көріп кеттім, кіруге мүмкіндік те болған жоқ
torgai
Абай даңғылындағы «Анар» сыраханасын, Әуезов көшесіндегі «Тянь-Шаньды» ұмытпаған жөн сияқты.
Aidakonya
Астаналыктарга «Шахерезада», «Фьюжн», «Казбар», «От заката до рассвета» кафелерине баргам деш, орада кыздарды шешеди (снимают) деп шыгады, кай жерди айтсанда, енди мыналар, сонда Астанада тек Керуен, Хан Шатыр, Мегага бару керек пе не?
asaubota
Артем, Шанхай базары міндетті түрде барылатын жерлер. арақты дүкеннен алып ішкен дұрыс, кафелер қымбат.
omarbirat
Дұрыс қо. «Ысырапшыл — шайтанның туысы» деген бар
omarbirat
Бұл кафелер Астанада шынымен бар ма?
asaubota
Қызыл жар деген біздің үй жақта. соның ар жағында Палау орталығы бар, біз көбіне сонда жиналамыз жаздыкүндері. ал Қызыл жарда жақында бір досыммен бардым. ешқандай экстрим көргенім жоқ. әлде біз экстрим жасаушы болдық па екен? қасымдағы жігіт тақырбас, ірі денелі, бір қолы бинтпен байланған және қабағында лейкопластырь бар еді.
Onlasyn
Қай көшеде?
asaubota
Абая — Сембинова астанаша айтқанда.

бүгін бильярд ойнаймыз Керектің жігіттері. келе аласың ба?
Onlasyn
Нешеде?
asaubota
Бейбітшілік, 54 а. Жігер бильярд кешені.

уақыты: 19:00-22:00

картада: www.kupikupon.kz/deal/billiards_0311_50384/map

Бильярдқа келем деген Керектік жігіттерге есік ашық! келіңдер, танысайық, тас соғыстырайық!
Aidakonya
Тек кана жигиттер? Не ушин бундай адилетсиздик?
asaubota
қыздарсыз барылатын жерлер болады, солардың бірі бильярд деп есептеймін өз басым.
omarbirat
Бұл "Қызылжарды" да көріп тастадық. Тәртіпке келтіріп қойған кезінде барып қалыппын бірақ
Астана жалпы тәртіпті қала сияқты көрінді, неге екенін.
19852407
Сурет те, арзан сыраханалардың сипатталуы да өрт екен)))
Жазбадағыдай контингент табылатын жерден табылуымыз екіталай
Barsa
Әр қаланың өзінің Бабуы мен Мерейі бар десей.

Астанада Шоколад сияқты фейсконтролы мықты лоундж-бар, клубтарда мал болып кету ықтималдығың көбірек дейді ғой.
asaubota
Шоколадтан қыз алып шығу ықтималдығы өте жоғары деп естідім.
Gastarbaiter
Біле жүретін болдық. ӘЛгі тоқсаныншы жыллар стиліндегі біз отырған кабак не деп аталады?
AL-ASTER
Астанадағы экстреЪмал кафе, ол Утопия [Utopia]. Ескі базар, «Артем» жақта орналасқан.

Базардың атмосферасы сонда қалып қойғаны соншалық, жаңа «Кирпичный» жақа базар ауысса да, ескі базардың территориясымен өткенде, аура кәдімгідей сезледі.

«Кирпичный» демекші, менің балалық шағым сол ықшам ауданда өткен, 5 сыныпқа дейін. Несі бар. Орыс ұлты көптеп орналасқан, «орталығындағы» кафелерде күндіз тыныш, түнде "қырғын" шу. Қазір ол күндер келмеске кетті.

Утопияға қайта оралайық. Өзім ол кафеге кіріп көрмегенмін. Бірақ, үнемі түндегі бір уақытта балаларға барып, артынша «таксилетуге» екі күннің бірінде сол жерден өтетінмін, үнемі мигалка қосқан «02 уазик» пен, топ топ жігіттер. Сол «базар» заманында солай еді, қазір де солай сияқты.
Rafaello
Жақында «Марияда» болып қайттым. Сол баяғыдай «напряжение»
satibaldi
«Ақбозат» рестораны, Қарағанды тасақ жолы, 82.

— Білә быртишке, просты сенің достойны отыратыныңа тупо сене алмайм да, мұнда ең аз шот 50 мыңға шығад. Адам басына ше.

— Онда қойыма трассада тұр?

— А ол сені ниебед ше, быртишка. Қымбат ресторан дейм, төлей алмайсың, шын айтам.

Ахраннигтері малмен малша, адаммен адамша сөйлесе алатын жалғыз ғақылия ресторан.
asaubota
елестетіп көрдім разговорды
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.