Arular.kz

Домбыра пати Астанада!

Кеше Арқаның төсінде, Астананың төрінде, Бәйтеректің жанында, Керуеннің алдында Керекшілер ұйымдастырған тамаша іс-шара өтті. Шартты түрде «Домбыра пати» атауын алған іс-шараның басты мақсаты — домбыраны, қазақшылықты насихаттау. Ұмытыла бастаған игі дәстүрді қайтадан сәнге айналдыру. Астана уақытымен кешкі 21.30-да басталған пати 23.00-де аяқталды. Керекшілерден бөлек қыдырыстап жүрген адамдар да қызықтады. Өнерлерімен бөлісті.
Соңында «Көп жасаңдар!» мен «Маладестер »-дің астында қалған керекшілер сол жерде әр бейсенбі Бәйтерек маңында 20.00-де осы дәстүрді жалғастырмаққа уағдаласып тарасты.
Ал, әзірге патиден суреттер:



Кешегі күннің басты қаһармандары — Нұрғиса және Аза



Керектің арулары. Айқаракөз келді ат терлетіп…



Асаубота, Нұрберген, Аза



30-40 шамасында адам жиналды тамашалауға.



Кішкентай көрермендер



Даниярсыз Нұрбергенмен



Даниярмен Нұрбергенсіз



Марко Жампозымен (айтпақшы, жақын күндерде Jampoz никті керекші пайда болса, таң қалмаңыздар)

Нұрғисаның үйіндегі жеңгеміз кішкентаймен, Жанасылдың үйіндегі келін де келген. Алайда суреттердің нашарлығынан сала алмадым.
Жалпы тамаша өтті. Әзірге осы. Толығырақ видеода ұзаттырмай саламыз!
" data-width="600" data-numposts="5">

136 пікір

avatar
осылай өтті, осылай…
avatar
Күшті екен! Нұрғиса неге Керекке соқпай жүр екен, осы?!
avatar
Нұрекең патилерден қалмайд  Енді пікірін болмаса да сүгіретін жиі-жиі көріп тұрасыздар…
avatar
Сенің көзің өткен екен ғой!
avatar
көрермен саны әлдеқайда көп болған сияқты
avatar
Қозғалыс басталды!!!
avatar
ұлтшылдық арманың орындалып жатыр ма?
avatar
Мүмкін ұлтжандылық!
avatar
ұлт жайлы сөз қозғап отырып «жанды»деген тіркесті қоспайықшы. Ұғымды тарылтып тастайды. "Қатынжанды",«малжанды» дегендей.
Әр адам ұлтшыл болуы керек. Неміс немісті жақсы көрсе ұлтшыл емес, орыстың орысқа бүйрегі бұрса заңдылық тәрізді, бәрі өз ұлтын жақсы көреді. Енді келіп қазақ қазақты іш тартып, ұлтшыл бола қалсақ, осы атауды келіп телиміз. Қорқатын несі бар? ал, ұлтшылмыз.Кесіп алады ма біреу?
Бұл сөзді Сталин заманында санамызға теріс сіңдіріп жіберген, әйтпесе қорқынышты сөз емес.Әсіреұлтшылдықтан сақтасын.
avatar
Мұныңда дұрыс шығар!!!
avatar
дұрыс шығар дегенің де дұрыс шығар
avatar
дұрыс шығар дегендеріңіздің дұрыс болуы да бек мүмкін!!!
avatar
дұрыс шығар дегендеріңіздің дұрыс болуы да бек мүмкіндігінің өзі оның дұрыстығына шек келтірмейді!!!
avatar
Иә, өз ұлтыңды яғни өзіңді жақсы көруді арнайы бір сөзбен ерекшелеп сипаттама берудің қажеті жоқ… Ұлтшыл емеспін, ойбай, жай ғана ұлтжандымын деп ақталуды да қою керек
avatar
Әсіреұлтшылдық пен ұлтшылдықты айыруда ғой мәселе.
avatar
Ұлтшыл — нацист емес пе?
avatar
Ия, дәл өзі. Шыл-шіл деген «ист» дегенді ауыстырады, таза морфологиялық тұрғыда.
Мына құлақ тап өздерің сияқты көтриоттардың осыдан жиырма жылдан астам уақыт бұын «Лениншіл жастар», «Нағыз коммунист», «Маңдай алды пионер», «Батыр комсомол» деп аталуын да естіген. Қазір олар біріңе аға, біріңе папа болып отыр
Елу жылда ел жаңа деген қойня боп қалды. Бәрі өткінші, тек адамның эгоизмі мәңгі.
avatar
Иә, көп секілді еді. Сірә ол сәтті жіберіп алған секілді
avatar
*(*(*(*(*(*(
avatar
қатты қамықпаңыз енД… Әлі талай пати болад…
avatar
ехх, Нәке де шырқатар ед
avatar
 арнамыңыз орындалды ғүә
avatar
Бірінші суретте Нұрғиса мен Аза қай әнді әуелетіп жатыр екен, а? Кімнің есінде?
avatar
Шәмшінің бір әні секілді елестеп тұр маған.
avatar
Тамаша жиын болыпты
avatar
папка таппадың ау дим
avatar
таптым, бардым қайттым
avatar
 Цезарьың жолда қалды…
avatar
Міне, «Нағыз қазақ — қазақ емес, Нағыз қазақ — домбыра!» деп ұрандатсақ та артық емес) Домбыра үнін сағынып қалғанымды, әндерді «азсынып» қалғанымнан сезіндім… Тамаша бастама!
avatar
тьфу… Мен сізді Лияйла деп оқып жүрсем… Ләйлә екен ғо өзіміздің. АйтпақЧ, қуанышқаныма таныстымын
avatar
Керемет ұйымдастырылған екен
avatar
Тамаша болды, бірақ аз болып қалған сияқты Ертерек бастау керек екен.
avatar
кеше оразаға байланысты кеш басталды ғой, келесіде сегізде.
avatar
кеше Теріскейге кездейсоқ звондай қалсам, «Біз концерт қойып жатырмыз» дейді. Сосын Aky, Айқаракөзбен сөйлестім. Aky бірталай адамның жиналғанын айтты, сонда мен «Мәә, астаналықтар, сендер де солай көөөп болып жинала алады екенсіңдер ғой?!» деппін таңқалып
Тамаша идея! Қазақшаға судай бола тұра бір-бірінен дәріні, тамақты, көше атын орысша сұрап, орысша жауап беретін астаналық қауымды қазақыландыруға үлес қосып жатырсыздар, рыспек!( Алматы қазір ауыл сияқты болып кетті )
avatar
«Мәә, астаналықтар, сендер де солай көөөп болып жинала алады екенсіңдер ғой?!»

 ия… таңқаларлық жағдай негізі…
avatar
Егер, біз, алматылықтар жиналатын болсақ, Патик пен Қисық өздерінің киноларын айтып, Едіге аға өзінің метродағы жүргіншілерін айтып, соңғы кезде Алматыда проезд 80 теңге (метро да 80 теңге) болғалы бері метроға отырушылардың да көбейгенін айтып  , Жалғас өзінің философиялық тұжырымдарымен басымызды қатырып, Ракишева мен Эстетика91 бір-бірімен «Сәлеееееееееем, қалаааааааааайсың?» деп амандасып болғанша, таң ататын шығар  Жаль, бізде домбыра, гитара тарта алатын да ешкім жоқ. Сухой ән айтамыз, басқа қайтеміз
avatar
«Розатай, синтезаторымды берші маған»
демекші біздерден де шығады ау… Реңі таза қыз, жігіттер баршылық… Ұйымдастырсақ қалай АЛМАТЫЛЫҚ КЕРЕКШІЛЕР!!!
avatar
болады, болады, тек қыркүйек басталғасын бас қосайықшы! Қазір әркім әр жақта жүр
avatar
Реңі таза қыз, жігіттер баршылық

негізгі шарттарының бірі осы ма сонда??
Бізде сондай шарт болса Жанасыл екеуміз тошны бармайтын ек
avatar
Сухой ән айтамыз, басқа қайтеміз

негізі, барлық мәселе (желаниенің қазақшасы қалай ед) ынтада. Егер өздерің тарта алмасаңдар… мысалы "Ғаламарттың" жігіт-қыздарын тартыңдар… Домбыра жасаған тарта да алу керек… Ойбай ауу, Алматың өнер ордасы емес пе? Бір домбырашы жоқ деген енД…
avatar
Не болса да, күзде жиналамыз, бұйырса. Кинопати жасағандардан басқа пати да шығады
avatar
деп жазып жүргенінде күздің өтіп, көктем келгенін де байқамай қалған шығарсыңӘ хорындас? )
avatar
Мәә

деген сөзіңнен айналайын
avatar
айналайын деген сөзіңізден айналайын!
avatar
Алматы қазір ауыл сияқты болып кетті
Неге олай дедің?
avatar
қазақылығы жағынан. Жақсы мағынада
avatar
Интеллегенция жоқ дейсің ғой?
avatar
неге жоқ? Мен «Алматы қазақыланып келеді, бір-біріне қазақша біліп тұрып, орысша сұрақ қойып, орысша жауап қайтаратындар азайды» дегенмін. сен ваще
avatar
Олар урбанизацияның құрбандары ғой  Ренжіме, әкел бетті
avatar
осындай акциялар жақсы. ешкімді келуге қинап, зорламайсың. ешкімге есеп тапсырмайсың, ақша жинамайсың. барлығы ерікті түрде және шынайы, шын жүректен.
avatar
кеше айтпақшы айтыстың да иісі шықты. осыны да дамыту керек. кеше Нұрғиса бастап еді, біз Азаны қинап жібердік. сонымыз шамалы ұяттау болды. айтысқа да дайындық керек. келесіде айтысатындар алдын ала мәтін дайындап келсе де болады, солай да қызық болар еді.
avatar
сырттан да әнші-күйшілер тарту керек!
avatar
Тамаша!
avatar
Сіз келесісіне келсеңіз «тамашаңыз» — «кереметке» айналар еді ауу…
avatar
Бұндай жиындарға әкімият тарапынан рұхсат керек емес пе?
  
avatar
Домбыра тартуға? Шеру емес, басқа емес… Тек домбыраны тыңдап отырған адамдар… Жоқ менің ойымша… Алдекең не дейтінін…
avatar
Былайша алғанда топсыңдар (керекшілер), алаңға (мүмкін алаңқай) жиналып домбыра тартасыңдар, бөгде адамдар жиналады керек туралы әңгімелеріңді шалыс-шалыс естиді. Бұ не топ екен деп кетеді деген сияқты ғо. Керуеннің ішіне жиналғаннан сыртына жиналғандарыңа саяси да, басқалай да мағына беруге болатын сияқты. Әринет ниеттерің таза екеніне сенемін.
avatar
дұрыс негізі… ол жағын да ойлану керек… керек! керек? ИЯ, КЕРЕК!!!
avatar
Қоғамдық орындарда гитар тартып, әндетіп отырғандарды жиі кездестіруге болады. Әсіресе есілдің бойында. Былайша айтқанда қалыпты жағдай. Ерекшелігіміз тек гитар емес домбырамен ән айтқанымызда болып тұр.
avatar
Керек емес шығар, Алматыда арбаттың бойында отырады ғой жастар гитар тартып
avatar
сәрсенбі күні түскі пойызға билет бар ма екен?
avatar
Испанскийге болу керек… Аналарда болмайтын шығар…
avatar
Жаңа білдім!!! Ендігі апта бұйырса барамын!!!
avatar
есігіміз айқара ашық анығырақ есігіміз тіптен жоқ!
avatar
жақсы болды ғой. Әйтпесе, керекшілерді көру оңай емес боп көрінетін))) Блогкэмп, анау-мынау дегендеріңнің шарттарын айтам)))
avatar
Блогкэмпте тіркелуден басқа шарт болған жоқ?
avatar
білмим, бәрі «деловой» ғой))) Презентация дей ме, т.с.с.
avatar
о, қош келдің! Астанадасың ба?
avatar
Қош көрдік!!! Келіп қалдық.  
avatar
сәлем, Мадина!
avatar
Сәлем, Малика.
avatar
Маликай, Мәдинай, Ұрқияй, Зүлфияй… Бұрымдыыы қыз Маржан ай…
avatar
))
avatar
Ханша, сен кәдімгі Ханшасың ба?
avatar
90-жылғы дид… Ханшайым шығар…
avatar
Әбіл ағам-оу, бұл мен ғой, сол баяғы KHANSHA!
avatar
Келесі апта әтірімізді себініп, екі киер көйлегімізді киіп баратын болдық қой онда
avatar
бойдақтардың құдайы берД енД…
avatar
Тамаша игі шара болыпты, орталарыңды толтыра алмағанымыз өкінішті біз үшін шалғайдағы. Қызыға да қызғана қараудан басқа шара жоқ. Эххх… шіркін, қайтейік
avatar
Келесі бейсенбіде мен болмаймын.((( Сосын Аза да елге қарай жол жүреді-ау деймін, қателеспесем.(((
avatar
иәәә, Аза да кетет Каспийіне қарай… Келесі сәрсенбі күні кешке ВКМ шығарып салат шығар, «Аспаның болсын, Аза» деп))) Сәрсенбіде сол кеткеннен Бас кентке жексенбі бір-ақ оралам, бұйырса, ұшақтың қанаты сау болса)
avatar
Онда ертерек ұйымдастырып жіберейік
avatar
Сөйтсеңіздер тіпті жақсы. Демалыс күндерін алғашқы рет Астанада өткізгелі жатырмын. Бір игі іс-шараға барайын)))
avatar
Орналастың ба жұмысқа, Мадина?
avatar
аха. Өзің қайдасың?
avatar
ВКМ:
мен ЭйрАстанада жұмыс істейтін болғасын жазылған шығар,
avatar
Сені кімнің шығарып салатыны, сондай-ақ кімнің -кімге шығарып салатыны біз үшін маңызды ма?
avatar
Көп көрінбейтін… тіпті де көрінбейтін ВКМ-ді көріп жүрмін деген жасырын меседж бар шығар…
avatar
Сатыбалдыны танимын деген сияқты да типі
avatar
мен ЭйрАстанада жұмыс істейтін болғасын жазылған шығар, Абилаким)
avatar
Мен сол күні жұмыс істейді екенмін) Ок, шығарып саламын
avatar
Керек жиындары салиқалы болып барады ма, қалай
avatar
Енді… Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел! ©
avatar
Керемет! Қызықтым. Әттеген-айлап отырмын.
avatar
<blockquoteМарко Жампозымен > қатты ұнап отыр сурет, келісті жұп
avatar
ия… кісі қызығарлықтай… Көз тимесін де Малика…
avatar
Марко Жампозымен
сурет керемет ұнап отыр, келісті жұп
avatar
Жақсы бастама болып, барлық қалаларда осылай жиналса, Керекке үлкен респект болар еді
avatar
Жақсы болған сияқты
avatar
Асан қайғы Маратеноктың өзі «сияқты» дедіі… Шынында да жақсы тірлік болыпты онда…
avatar
Базар жоқ, тәнтімін. Жалғасын табуына тілекшімін
avatar
Охо, жақсы бастама, тек тұралап қалмаса екен. Басқа-басқа, домбырамен шыққанға қуанып отырмын. Сәттілік!
avatar
Мында акция қылып жатсаңыздар, Көкшеде ол қалыпты жағдай деп естідім))) өйткені жас перілер, мен «сал, серілердің» қатары қалың. сондағы айтыскер достарым кешке қарай жатақхананың алды домбыра арқалаған «Көкеннің көздеріне» толысып, айтыс пен ән-думанның алаңына айналады екен. Тіпті қыздарға арнап серенада да айтылмай қоймасы анық. Көкшетаудың жастары өнерге жақын, Павлодардікі саясатқа жақын, Астананыкі ақшаға жақын, Шымкенттікі шешесіне, Атыраудыкі әкесіне жақын, Қызылжардікі қызға жақын))) Шынымен әй осы теріскейдің балдары қыз тағалағаннан басқа дым бітірмейді ептілер
avatar
Шымкенттікі шешесіне, Атыраудыкі әкесіне жақын

 дәл ей дәл
avatar
Сомен қанша тапқандарыңды айтпадыңдар ғо?
avatar
осысы презентационный кетті…
avatar
жалпы, қызықтырып бара жатырса айтайын саған, менің бір әнім қазақтық валютамен 5 ақ мың теңге тұрады
avatar
ойбүуу минустауды мұтып кетіппін ғо… кешір бырат… енД қайталанбайд
avatar
минустай алатын бақытты екенсің
avatar
Төменгі жағына қарағанда мына қыздардың бесеуі де атпен келген секілді ғой
avatar
нені меңзеп тұрсың?
avatar
Атқа адам ұзын юбкамен мінбес
avatar
біразды көрген жігіттің сөзі ғой… Мен тіпті байқамаппын да...
Атқа адам ұзын юбкамен мінбес
avatar
Жазираның спрейі болмаса, Астананың масаларын мәңгі жек көріп кетер ме ем
avatar
Былай болды: -Жазира қалайсың?
-жақсы,
— ослай да осылай, Керуенде жолығамыз.
-Маса көп болатын шығар ия?
… Әйелдердің ойлары Ә?  Мен тіпті оны ойлап та отырғаным жоқ еД ол кезде ..
avatar
Әйелдердің ойлары Ә? Мен тіпті оны ойлап та отырғаным жоқ еД ол кезде
Сен ол кезде масадан да маңыздырақ нәрселерді ойлап тұр едің, ия?
avatar
жооқ… маңыздырақ болғанда.. майда-шүйдеге қатты назар аудармайды ғой еркектер дегенді айтқым келген…
avatar
Ойбай-ай, қыздардан да аңғарымпаз емессіздер ме? Зашем солай ангел болу?
avatar
Былай ғой… Еркектер стратег, бірақ тактик емес. Ал әйелдер керісінше… Сондықтан майда шүйдеге ерлер аса назар сала бермиді.
… Егер жақсы стратег пен жақсы тактик қосылса, ол одақ мығым болмақ… (деп бір тақырыптың басын бастап жіберейік )
avatar
Одақбастар өңшең
avatar
ұқсасаң да ұқсамай бақ демекЧ… Сізден үйренгеніміз… Осы шифоны ауыстыра ау дим..
avatar
Сол кездесуде мен білетін бір адам болды, тым майда-шүйдеге назар аударып, соны айтуға арланбайтын. Еще мазақ қылдым деп мәз болатын. Сосын ғой айтқаным. Әйтпесе, ерлер мен әйелдерге жалпы жауап бере алмаймын
avatar
шамалап біліп тұрмСыртынан шешім шығаруға болмайды, қарындас. Мүмкін, оның жартысы стратег шығар… Ол мында жаман рөлді ойнап, реалда тамаша жан шығар… Барлығын керекпен бағалауға болмайды… уот солай…
avatar
Мен уот именно, керекпен бағалап жатқам жоқ. Басқа жерлерде де өзіне төмен ұпайлар жинап алды. Құрысын, өзі біледі ғой. Мына әңгіме масадан шықты ма өзі?
avatar
хахаха глобалды мәселе боп кетіпті шынында да масадан шыққан әңгіме…
avatar
Ай өсек, ғайбат десе енді… Шиваларың берейін деп тұр
avatar
журьемен қатысымыз бар ғо енД
avatar
Сырттан да бір қарап қойыңдар өздеріңе.
avatar
 Айтта өсектен жібердім, ораза бітті, күнәм сәл-пәл жеңілдер
avatar
«күнәнің үлкен-кішісі жоқ»деуші еді үлкендер…
avatar
Мен таңқалып отырмын, кім екен деп

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.