Дорбаңда не бар?

Сонымен, қыздар мен ұлдар, дорбаларымызда не бар екен?
Қыздардың дорбасында «порядоктан» басқаның бәрі бар дейді. Ол таза шындық))) Әр бір рет дорбамды тап-таза қып жинастырып, ретке келтірем де, ылғи осылай жүрем деп уәде берем өзіме. Сөзімде тұрмаймын.
Ойынның шарты, дәл қазір, еш өзгертусіз, ешнәрсені алып тастамай, дорбаның ішіндегіні шығарып, тізіп шығу (Админко бір нәрселерді алып тастайсыңдар дид, олай болмасын)
Блог - Aizhantabyn: Дорбаңда не бар?
Сонымен:
— қолғап, әмиан (оның ішін ашпадым), флешка, мини әтір, ерінге арналған жылтыр май, тырнақ бояуы, тырнақты мықты қылатын сұйықтық, қайшы, пинцеттің екі түрі, қасқа арналған қарындаш, пилочка, айна, екі тарақ, 1612 теңге, ескі симка, жеке куәлік, кілт, қасты тарайтын щетка, мп3-тің сымы, пудра жағатын щетка және қоқыс қағаздар: автобус билеті, мекеменің реквезиттері, телефон жазылған қағаздар, визиткалар, тізім жазылған қағаз + ванна қабылдауға арналған тұздың шашылып қалған ұнтағы (жинауға ерііініп жүр едім, ұят болса да салдым енді).
Блог - Aizhantabyn: Дорбаңда не бар?

Ұқсас посттар

510 пікір

araika
Сөмкем мынау, туған күніме сыйлаған


Жақында ғана әпкем тазартып берген, қазір қайта тола бастапты.
meirzhan
"Әпкем әлімжеттік жасаған" деп турасын айтсайшы. (Ненің USB бауы?)
araika
Жоқ, сол жолы жағдайымның мәз еместігіне қарап, жаны ашып көмектескен Былайғы уақытта да қарап отырсам, бақылау жүргізетін де сол екенБір сөйлеп алып, кірісіп кететін
USB кәдімгі телефондыкі, үйде бірнешеуі болып жоғалтып ала бердім де, қалған соңғы тұяққа күтім керек екенін біліп, жайлы орынға орналастырғаным
Aizhantabyn
ана флешкаңа ғашықпын))) Кстати, талғамы жақсы адам екен сумкаңды силаған адам))))
araika
Сол флешкаға қол жеткізу үшін қаншама Чудоны ішкенімді білсеңдер ғой Қаншама СМС кетті
meirzhan
Чудо деген йогурт іспеттес пе?
araika
Дәл соның өзі ғой және басқа да өнімдері жетерлік.
meirzhan
силаған
Қилызамандық детектед
19852407
под «Нermes» деш
Aizhantabyn
ойымды тауып алдың))) Айтпақ едім, сосын айтпадым)))
satibaldi
Дәрілер туралы айтжіверсеңіз екен.
araika
Кальций глюконаты ғой, онсыз жүре алмаймын, күнделікті доза қабылдануы керек
meirzhan
Наша емес қой, ондай смайл керегі жоқ. Денсаулықтың есть денсаулық, дәрумендер ішудің еш сөлекеттігі жоқ.
araika
Солайы солай ғой, бірақ шектен тыс қолданатыным өз кезегінде зияндылығын да тигізіп жатыр емес пе?
meirzhan
ааа, онда наша есебінде екен.
AKY
кальций глюконатын бірден таныдым
осы сырты жасылы күЧт, беларусьтық кажись.
araika
Иә, Борисовский. Бірақ, дәмдері әртүрлі болатын кездер жиі орын алады.
Rozatai
былтыр менде де анау «Гарниердің» кремі болған. Өзім жөндеп жақпаймын кремді негізі. Бір әріптесім 3-этаждан төменде тұрған әріптесіме ақша лақтыратын болып, соның қасына менің кремімді целлофанға салып лақтырып жіберіпті, жынды
Zhan
Байқағаным қыздардың көбісі ана Гарньердің кремін қолданады екен. Менде де бар, жақсы қолға тез сіңеді. Таза студенттің сумкасы екенін білуге болады.
araika
Қол кремін көп пайдаланады екенмін. Оның дәлелі сөмкемнен шыққан тағы бір кремнің құтысы. Лақтырып тастауға уақыт болмағаны ғой(суретке түсірерде алып тастағаным сол ғана, қалғанының бәрі орнында). Жалпы Гарньердің өнімдері ұнамайды.
Таза студенттің сумкасы екенін білуге болады.
Ұялттыңыз-ау, анау айтқандай студент емес ем кетті ғой ол кездер келмеске
Aikona
Сумкаң әдемі екен расында
konvict
Ибаай, менің сөмкемдегі заттар…  дұрысы көрсетпеген
a63a1
менде дым да жоқ) мухахааххаахах
chimaq
chimaq
Men kedeimin,kop aqcham joq...bar bolghany osy ghana
Aizhantabyn
Шимақ, өте ұқыпты екенсің))) Артық нәрсе жоқ
chimaq
kedei bolghasyn artyq narse bolmaidy...
satibaldi
Һанша аһша сендегі, боғіреем? Уан деген осі ме?
Zilola
wu jiao 5 деген, типа 50 тиын, біздікіне шаққанда 11 теңге болуы керек
satibaldi
Ма*ма… Соңғы рет Сізді инженер деп естігем… Ал мұныңыз…
Zilola
жақын күнде мен де сөмкемді ақтарып суретке түсіремін, әмиянда жатыр ғо неше түрлі валюталар естелік болып )))
Zilola
мен тек үстіндегі қызғыш қағазды жаздым, қалғаны 1 мен 10 олар шамамаен 22, 220 теңге ғо, ал анау темір ақшаны білмедім
chimaq
temir aqcha 1yuan,ar jaghyndaghy jasyl qaghazben uqsas...
Aikona
Сумкаңда затың аз, жинақы екен. Айнаң ұнап тұр
chimaq
keide tozyp ketedi,ashqannan uialatyn kezimde bolady...
a63a1
Aizhantabyn
анау қара кольцо не?))))
a63a1
білмим резеңке әйтеуір, не үшін салып алғанымды ұмытып отырм
satibaldi
Лібәәә, екі жартының ақшасы жүр ғой қалтада. Шикуешь!
a63a1
Бір айға жеткізу керек, келсең лібәә аянып қалмас едімғой
kokbori
Лібәәә, екі жартының ақшасы жүр ғой қалтада. Шикуешь!
satibaldi
Еее амиго, сен де солай ойлайсың ба? Жұқартатының бар ма ед?
araika
Бәрінен бұрын портмонені ақтарыпсың ғой Анау формуласы бар карточка әлі де айналымда ма, таксофон дегенмен дос болмаған соң біле бермейді екем…
a63a1
ол да резеңкемен бірге жүр білмим, қолданыстан шыққан шығар ужы
Zilola
нивеяның ерінге жағатыны
есіме бір уақиға тұсіп кетті ғо
a63a1
айта отыр
Zilola
менде ондай жоқ еді да, Теңізде жүргенде бір ағаймен болған диалог:
-У вас есть гигиеническая?
-что именно?
-помада
-нет, есть обычная, красная
деп алып, йооо адамдар да сұрақты қояды екен ғо дедім да. Сосын ұялғанымнан сатып алдым үй жақтағы «хозяюшкіден» тап осындай нивеяныкін
dark_nazgul
мен нивеяның түсі бар бальзамдарын пайдаланам.
a63a1
неғой менде қыздардан сұрай сұрай шаршағаннан кейін өзім сатып алдым
patick
әйелім жаққаннан кейін сүйісем
Aizhantabyn
ууу, қандай интим подробности)))
patick
енді өмірдегі жағдайды үйрек қалпында жеткіздім
a63a1
Муаххаахахах Ебірей
patick
Орысша «Ёбрей» бола ма?
GulL
фуу сонда болса бір жағып алуға сұрап тұрма
Zilola
соны айтам да, на то и гигиеническая, что бір-ақ адам пайдаланады.
Serzha
карточкаларың көп екен, декларация тапсырғанда қиындау болады
a63a1
қалтада жүргеннің бәрі өзімдікі деген сөз емесқой
a63a1
сұр картішке інімдікі, тиын тебенін жұмсатпай ұстап жүрм
Aigolek
тиын тебенин жумсатпай озм жумсап журм дещ )))
a63a1
Аманат қылып берген затқа қиянат жасамайтын кісімін)))
Aigolek
парольын айтпай койган дещ ойтп акталганша )))
19852407
Абзал, дорбаңның өзі қайда?
a63a1
куртканың қалтасы бұл
Tarazkyzy
анааааау флешканың егізі менде
temir1986
Неше банктен картаңыз бар өзі. Кредит пе табыспа
a63a1
соның қазір біреуі де жоқ, жалақыға қарап отырм)
Erlan
Менде сотка, кілт жумыстын, флешка, акша азын аулак, бас артык нарсе, шкафта турады, ато береке кетеді
dark_nazgul
satibaldi
Классикалық кісі өлтірушінің бессаусағы.
Лондон… 1887 жыл… Біреу жезөкшелерді өлтіріп жүр деген қауесет…
dark_nazgul
«Ақ көйлек киген әйелде» бар ғой, "үш қолды адам", сол есіме түседі, қолғабыма қараған сайын.
Aya
Бір басыңызға төрт қаламсап па?
dark_nazgul
керек кезінде шығарып, балама бере салғанға ыңғайлы.
satibaldi
Маньяк жама'ат, газ балон жоқ екенін көрдіңдер, енді сөз, тойыс іс — Сіздерде…
dark_nazgul
менің сумкамның өзі средство защиты бола алады, керек кезінде. Салмағы ого го.
satibaldi
Құрысын саған кім тисін, өтірік болса да қылымсып майысудың орнына салғыласып қоймағандай-ақ
dark_nazgul
майысатын он алты жасар қыз емеспін ғой
satibaldi
Енді әйелдік істеуің a63a1 болар ед те.
dark_nazgul
айтпақшы, ана алдыңғы қалтасында бір бума маска мен тағы бір дәптер жатыр
Aizhantabyn
абалдеть!!! Бәрі бәрі бар. Мама болсаң солай болатын шығар))))
Aikona
Дәрілер ма аналар? анау медальон ба айна ма?
dark_nazgul
айна. анау жөтелдің дәрісі, анау шыны құты жөтелден, тамақ шаятын тұзды ерітінді, мұрын тамшысы, көзге тамызатын, көзді құрғатпайтын ерітінді.
Aikona
 мен ғана миниаптекамын ба деп жүрсем
dark_nazgul
қыс бойы жөтелдім, фарингитім бар
satibaldi
Сонда қалайша интимді нәрсе жоқ? Жоқ, жоқ — сөмке ақтаруларыңда бәрібір де режиссураның белгілері бар. Сенбейм, станиславскийісстің.
dark_nazgul
болған, бүгінге салып алғандарым бітіп қалды. Ертең тағы запас салып алам.
satibaldi
Біте қалуын, ә? Неткен заңдылыққа бергісіз кездейсоқтық өзі.
satibaldi
Тағы да улиткі, айғақ тойыс. Режиссура мынау. Мысалы, Aizhantabyn -ның сөмкесінде бір де транквилизатор жоқ.
Aizhantabyn
сіздің сөмкеңізде не бар, бір жартыдан басқа ағааааа? транквилизатор бүгін жоқ, только по выходным же)
satibaldi
Мен киімнің қалтасын пайдаланамын. Лібә, бала күннен сөмкені қатындар ұстайд деген стереотиппен өскен адаммын.
madlen
Ерініп отырмын
Aizhantabyn
((( мен үшін де ме? ойнамайм((((
madlen
сенің постың болмаса, ақталып та әуре болмас едім ))))
Aizhantabyn
уахахахахха) қатырдың, жанымка) Давай іл тез, хочу знать что у тебя в сумке))))
Zilola
фотигім болмай тұрғаны, әйтпесе көрсетер едім жылжымалы технодомбойдақөмірінсссті
Zilola
Көшпенді қазақ екенімді білесіңдер ғо, менің гламурный сумкам Алматыда қалды, ал мынау жолсумкам


косметичкамның іші

әмиянның іші
Dinara
Faberlic'tin ton.kremi istik korinip ketti
madlen
Ал маған Чистая линия ыстық көрінді
Zilola
ой соған қатты ғашық болып жабысып алдым, әрі арзан, әрі өте бетке жеңіл жағылады, бастысы тері дышит ))
Aizhantabyn
рас, мен де соның кремдерін жақсыыыы көрем))))
Zilola
негізі оны онша қолданбаймын, алпы бояуды көп қолданбаймын, жаз кезінде болмаса.
Aigolek
щеткамыз брди екен. Лакалютссс )))
Zilola
Абылай хан мен Гоголь қиылысындағы «Дастарханнан» (Юбилейный) аламын үнемі )
Esmeralda
жаңа ғана сумкамды ақтарып, мен де фотоға түсіріп едім, түк қызықсыз студенттің заттары (кітаптар мен документтер ғана)
AKA
Менде де сондай ма деп қалдым, қазір ақтарып, суретке түсіріп келейін.
dark_nazgul
Қазір ойланып отырмын. Маған бір визитка салатын және удостоверение салатын жеке жеке әмияндар керек екен.
GulL
araika
Сөмкең почти косметичка екен ғой
satibaldi
Жәй — косметикасы бір сөмке болды деп топшылауға да болады.
GulL
 енді артық зат ұстамаймын кағаздар үшін бөлек папка дегендей
Aikona
Әмиян ұнап отыр  Осындайымды ұрлатып алдым былтыр (((
GulL
 мен емес маған арзанға сатқан
Aikona
қайтаршы… десең иа
salta
Эклатттт… жақсы көрем
madlen
Эклатқа құлайм мен де
meirzhan
Белсенділіктерің таңқалдырды. Кәдімгідей бір адамдай болып заттарыңызды фотоға түсіріп.
Zilola
Жан, анау сөмкеңдегі ұнтақ точны тұз ба? прозапас кокаин емес пе
Aizhantabyn
)))) тұз ғой))) Сосын, кокаиннан гөрі махаббат предпочитаю))))
konvict
Осы мәселені көтергендерің жаөсы болды. Сөмкемді ашып қарасам ішіне қағаз толып кетіпті. Артықтарын алып тастап, бір жақсы болып қалды. Сөмкемнің ішінен шыққан заттар:
meirzhan
Хехе. Оқудан тыс жазу-сызу, есеп-қисаппен көп айналысатын сияқтысың. Менде де кейде осындай насыбайлар қап-қабымен жиналып қалады (дебаттан қалған қағаздар (кейстер)).
konvict
Есеп-қисапты қайдан көріп тұрғаныңбы білмеймін, әнебір сөмкенің қасында жатқан бір-екі қағаз шимайларым ғана бар. Қалғаны пресс-релиз, қатынас хат, тіпті төленген чектерге дейін жүр екен.
araika
Анау мұқабасы жыртылған(жамап қойыпсың) ескі кітап немен кеңесу дейді? Кемеңгер?
Соңғы күндері психологияны ақтарып жүрмін, сондай кітап болса, бөліскін!
konvict
«Кемеңгермен кеңесу» Арғынбай Бекбосынның кітабы. Оны жамалған түгі жоқ, жай үстіне қағаз қойылып қалған ғой. Біреудің нөмірі болса керек. Кітапты кітапханадан алып едім, кішкене інім жыртып тастапты. Ұялып жүрмін апарып тапсыруға. Жаңасын сатып алып апарып беру керек
araika
Кітапты кітапханадан алып едім, кішкене інім жыртып тастапты. Ұялып жүрмін апарып тапсыруға.
Менің басымда осындай жағдайлар жиі болатын. Тіпті, бір кездері жоғалтып алып, кітапхананың есігі мен үшін біраз уақытқа жабылған-ды. Сөйтсем, жоғалған түгі жоқ, ағамның жолдасы келгенде біздің үйдікі деп ойласа керек, оқуға алып кетіпті.
AKA
Конституция бар екен, әлде, басқа ма?
konvict
Әрине, Конституция. Пайдаланбасам ба сөмкеме салып қойғам.
Zhanylai
біздікі де осы… екі-үш блокнот, фотоаппарат, диктофон, артық қағаздар
meirzhan
Журналист детектед
konvict
Әне бір қоян сенің салып берген суретің ғо
Zhanylai
иә, саған қоянның суретім салып кетіп ем ғой...
Aizhantabyn
анаааау жатқан майлы духимен мен де қолданғам)))) 3-4 жылдай бұрын)))
Aikona
қағаздар өте көп екен…
AKA


Мен көбіне осы кішкентай сөмкемді ұстаймын, өте ыңғайлы, керекті заттарымның бәрі осында.  Бұдан бөлек портфель ұстаймын, ноутбуктың, онда енді А4 қағаздардың түр-түрі, журналдар, дәптерлер мен кітаптар. Ауыыыр енді
a63a1
сосисканың қабығы неге жүр?
a63a1
жазуына қарасам импортный-ау ә?
TERISKEY
қолға тағатын резіңке ғой дейм
a63a1
Ондайда бармед не?
AKA
Кейде осындай майда-шүйдеге сынып қалам, оны апам Польшадан әкеп берген, тағып жүрмесем де, сөмкемде жүреді. Ұнайды, себебі: «Жүрегімде!» деген жазуы бар, аударғанда сондай мағына береді екен.
a63a1
мынаны айтам
a63a1
точно көзден кеттімбе мынау жолақ сызық екенғой Кечроң
AKA
 Бәсе, өзім де солай ойлаған ем, влажные салфетки ғой ол.
madlen
Жасыл таблетки не?
AKA
«Трависил без сахара» жақында қатты тұмауратып, жөтелгенмін, сол кезде қолдандым, тамаққа жақсы.
Aikona
Заттар әдемі екен гүлді, қызы бар  Нағыз қыздың заттары
Korkem
қыздар «бірнәрсе-бірнәрселерін» жасырып қала ма деймін, еш қайсысында жоқ, негізі болу керек...)))
AKA
Мәселен не ол? Мүмкін Сіздің сөмкеңізді көрсек есімізге түсер…
Korkem
Мұнда мені ешкім танымайтынға және мен оларды танымайтынға ұқсаймын ғой. Салуға ұялып отырмын....)
AKA
Дауай суретін ілші, мен сені танимын ғой, жиі-жиі кеп тұрсай. Тілеулес құрбы боламыз.
Korkem
кәәәәз...)))))))))
meirzhan
Мен кез-келген нәрсені лақтыруға аяймын. Қалтама, сумкама не түссе, сол МЕНІКІ болып кетеді. Сондықтан қалтада, сөмкемде түрлі мусорлар жүреді. Тіпті автобус билеттерін лақтыруға аяймын.
konvict
Епті, тура мен секілді екенсің
19852407
жебірейлер, архивариусынды
a63a1
үшеуміз үшембе едік?
araika
негізі, суреттерді сөйлеткенің жөн болар еді

Біз үшін мусор болғанмен, біреудің керегіне жарап жатқанда оның бағасын білуге болатын сияқты. Жоғарыдағы суреттегі фонардың жүргеніне біраз болды. Түк те қажеті жоқ, есесіне өзгелер қызығын көруде
monti
Тіпті автобус билеттерін лақтыруға аяймын.
 да жууу небір қызық бар деген
Gastarbaiter
Презик жоқ, салфетка-тампон жоқ, вибратор жоқ, физиологиялық сөкеттіктен ада жандар бәрі. Қызғылт әшкиім терлеп кетті.
Aizhantabyn
че за подростковый интерес осы сенде? Көре алмай жүрген адам ұқсап сол бір гигиена мен сақтану құралдарын))))
patick
Көре алмай жүрген адам ұқсап сол бір гигиена мен сақтану құралдарын))))

енді не үшін кіріп отырқ осы тақырыпқа
Gastarbaiter
Жоға, тым болмаса Диане+35 дегенді тастамаушы еді бұрыңғы қыздар.
dark_nazgul
оны таңертең тамақпен бірге ішіп алып, үйде тастап кетеміз ғой.
Gastarbaiter
Қайдан білейін, бір танысым туалет қағазына шейін салып жүреді. А вдруг...:*
patick
айтпа нақ, кілең сабынды қойылым барлығыныкы
dark_nazgul
презик ұстап жүру менің міндетім емес, оған мен жауап бермеймін, салфетка тампондарым сумканың ішіндегі кішкентай қалтасында жатады, вибраторды сумкаға салып жүріп жын ұрды дейсің бе? Автобуста қосылып кетсе…
Zhan
Молодец Назгүл, бұлардың аңдығаны сол ғой, қатырыпсың жауапты.
konvict
Әшкиіңді сулап қайта қарасаң көзіңді тойдырар бірнәрсе көріп қаларсың деп ойлаймын менің сөмкемнен
Abilakim
Баяғыда бір қалтасы көп Аляска курткам болған.Соның кішкентайлау бір қалтасында презик жүретін үнемі. Бір қызбен сөйлесіп тұрғанмын, ол еркелеп қалтамның замогын сырылдатып ашып-жауып тұрған.Бір кезде ана қалтаны ашып қалғанда аяғының астына екі пашка презик түсе қалсын.
Aldeken
сол сәттен бастап, еркелікпен қош айтысып, үлкен өмірге аяқ басқан шығар…
araika
 Ол қыз да тыныш тұрмайды екен де
boztorgai
шмон жүріп жатқан сықылды боп кетті ғо
ойлап таппайтындарың жоқ
edige
@Patick, @qisyq сабаздар, дорбаларынды кашан актарасындар?
patick
біздің сумкада кілең қарақшылық дискілер
asaubota
қыста сумка ұстамаймын, куртка бар ғой. қалтамдағылар сендерге қызықты бола қоймас

тақырып қызық екен, рахмет Айжан.
Aizhantabyn
))) Осындайда жігіт болғың кеп кетеді. Рахат өмір))))
sammita
мына сумкалар ішіндегісі енді)))) Мысалы, лакты үйде жағам тек, сумкаға салмаймын. Тиын үнемі әмиянда, тарақ үй мен жұмыста, дәрі ішіп жүрсем жартысын жұмысқа қалғанын үйге бөліп қоямын. Общым артық зат мүлдем ұстамаймын, кешке күнделікті ақтарып тазартамын. Әр нәрсе өз орнында тұрады. сондаймын жұмыс үстелім де суреттегідей шын.
Aizhantabyn
мен лакты сатып алғам))) Негізі, ойын шарты сол, дәл қазір не бар деген)))
sammita
ия түсіндім, дегенмен мұнша зат көп маған)) қазір салам.
19852407
Сол жақсы  
Косметиканы түгелімен көтеріп жүретін қыздарға ең болмаса барельеф орнату керек шығар деп ойлаймын, 3кгңды
madlen
Сол үшін де сен Саммитасың
Zhan
Aizhantabyn
Мына тениге қарап «девушка-зима» деген ой келеді екен))) Артық нәрсе жоқ екен, шашылған тұз сияқты)))
Zhan
Дәл таптың, мен бір рет бір журналдан тест сұрақтарына жауап бергенімде осы «девушка-зима» шыққан. Негізі екі косметикам бар, біреуі үйде, біреуін жұмысқа әкеп қойғанмын. Үлкен набор болғандықтан сумкаға салып жүру мүмкін емес. Ал мынау байғұс шіріп кеткен, сумкамда баяғыдан бері жүрген тень ғой,, тастауға қимаймын. Адам кейде кейбір заттарын жақсы көреді ғой, содан ба тастағым келмейді. Артық нәрсе ұстамаймын, сумкамды аптасына бір рет тазалап тұрам. Сыртқы қалтасына кейде жол билеті жиналып қалатыны рас. Бірақ, қазір үйім жұмысыма жақын болғандықтан жаяу қатынаймын.
salta
тап-таза, жинақы, мадес, Жансая!
Zhan
 Балалы-шағалы болсам менде де бардак басталатын шығар я…
salta
көөөп нәрсе басталады ол кезде...
Aldeken
пай-пай, интрига…
madlen
мынандай платочек әлі бар екен ғой
ushkin
мә, күшті ғой, қазір мен де түсіріп салам )
edige
жук тусiретiндер тауып дегендей екен ))))
salta
менің дорбам бардак, баламның носкиіне дейін жүр...суреттің сапасы үшін кешірім сұраймын
edige
Тренажерга бармасаныз да болады екен )
salta
аптасына үш рет осы сумкамды толтырып, бассейнге барам
araika
"Қазақстан"-ға емес пе, кездесіп қалып жатсақ...
salta
Астанаға, салқын суды жақсы көрем…
Zhan
Кейде мен де сумкамды бардак қып ұстағым келеді ші.
Zhan
Мен әмиянға банкомат карточкасы мен төлқұжатты салмай бөлек ұстаймын. Себебі, екі рет әмиянымды карманщиктерге алдырып қойып, банкомат карточкасын қайтадан жасатқам. Сенде қалай бәрін портмонеге салып аласың ба?
dark_nazgul
менде де бәрі бәрі бір кошелекта. бір рет те алдырып көрмеппін, содан шығар, бейқаммын.
salta
бәрі өзіммен жүреді, СИК, РНН, уд.лич, жинақ кітапшасы, донор кітапшасы, соткамнын гарантия кітапшасы тағысын тағы…  онсыз жүре алмайм
dark_nazgul
мен тіпті кешке қыдыруға шықсам да жеке куәлігімді алып жүрем
Zhan
Менде де солай. Шынымен, қайда барсақ та осы жеке куәлік жанымызда жүреді.
sammita
қалада солай ғой үйреніп қалғанбыз иә. Ауылдан туысымыз келген билет алайық десек куәлігі жоқ сабазың саспайды "үйде" деп
Aikona
қағаздар көппп екен. Сізде журналист екенсіз ғой
satibaldi
Контейнер ақтарылып жатыр ма, бұ жерге не қатысы бар деп қалсам…
salta
 носкиіме дейін қызарып кетті ғой
dark_nazgul
пәшти бәріміз Нивея жағады екенбіз ғой.
salta
дәмі де керемет… а так касында жатқан сібір денсаулығы деген помаданы жағам
salta
кешеден бері менің жанымда отыратындар қызықты жағдайды қадағалауда. Таңертең келемін, мониторға үңіліп отырып, біраз күлемін, жалма жан соткамды шығарып, бір күн үстел үстін, келесі күні сумкамды босатып суретке түсіріп, тонқайып үстелдің астына кіріп шнур тығып суретті компқа лақтырамын. жындыыыыы ма дейд маған Мәншүк… ауру болдым, бұрыннан дұрыс емес едім, Аршат, сен менімен не істеп жүрсің?
Zhan
Маған да бұрыннан күдіктеніп қараушылар аз емес еді, кеше, бүгін екі есе күшейді
19852407

Кеше таңертең келіп, бір шолып шыға қояйын десем, бәрі жаппай Жандармның үстелін тінтіп, бүгін кеп қоссам, сумкаларын ақтарып бірін-бірінің, лювивютондарыңды  
«Мыналар қашан жұмыс жасайды-ееу!» деп кеше тарқылдап күліп алғам Бүгін НӘН ағайдың Жолдауын қолдауға кешігіп қала жаздадым
Zhan
«Керекпен» жағаластырып жүріп жұмысты да үлгеруді үйренетін әдіс керек боп тұр. Бүгін типы солай жасағансымақ боп отырмын. Мен де өткенде «Жасұлан» мектебіне бір іс-шараға барам деп кешігіп қалып, такси ұстап бара салдым.
sammita
бүгінгі сумкам шағын ғана, заттарым мынау:
ushkin
маған қарағанда ұқыптырақ екенсіз )
edige
Неге зат аз… алде принтердi есептейiк па
sammita
принтер мен пудра, спрей, крем төртеуі жұмыстікі.
TERISKEY
принтер ана сөмкеге қалай сыйып жүр?
Zhan
Ақшаңды көрдік, пиво ішейік та кешке
sammita
қайдағы пиво? демалысқа ет алам түсте Шапағаттан
Aikona
кілт бауға көзім түсіп тұрғаны
sammita
өзім жасап алғам. Айкона сумкаңды аш дабай
Aikona
қазір s бықсық өте көп
satibaldi
Анау шөткең криминалисттердің саусақ ізін қарайтын шөткелеріндей долбардай екен. Бетіңді әп сәтте әрлеп үлгіретін боларсың?
sammita
жә, төтесінен сұрай бер, жұқалатайық дабай
satibaldi
ақшаны етке алып қойдым деп едің ғой?
sammita
адамына қарай амалы
сіздің дорбада не бар, ө?
Zhan
Арамушка, менен аяған ақшаны Сатекеңе қия салмақшысың е?
monti
көз моншақ? расыменде көз тиуге сенесің?
sammita
үйде жатқан, тізіп қойдым. Ырым-тыйым, көз тиюге сенбеймін аса, бірақ шамам келгенше орындауға тырысам.
19852407
Тиіннің құйрығынан жасалған затты көрдік
Анееу Фаберликтің бер жағындағы румяна шығар?
sammita
Манхэттеннің пудрасы.
ereke_enu
Принтер да сумакадан шыққан ба?)))
ushkin

опа-далап анау-мынауларды анау үлкееен косметичкаға саламын )
Zhan
Міне нағыз студенттің сумкасы! Ұқыпты екенсің.
sammita
студенттік билет әдемі екен
19852407
ия, көзге оттай басылады
Aikona
кітап? Көп сумғадан табыла бермейді
satibaldi
Мейіргүл, сенде кредит-кард көрінбейді… Әлде, о, Шива — күңдікте???
ushkin
әмиянның ішінде ғо)
satibaldi
Бәсе, қорқытпасаңызшы олай.
GulL
анау қандай кітап виктор… бірдеңе деген
edige
маган ТОКАЛдар деген соз сиякты келесiсi…
Aizhantabyn
Токарев шығар)))
dark_nazgul
мен басында «викторина токал» деп оқыдым
сөйтсем Виктория Токарева ғой деймін.
ereke_enu
студент-журналист)))
Gulistan

Бұдан басқа қонаққа барсам киетін шұлығым да жүр сөмкемнің бір бұрышында.
Aikona
Косметичкаңыз маған қарағанда байырақ екен
Gulistan
Косметичка болғанда, ерінге жағатын гиг. далап пен блеск қана өзіммен бірге, бірақ косметичкамды ұстамаймын.Боянсам, үйден боянып шығамын. Сондай-ақ, иіссу, тарақ ұстамаймын. Шашымды таңертең және кешке ғана тарайтындықтан, оның аса қажеті де жоқ мен үшін.
Dinara
anau airastana'nin kapshiginda ne bar Anar
Gulistan
Фотоаппаратымның чехолы жоғалуына байланысты сонда салуға тура келді
Zhan
Заттарыңа сындым  Ең гламур косметичка сенде екен
19852407
Мери Кей компаниясының табысы тұрақты түрде жоғары өрлеп жатыр екен деген долбар жасап қойдым
chimaq
marry key dep tur eken...
ereke_enu
Розовый түстегі хардты бірінші рет көруім)))
Gulistan
Розовыйдан гөрі қызылға келетін сияқты:
Aigolek
буны казакша малинывый дейт
dark_nazgul
Бір байқағаным, кейбіріңде опа жағатын кисточка бар да, опа жоқ. Ол қайда?
sammita
менде тұр әні принтер жанында.
19852407
Қыздар, сіздер бүкіл агрегат, қару-жарақтарыңызды түгелдей көтеріп жүреді екенсіздер. Опа-далап тасымаймын, тек қана блеск для губ жүреді сөмкемде 
salta
огородыма келіп үлкеееееееееен тас түсті…
Aikona
диктофоны бар адам көп екен ғой бізде
sammita
журиктер ғо
19852407
 компромат жинауға таптырмайтын құрал
satibaldi
«azamat» деген бір жерге біреудің атын жамылып кіріп жүрсің бе?
19852407
Өз атымды, өз тонымды жамылып кіріп жүрмін
monti
азамат деген анау бейдж ненікі? азамат бағдарламаса болып ед бұрын хабар арнасында
19852407
Болған, болған, бәрі де болған…
Бәлду-бәлду бәрі өтірік
Gulistan
Сумкаң әдемі!!!
Ministry
 ия, әдемі екен
19852407
Рахмет, әдемі сөмкелерді жақсы көрем
Мында көріністі перчаткам құртып тұр шамасы (андағы жатқан племянницамының есік алдына ойнауға киетін рабочий қолбағы)  
Қолғабым да Шанелден болатын, жоғалтып тындым, осы қыс үшінші қолғап жоғалттым  Жоғалтқанда да мыңболғыр таксист бала бордачогын ашжіверіп, сүңгіте салыпты, артта отырған құрбыма берудің орнына  ондай да болады екен
madlen
Пластырьды көп алыр жүресің ба? Мен олсыз жүре алмайм
19852407
Көктемде туфли киетін маусым басталғаннааан қалып қойған пластырьлар ғой, сөмкеден сөкмеге көшіп жүрген
AKY
тек қана блеск для губ
Блесктің қасындағы тени (Джаде) емес пе?
19852407
 Иии, жаны сол, қайда жоғалып кеттің өзің!?
Дәл сол марка, тек румянасы
AKY
Аздап жоғалғанбыз, енді қайта пайда болдық
19852407
 Дұреес, жиі-жиі пайда болып тұрщь осылай
Aikona
Айжантабынның заттарына құладым, сондай ретті, әдемі әсіресе ана күшік
edige
Улкен кушiк фотога сыймаган бiлем…
Aizhantabyn
aina goi ol
Aikona
 сүйкімді айна екен
sammita
қоймады ғо, алматылықтар, айна сыйлаңдаршы Айконаға 8 мартқа
sammita
оның фотигі күшті просты
Aikona
Бәсе, сумкам неге ауыр десем?
edige
Дорбанызда заттар калып койган тарiздi, толага уксайды але
Aikona
ұсақ — түйек бар әлі
madlen
ана сағызды шайнадық бағана )))) Жалғасқа бөліп бердік еще
e_zhalgas
иа, кеңпейілдігіңе тәнтімін )))))
TERISKEY
мынадай заттар арасында ана сникерс қалай ерімей жүр?
Aikona
Уже, жеп отырмын  Еріп кетпей тұрғанда
satibaldi
Үйдің тек темір есігін кілттей салатындардансыз ба?
Aikona
Қайта кілттерім ана жерде көрінбей қапты ғой, әйтсе базаркомсың ба деуші едіңіз
sammita
завскладтың кілті ме
Aikona
иа . обшым 15 тей кілт жүреді
satibaldi
А? Әрі кеткенде алтауын санама сидырдым, ал қалған тоғызы неден???
Aikona
офиста төрт кілт, үйде төрт кілт, магазинде (жұмыстың) екі кілт, сейф бар. Қалғаны бұрынғы жұмыстың офисының кілттері
satibaldi
үйде төрт кілт
1.«Шиииииииииииииииқ, бдзжжж — чық-чық». 2. «Шиииииииииииииииқ, бдзжжж — чық-чық». 3. «Шиииииииииииииииқ, бдзжжж — чық-чық». 4. «Шиииииииииииииииқ, бдзжжж — чық-чық»…
Фуу, қалай жалығып кетпейсіз?
Aikona
тух, құпиямды біліп қоятын болдыңыз ғой . Екеуі дарбазаныкы ғой
satibaldi
Дарбазаны кілттеудің не мәні бар?
Aikona
ұмытып қалдыңыз ба? картасын салғандағы таңқалысыңызды *(
satibaldi
Ааа. Есіме түсТ.((((((((
Zhan
15 кілт? Папочка
chimaq
qolymdy sozyn bireuin alghym kep ketti...
Tarazkyzy
Тень мен тушь таныс(Made in Turkey ма)
Aikona
тень сол жақтан, тушьты қарамаппын
Aikona
Мен бір жұмбақ жасырайыншы  Басқа қыздарда жоқ менде бір зат бар табыңыздаршы
TERISKEY
сникерс?(уже ол да жоқ) фотоаппарат? ааа, 15 штук кілт?
Aikona
сникерс уже точно жоқ
satibaldi
Күнделік.
Aikona
айта салайыншы иа  Сникерстің қасында тұрған қара қорапта тұрған… Қасымдағы балдар көріп ап «сенен қорқу керек екен» деген
TERISKEY
сонымен, жауап?
Aikona
электрошок  
satibaldi
Қолданып та үлгірген шығарсыз???
Aikona
өкінішке орай… ЖОҚ… Нападение болмай жатыр
sammita
мынадай сөмкеден тауып алғанша оны
Aikona
 тура айттың ғой
19852407
өкінішке орай… ЖОҚ…
Сенен шындапта қорқу керек екен
Aizhantabyn
молодец! негізі керек нәрсе, әсіресе Алматыда, әсіресе жұмыстан кеш қайтқан уақытта.
Aikona
 ағам берген, бірақ ұстауға өзімде қорқам
Rozatai
ниче страшного, кезінде мен де «Русский медведь» деген газды баллон ұстап жүретінмін үнемі. Сақтық керек қой
satibaldi
кезінде мен де «Русский медведь» деген газды баллон ұстап жүретінмін үнемі.

Қазір не болд, бүйткен өмірі құрысын деп шештің бе?
Rozatai
Ол байғұс баллонның сақталу мерзімі өткен сияқты. Шашқан адамымды өлтіріп алармын деп тастай салдым.Сосын, ол кезде жұмыстан әл-Фараби даңғылымен қайтатынмын, қазір ел көп жүретін Тимерязевпен қатынаймын.
satibaldi
Ол байғұс баллонның сақталу мерзімі өткен сияқты.
— Ббуах-ха-ха, сөмке, әмияның, сақинаң — барлығын шеш!
«Пшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшш!».
Бандит:
— Ааааа, мерзімі өткен баллон! СЭС-ке айтып қоям, бву-әәәәәәәә!!!
Rozatai
 Сол бандит баллон мерзімінің өткенін сеземін дегенше-ақ Аид патшалығына аттанып кететін сияқты
19852407
муахаахаххаахаааааа
GulL
Негізі керек нәрсе ғой, бірақ оны тауып алғанша сосын дәлдеп көзін тапқанша шашатын бастан бір ақ ұрып естен таныдырып тастамайма, оданда каратэге барған тиімдірек сияқты
Rozatai
каратэге уақыт керек қой. қорқынышты көшелермен жалғыз жүрген кезде баллонды қолыма ұстап алатынмын. Қолымда болса, кішкентай баллон емес, пистолеті бар адамдай сенімді жүретінмін
Rozatai

Сөмкем суретке сыймай қалды, дәәәу жылтыр қара «Тосоко» ғой
satibaldi
Қанар қапшық болар сірә?
Rozatai
иә, қапшықтан бір кем емес. Дәәәәу дорба
Aikona
ақ бантигі бар не?
Rozatai
шаш буатын резинка ғой
sammita
анау орифлеймнің жарылған теріге жағатын майы ма?
chimaq
1,Ana irbidyng sureti bar ne?suikimdi eken....
2,ana bir «precca»degen jazyuy bar ne narse?baiqap otsam kop adamdarda bolady eken?
sammita
Пресса деген-баспасөз. Журналистер ұстайтын куәлік.
Rozatai
ол былтыр Азиадада берілген флешка ғой
monti
ручканың басы ойыншық?  шапкасымен?
Rozatai
иә, бұл прикольный ручка мен анау жатқан розовый блокнотты өткенде Ака сыйлады
salta
қызыл куәлік қай мекеменікі?
Rozatai
екеуміздің құжатымыз сойып қаптағандай ұқсайды екен, ә?
satibaldi
Анооу диктофонның астында жатқан — «Күміс алқа» иегерінің куәлігі емес пе?
Rozatai
 Универде читалкаға кіретін билет
rakisheva
Қаламын ұнап қалдыыыыыыыыыыыыыыыыыы
Rozatai
Аканың быкусы
19852407
есесіне күшік айнаң болады
Aikona
онда Айжантабындыкіндей деп па
Gastarbaiter
«Дорбасы» толып жүрген еркектер әлгінде көп сияқты еді, бүгін жым-жырт бола қапты ғой.
zhandarm
сен қандай дорбаны меңзеп отырсын сонда?
Aigolek
канша дорбаныз бар еди
Erkekyz
Ух, ты! Күшті.
Сендердікі косметичка болса, менікі аптечка екен).
Rozatai
менде бояу жоқ қой
Adiletshu


Дым жоқ. Ручка да ұстамайм
Gastarbaiter
Ұстайтын нәрселерің әлі алда екен.
a63a1
Adiletshu
Не жырқ-жыоқ күлкі. Айта отыр, күлейік…
meirzhan
Географиядан мұғалімсің бе?
Aizhantabyn
Логиканың Құдайы екенсің))))
Gastarbaiter
Мен мысалы оны, 10-шы сыныпта оқитын Христофор Колумб пен Фернанд Магелланның фанаты деп ойладым.
rakisheva
Қааааааааааааааандай қарапайым сумка
asaubota
ау, бәріңнің апа-қарындастарың бар емес пе? давай, қыздардың сумкасын аңдығанды қойып, басқа тақырыптарға барыңдар. ұят емес пе? а?
Gastarbaiter
Уборшы келді. Зытайық…
Бірақ… бұл тақырып тек нәзік жандыға арналса, Әділет не істеп жүр?
asaubota
қой, әзіл ғо менікі. айналшықтамаңдар, бәрібір қызық ештеңе шықпайды.
Karakyz
Тобырдан қалмайын. Айжан шегелеп тұрып тапсырғасын салып отырмын
satibaldi
Осының барлығын жасыл одеялмен орап алып тасып жүресің бе?
Karakyz
Жоқ, анау кітапшалардың астындағы сұр дорбаға салып тасып жүрмін. Алапес кілем мен жасыл одеялдан екіншісі таңдалды фон ретінде. Фотографтық өнерім мәз емес
konvict
Яапты, таңғы 5-те оқимын деп қасымда ұқтап жатқандарды оятып жібере жаздадым
Aizhantabyn
салфеткалардың жауы сен екен ғой, геееееерл))))
rakisheva
Қандай қызыыыыыыыыыыық  Қызығып кеттім ғой. Аж ерінбей сумкамды әреееееееееееееееең ішінен барлық заттарын шығарып суретке түсіріп алдым  


Мынау менің сумкам!



Оның ішінен шыққан заттар!



Енді қайтадан жинап салуға ерінііііііііііііііііп отырмын
Zilola
Құдай, жаным ау, сумкаңның іші мультик екен ғо )))
Aigolek
розывый го бари. Иеси блондинка деген асер калдырады
Gastarbaiter
Қандай қызыыыыыыыыыыық Қызығып кеттім ғой. Аж ерінбей сумкамды әреееееееееееееееең

Мына сөздерден соң-ақ диагноз қоя салғам, рас боп шықты.
rakisheva
Не диагноз деп сұрамайақ қояйын
rakisheva
ааааааааааааааай, ешқандайда блондика емес ақ, розовый және фиолетовый түсті өте қатты ұнатамын
Gulzhanat
менің сумкамда ешқашан осындай цветочно-розовый, әдемі заттар жатып көрмепті
Erkekyz
Сыртын санамағанда, іші менің 4 жасар сіңлім Алияның заттарындай екен.
Сумка ұнады.
TERISKEY
Сыртын санамағанда, іші менің 4 жасар сіңлім Алияның заттарындай екен.
тілектес-құрбы?
Aizhantabyn
Күшті))) Әсіресе анау Хамленің Тамаша печеньесі бала кезді еске салады)))))
rakisheva
@erkekiz, @Aizhantabyn постта:
Ойынның шарты, дәл қазір, еш өзгертусіз, ешнәрсені алып тастамай, дорбаның ішіндегіні шығарып, тізіп шығу (Админко бір нәрселерді алып тастайсыңдар дид, олай болмасын)
дегенен соң шыныммен сол уақытта не тұрды соның бәәәәәәәәрін шығардым ғоооооооооооооооооооооооооой
Erkekyz
Маған айттыңыз ба? Сонда ренжіп отсыз ба? Жо-жоқ, ренжімеңіз, Айнұр. Жаман оймен айтпадым ғо. Не косметика қолданам десеңіз де өз еркіңіз ғо.
Анау Теріскей де орынсыз айтты. Ренжімеңіз.
rakisheva
Жоқ ренжімедім! Ал Мико (Теріскей) қуатынын бұрынан білем
Zhanylai
мынадай түсті ұнатады екенсің. Айнұр, 500теңгең бар екен ғой. кеттің қағанатқа
ereke_enu
Менің дорбамда 1 блакнот-ручкасымен, 1 ебук-наушнигімен, 1хард-диск-юсб шнурымен… және ЗТЕ модем, 1 қарындаш(былтырғы семинардан қалып кеткен))), және бір Устав жатыр екен)))
Aizhantabyn
сурет қайда?)))))
Korkem
Бұл сайтқа очм таныс еместер салса да бола ма екен?
AKA
Қош келдің!
Korkem
бірінші боп пікір жаза ғой.....))
Aizhantabyn
Bolady, Korkem DD Men seni tanimyn je DD
rakisheva
А мен сені танииииииииииииииииииим
Korkem
Салеметсіздерме!!!
Аз деп ойлап жүрсем.....)) мынау тіпті…

иіс суым таусылып қалса да тастамаппын)) сағаттың астындағы маникюрға арналған набор.
Aizhantabyn
wow! не жоқ, бәрі бар екен))
Zhanylai
Айтабердегі Көркем???
Korkem
Ия, ия сол Көркеммін
Korkem
))))))))))
Zhanylai
Танысқаныма қуаныштымын
Korkem
Мен де
AKA
Жалпы, мұнда смайликтердің түр-түрі қарастырылған.  Анау тарақты көріп… шашың қалың һәм ұзын ба?
Korkem
Дәл сол тарақты шығарып алып, қоюды ұмытыппын, соны сөз жоқ айтарыңды сезіп қайта түсірдім ғой...))) Тісі ірі тарақпен тараса шаш анау айтқандай көп түспейді, ол шашымның қалың, һәм ұзын екенін білдірмейді, ерекше күтіммен қарайтынымды білдіреді...)))
AKA
Кішкентай кезімде шашым қалыыың болған, сонда мамам дәл осындай тарақ әкеп берген, есіме түсіп…  Жақсы, біраааз заттар бар екен.
Korkem
Мына «керекке» Айтаберден бұрын келсем де әлі үйрене алмай жатырмын, бізаз уақыт сүйреп жүрш. А то жетімнің күйін кешіватырмын.(
Korkem
қы-қы-қы сізді танымайатырмын, баяғы «все приходит с опытом»сыз ба?))
AKA
Иә, иә және он саусағынан өнер тамған жан!  жекеде сөйлесейік
Aizhantabyn
Ака менің жеке ПРменеджер болып апты))) жаным сол))
Gastarbaiter
Ааа, қалайсың… бетің бері қараған-ау шамасы?! Бойыңа бала біткендей, қабыланның етіне жерік болғандай нұрланып тұрсың ғой өзің
dark_nazgul
Жерік болған әйел қайта талғақ басып, дел-сал болып, құрысып-тырысып қалмай ма екен, жерігі тарқағанша. Тем более, қабыланның еті сияқты күндізгі айдан да алыс нәрсеге жерік болса.
Gastarbaiter
Оны сен білесің де, Біржан Салдың текстін жазған сценарист қайдан білсін
dark_nazgul
бәсе, бір түрлі таныс тікес, қайдан естідім деп ойланып отырсам
AKA
Жо-жоқ, мен керектегі функциялар жайлы айтып, кей жазбалардың сілтемесін беріп, өзімен де танысайын дегем…  Сізді жақсы біледі ғой және қандай күшті адам екендігіңізді де
rakisheva
Ұялы телефоның мен Мери кейге қатты көзім түсіп отыр  
Korkem
Аха, Еркеқыз таныдым...))
AKY
a63a1
неддеген үлкен сурет мынау, панорама ма?
AKY
Ана суретті түзетіп үлгермедім, өтініш
AKA
"Қазақстан" шоколады бар екен  тойыс қағазы дегенім. Анау ақ-қара жіп не зат?
AKY
Біреудің баласының тұсауын кескеннен қалған
Aizhantabyn
Сенің енді анау тұсаукесерден бері салып жүргенің))))))))))))))))
AKY
жоқ, ол жіп басқа сөмкеде-ау деймін, ал мынау — алдыңғы жазда Таразда болған тұсаукесер)))))
Aizhantabyn
оооо!!! Мен ба дим бәрін салып ап жүре беретін)))))))))))))))))) Ну ты даешь!!!
meirzhan
магиструм сентиментум
AKY
ондай әлсіздігіміз бар енД.
19852407
Анау жатқан «Истоки чистоты» деген неден қалған қағаз?

*Айтпақшы, студенттік билеттеріңді асцтоналық аптабустарда қолданатындай жеңілдік қарастырылған ба?
AKY
«сібір денсаулығынан» битәмин)))
19852407
Гормоналды препарат не химиямен дос болмағаныңа шүкір
sammita
Космодром
«Вандиди» кремі маған ұнайды. доллар
patick
Кейбір адамдардың сұрауы бойынша. Жоқ, презик жоқ. Жоқ, ештеңе жасырған жоқпын:

VKM
 жинақы, Рысбек деуші ма едік?
Мен бар ғой, осы тақырып ашылған күні сумкамды жақсылап отырып жинадым
VKM
куәлігің ескі ғой, ИНН бар ма?
patick
ИНН бар, биыл ауыстырамын куәлікті.
Zilola
зато сол кезде арық емес екен, суретіне қарап сүйсініп отырмын ))
patick
қаңтардың 3-4-і күндері фотоға түсіп едім, бет бірнеше күн бойына ішкеннен ісіп кеткен ғой. оныншы класта да алқаш болыппын ғо
Zilola
кетЧ
Gulistan
Патикжан-ау, куәліктегі суретің қандай күшті!!!
Aizhantabyn
жесткий диск көзге оттай басылды))))
Gastarbaiter
Мен вахтаға алып шығатын дорбамды ақтарайын ба
Zilola
дауай ))
Gastarbaiter
Қой, ей былай айта салайын,
7-8 трусы, 7-8 пар носки, 3-4 майка, 4-5 футболка, 2-3 свитер, бір пуловер, сақал қырғыштар, қырынуға дейін-кейінгі лосьон-кремдер, аптечка, Екі шампунь (жартылай-жартылай алдыңғы вахтадан қалған), бір гель для душа, бір сабын, тіс пастасы, счетка, қысқы пар қолғап,
спорттық киімдерім, бір пар тәпішке, бір пар залға киетін кроссы, екі подштанник, үш джинсы, бір пар спорттық қолғап, шайға тататын конфеттер, екі сүлгі банный-шманный, бір лаптоп, бір блокнот, екі ручка, жапон порносы және бір силикон кукла деп кете беред
Gastarbaiter
Как всегда телефон зарядкасын ұмытып кетіппін. Таңғы поштамен беріп жіберіңіздерші деп звондайм әдетте.
Zilola
счетка
зачем?
Gastarbaiter
Тіс тазалайтын щетканы айтқам.
Zilola
сонда не ғо, үнемі осы сумканы тасып жүресің бе? неге тастап кетпейсің сол жақта, арқалап жүру ұнайды ма?
Gastarbaiter
Ол жақта да бар ғой бір коробка заттар.
Біз әр жерде жүреміз көшіп, кейде жатақханаға түсемін, кейде ай даладағы вагончикте өткіземін бір айды. Сондықтан әр айда әртүрлі жинауға тура келед сумканы. Сосын бір айдың ішінде кіржуғыш машиналардан кейбір жеңіл киімдер тозып тұрад. Орнын ауыстырып тұрасың, ол жерде сенің орныңа сменщигің кеп жатады, шкаф, Гардеробты босатып бересің оған т.с.с…
meirzhan
Аударма жұмыстары қайда жүргізіледі?
Gastarbaiter
Мұнда:

Офис бар отчет тапсырып кететін, сонда. Рация арқылы, телефон арқылы, сосын бірен саран хаттарды аударамыз. Көбіне ауызша аударма.
Aizhantabyn
мамааа! Ужас қой! Далада, а ваше жұмыс күні ұзақ па?
Gastarbaiter
12 сағат. Үздіксіз емес енді, кофе брейк, обед, түстен кейінгі бір кружка кофеміз бар, интернетке таңертең кешке жарты сағаттан уақыт болады… Бірақ, иә сол таңғы алтыдан кешкі алтыға дейін.
Aizhantabyn
ууууууужас! 12 сағат!
Zilola
ондайы онша емес екен, менің заттарым шкафта құлттаулы жатыр, сезон сайын ғана ауыстырамын гардеробты, ал кірді өзім жуамын
Gastarbaiter
Айлап істеген соң, екі вахта бір сезон ғой бізде енді. Кейді бір вахта бір сезон болады Шикізатқа сүйенген экономикасынссс
Zilola
түсінікті, онда жаман екен, сумканы ары-бері арқалағаны ақ шаршатады ғо
Gastarbaiter
Троль ретінде қартаяйын деппін. Силикон кукладан басқаның бәріне мән бердіңдер.
Aizhantabyn
уахахахахах) Мұндаймен ешкімді таң қалдырмайсың уже, Грин)
Gastarbaiter
Соны айтамын, приколдарымыз Морально Устарели
19852407
«счетка» деген не?
Gastarbaiter
Не болушы ед опечатка біләт, көтіме шам алып түскен түріңе болайын. ЕНді үтірлерін түгендеп жібер
Aizhantabyn
с қайда, щ қайда дегендей))) четки(таспих) деп ойладым мен))))
Ministry
 МЕН ДЕ СӨЙДЕП ОЙЛАҒАМ, НАМАЗҒА ЖЫҒЫЛҒАН ЕКЕН ДЕП.
ОПЕЧАТКАСЫНЫҢ ТҮРІН
19852407
менің де меңзегенім сол еді…
19852407
Әркім өз ойынан хабар береді… бәрі сен сияқты зымиян ойлы дейсің бе, нақ!
Анығын сұрағам, зәрің бетіңе шығып тұр ғой тегі, кекшілін, ұзақ өмір сүр, ерте кәртейіп неғыласың
Gastarbaiter
Демалш білә Зымияндық дейді ғой, нағыз зымиян болсам, онымды тіпті байқамас та едің. Жай көңіл күйді жасыра алмайтын адамымын. Керісінше екенін дәлелдемейінше, барлық адамды алдын ала қара ниетті деп белгілеймін.
19852407
ия, сол көңіл-күйіңді көрдік…
Зайыбыңды ал да демала бер, боссың!
Aizhantabyn
сааамый безобидный тақырыптың өзінде)))))
Barsa
Дорба ұстамайды екенмін. Күртеше мен джинсидің қалталарын қазып кетсем біраз байлық шығады-ау деп отырмын.
Zhanara2012
Ойланатын жайт екен. Дәл қазір сумкамда порядок жоқ. Тазалап тастайын мен де.
Zhanara2012
Косметика үйде қалыпты, жалақымды алдым. Банкомат карточкаларым ғана бар. Қалғандары маңызды емес құжаттар екен. Мусорға кетті.
Zhanara2012
Мұндағы біраз адамның ақшасын санап шықтым.
Тақырып авторы пікір жазуға рұқсат бермейді