Байтасовтың отбасында

Тараздағы террактте өз денесін гранатаға тосқан Байтасовтың ерлігін ескеріп, біз де естелік бермекші болып келіскен едік қой. Сурет дайын болып, Айкона беріп жіберген еді. Неге екенін қайдам, суретті алған соң біраз уақыт барудың сәті түспеді. Тек, сенбі күні кешкісін барып қайттым. Сіздердің де қайғырып көңіл айтатындарыңызды, КерекИнфо блогшылары мен Ғаламарт атынан деп суретті табыс еттім. Жары Гүлжамал, анасы Гүлзат рахметтерін айтып жатыр.

Шешен болып көсіліп сөйледім дей алмаймын. Андай жерде не айтарыңды білмей қалады екенсің. Очм, екі баласымен әкесінің портретін суретке түсірдім. Және анасының тілегі бар.

Сурет-видео аз болды деп ренжімеңіздер. Қолымнан келгені осы болды.







Видеоны түсірер де фотоапаратты дұрыс ұстамаған екенмін. xawgim болғандықтан дұрыстайтын прг-ді білмедім
Бөлісу:

18 пікір

satibaldi
Сиынатын құдайыңан қайтсын!!!
Maya
Алла разы болсын!!!
Aikona
Аман- есен жеткені жақсы болды . Рахмет Абай!
patick
Еңбек зая кетпеді, рахмет
patick
Аптырға: Ютубтың өзінде бар ғо түзейтін функция
Jacqabaies_Chirac
Gastarbaiter madlen ерекше үлес қосқан азамат пен азаматшаны бөлек атап өткенді жүн көріп отырм, буддажарболсын!!!
neoman
Ерлікті бағалай білетін жастардың барына ризамын да
konvict
Қайғылы оқиғаның орын алғанына бір жыл болыпты ғой
Aikona
бұл оқиға да бір жыл толыпты…
alisha
Иә… Кеше КТК-дан осы туралы сюжет көріп тостағанымызды бір сулап алдық. Әсіресе жарының: " Үлкен балам алғаш рет туған күнін әкесіз атап өтті. Ертелі — кеш жылаумен болды, өте ауыр тиді" деген сөздерін естігенде… Ұлым түсінбей қалды білем, «Ана, суреттегі сіздің әкеңіз бе?» деп таңырқады.
bizbike
www.voxpopuli.kz/kz/post/view/id/773 ерлікпен қаза тапқандар аз емес, бірақ олардың отбасылары көмексіз қалып отыр