"Мәдениет" кітапханасы жабылғалы жатыр

  • Автор
Бүгін Алматыда Байтұрсынов-Қарасай батыр көшесінде орналасқан «Мәдениет» кітапханасы жабылғалы жатыр, кітаптары сатылымға шығыпты дегенді естіп кітапханаға бардық. Шынымен, ішінде адам көп. Алғашқы күні-ақ, қазақша кітаптарды талап алып кетіпті. Кітапхана 40-шы жылдардан бері қарай істеп келеді екен. Сондағылардың айтуынша, бұл жерге Есімов колбаса сатылатын дүкен ашады екен. Екі айдан астам уақыт болған кітаптың сатылып жатқанына. Қаншама газет, журнал тігінділері, жалғыз данадан қалған қазақ әдебиетінің алтын жауһарлары кетті… Қазақша кітаптарды табу қиын, дегенмен әлем, орыс әдебиеттерін алуға болады. Жекеменшік университеттер тіпті, кітап сөрелерін де сатып алып жатыр екен. Тв-дан көрсетсе де, мұнда шенеуніктерден ешкім келмеген. Сағат он бірден төртке дейін асыл уақытынызды қиып барсаңыз, қаншама жауһар арқалап қайтасыз. Жүз теңгеден кітаптар. Тек шашылып жатқан кітаптардан өзіңізге керекті дүниені іздеп табу қиын. Қайран қор болған кітаптар ай…

Ұқсас посттар

32 пікір

Albasty
Жүз теңгең болғанша жүз досың болсын деген сөзді қажет етпейміз десеңші.
edige
бұл жерге Есімов колбаса сатылатын дүкен ашады екен
халал шұжықтар шығарады ма екен?
Albasty
Қазақша кітаптарды табу қиын, дегенмен
Ұмытпасам, Қарағандыда ғой дим кітапхан, демек, қазақтардың кітапты мықты оқитыны дәлелденді де
AL-ASTER
Тым болмаса, кітаптарды сканерлеп алып кейін сатпай ма
manshukn
Онда кітап көөөөппп. Кітапхана 3 бөлмелі, жер төлесінің өзі майда 4-5 бөлмелі.
nurbergen_makym
Уа, құлағы ұзын біреуіңіз болсаңыз, бұл інжілхананы неге жапқалы жатқаны туралы молырақ ақпаратпен бөліссеңіздер екен. Әйтпесе, Есімов дүкенінің шұжықтарына тоймай отырмыз.
QaradomalaQ
Анау, орыстардың шіркеуінің қарсы алдындағы емес пе, Никольский базарының манайындағы? Осыдан 13 жылдай бұрын, мектептегі кезімде, сол жерде істейтін айдай сұлу кітапханашы «апайға» ғашық боп қалып, шықпаушы едім сол кітапханадан, өзімше өтірік «оқымысты» болып...Қайран кездер-ай!.. Және қайран кітаптар мен кітапхана!
meirzhan
Және қайран жұмыссыз қалған айдай, күндей ыстық сұлу кітапханашы «апай».
QaradomalaQ
Ол «апайымыз» әлдеқашан «элитная домохозяйка» болып алған, шіріген бай «ағашқаның» етегінен ұстап...Қазір жасы қырықтан асып кетсе де 17 жасар қыздарды шаң қаптырып кететін «айдайлығы» да ешқайда қашпағанын көргем…
boztorgai
қала әкімінің бұл ошақты жабу туралы шешімі қәне
жергілікті керекшілерден түсіндірме берер жан бар ма
satibaldi
Қаззақтар. Басқа айтарым жоқ. Кітап өзімен бұлай ойнағанды көтере алмайды.
Daniar-Alan
оххх, Сатыпалдыда жүрек бар екен ғой…
dark_nazgul
ертең істей ме екен?
Умберто эко болса satibalar едім
monti
Умберто эко болса
38 жылы ашылған кітапханада вряд ли боуы мүмкін
manshukn
он бірден бастап істейді. Анда көп кітаптың ішінен тауып алсаңыз, сатып алыңыз
meirzhan
Жүрек ауыртарлық оқиға болып жатыр.
www.youtube.com/watch?v=sAA2OIrYzYo
araika
Маған кітаптардан бұрын, газет-журнал тігінділері аса қымбат. Алматыға ұшқым келеді…
Janasil
2012 нің алғашқы қаралы оқиғасы.
Janasil
Жан ашыған түріміздің,,, басқа елде болса халық наразылық шарасын ұйымдастырар ма еді. Ал бізде сәтін пайдаланып кітіптарды арзанға алып қалуға тырысып жатыр.
blackbeard
Кітаптары тегін ба, әлде сатылады ма екен?
manshukn
басында тегін берілген, қазір әр данасы 100 теңгеден сатлып жатыр.
boztorgai
алыс боп тұрғаны
кітап десе кесесін үстелдің үстіне қоятынның бірі едім
boztorgai
90-91-92-93 жылдардағы газет тігінділері болса алыңдаршы
сонда көп дүние бар
manshukn
Олардың барлығы уже жоқ. Қазір тек орысша кітаптар қалған.
monti
суреттен байқағаным, ылғалдық басым болған сияқт, мүмкін тым ескі жарамсыз ғимарат болғандықтар шығар
бірақ онда да кітапхананы қимайсың, андай* нәрсеге...
zhannin-sayasi
Мен осы жерден 33 кітап сатып алғанмын, 3 — ін тегін берді)"Қазақша кітаптардың барлығын түріктер алып кетті" деген кітапхана иесі. Сондықтан, тек әлем әдебиетінен алып, біраз қарық болған жайым бар) Бірақ, қазір қайта жұмыс істеп тұр дейді ғой.
manshukn
солай деп естідім жаңалықтардан мен де
KILYZAMAN
Шұжыққа қақалып қалғырлардың басқа орын таппағаныма
satibaldi
Осы кітапхананың тағдыры не болды екен?
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.