Бірінші жарыс. Бірінші орын.

Әлқисса, кешегі жазған жарысқа барып қайттық. Дайындықтарға өзім апарып жүрмеген соң, мәліметім аз болды да, жай ғана бір аудандық немесе қалалық деңгейдегі жарыс шығар деп ойлағанмын ғой. Сөйтсем, қателесіппін: жарыс кішігірім болғанымен, тек Алматы ғана емес, Тараздан, Ташкенттен де командалар келіпті. Қызыл, сары, жасыл, көк белбеулермен жүрген балаларды көріп, кәдімгідей тартыншақтап қалады екенсің. Бірақ, Құдай оңдағанда, Әли жалғыз қарсыласпен шығатын болды. Онда да өзімен жасты клубтасымен. Жарыстың ең кішкентай қатысушылары солар болды. Содан көңіліміз біраз тыныш жүрді… спаррингке шығар кезге дейін.
Жарыс екі бөліктен тұрды: камса және спарринг (кәрісшесін білмедім). Камса дегеніміз — каратэдегі ката сияқты, опшым, алдын ала жатталған техника көрсету. Спаррингті түсіндіру керек емес шығар (төбелес қо кәдімгі)

Алдымен камса бойынша байқау болған. Бірақ Әли одан бірден шығып қалды. Сосын спаррингке дайындалдық. Шыны керек, Әлидің қарсыласының дайындығын көріп, біраз күмәнданып қалдым. Растяжкісі мықты екен ол жігіттің (аты — Абылай). Бірақ күмәнім бекер болып шықты. Спаррингтен Әли бірінші орын алды сөйтіп. Алтын алғаны үшін емес, бірінші жарыстағы бірінші жекпе-жегін жеңгені үшін қуандым, расын айтсам. Өйткені қалай болғанда да жүлдесіз қалмайтыны алдын ала белгілі болды да маған.

Сонымен, ары қарай суреттер, сосын видео сөйлесін
Жарыс ресми түрде осылай аталады екен:


Жалпы жарыстың алдында:


Ал енді мынау — спаррингтің алдында:


Қанша жерден спортшы болса да, баланың аты — бала. Телефонмен ойынды соғып отыр


Төрешілер кеңесіп жатыр.


Жарыстан көріністер:
Түгендеу


Камса


Спарринг


Суреттер арзан фотоаппаратпен түсірілгендіктен, сапасы үшін жік-жапар болып кешірім сұраймын.

Жарысқа қатысушылар


Гимн шырқалу үстінде. Жарысқа қатысушылардың ішінде Вокспопули.кз сайтының жұлдызы — қара батыр Жанали Әбсеметов (сары белбеу таққан қара бала) те бар. Сол залдан мамасын көріп, оны қайдан көргенімді есіме түре алмай қалдым басында. Әйтеуір түрі таныс. Баласын көрген соң барып есіме түсті


Жарыс туралы аз-мұз мәлімет — осы. Залдағы жарық табиғи болмаған соң, сабын фотоаппаратпен дұрыстап түсіре де алмайды екенсің. Сол үшін суреттер аз болып қалды. Енді тақырыптың тұздығын атап өтсем деймін.
Ляховша айтқанда, «блин с красной икрой» («с черной икрой» сосын болады) — марапаттау рәсімінен кейін:


Жеңімпаздар


Алтын да, күміс те — «Тарлан» клубында


Осылай алғашқы жеңістің дәмін татып жатырмыз


Ал енді — «блин с черной икрой»! Алтын медальдің қалай келгенін өз көздеріңізбен көргендеріңіз дұрыс шығар деп, видеосын түсіріп алған едім


Балаларымыздың дені сау болсын! Барлықтарыңыздың үйлеріңізде осындай чемпиондар болуын тілеймін
Бөлісу:

65 пікір

meirzhan
Құтты болсын! Жеңістері көп болсын жас спортшының!
ken
Таза жеңіс.))
Құтты болсын.
dark_nazgul
Жеңіс құтты болсын!
"Қара батыр" туралы материалды қарағаннан кейін, баламды сол жаттықтырушыға бермек болып, со баоаның мамасына хабарласып, қай клубқа апаратынын біліп алғым келіп жүр еді. Суретке қарасам, сіздің баламен бір клубта сияқты. Енді қасымда отырсыз ғой: қай жерде және баланы қазір апаруға бола ма?
omarbirat
Негізі, ол басқа клубта  Біздің Әлимен таныс емес. Интернет арқылы таныс болғасын атап өткенім еді.

Біздің барып жүргеніміз Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан. Жаттықтырушымыз — Дидар деген жас жігіт (қара белбеу, бірінші дан иесі ғой деймін. Одан да жоғары даны болуы мүмкін). Соған қарамастан, дайындаған балалары медальдарды топырлатып алып кетті. Жаттықтырушының есебінде — кемінде бір алтын, бір күміс, үш қола бар (тағы бір балалар медаль алған, бірақ қандай медаль екені есімде жоқ).
omarbirat
«Тарлан» клубынан тағы бір жаттықтырушы болды. Менің тізгендерім — таза Дидардың дайындаған балаларынікі.
VKM
Маладес! Алғашы жеңісі құтты болсын! Сізді қуанта берсін!
Erkekyz
Омар бырат, құтты болсын ұдыңыздың жеңісі!
Тәп-тәтті балақайлардан сол .
Erkekyz
ұлыңыздың дегенім ғой
blackbeard
Құтты болсын Ұлыңыз нағашыға тартқан ба?
А жоқ, сізге келеді екен
omarbirat
Көбінесе нағашыларына тартып кеткен. Таэквондо жарысында бокстасып…
blackbeard
"Әли, аяқпен теп, аяқпен" ©
omarbirat
Ұялдырмаңдар е адамды
VKM
Нағашыға тартса жаман ба не?
blackbeard
ұят ғой ол, бұқақақа
ken
«Құлын — жатырына, бала нағашысына тартады» дейтін еді ғой?
blackbeard
әзілім ғой ВКМ нағашыларына ұқсайд та
omarbirat
Есесіне сонысы нәтижелі болды ма деймін
balzaminka
ФБ-дан қарап отырсам видеоны, пост жазып та тастапсыз, жеңіс құтты болсын! Түсінбегенім, неге қолдарын оң кеудеге қойған?
omarbirat
Рақмет. Себебі қарапайым — қолдарын шатастырып алған
balzaminka
еее, мен ереже өзгерді ме десем

Тренерлері қара жемпірдегі кісі ме? Жас екен, олимпиада чемпиондарын өсіріп шығарады деп үміттенем, сіздің ұлды да
omarbirat
Иә, бірақ жемпірі қоңыр. Фотоаппараттың кесірінен қара болып кеткен
a63a1
Жеңіс құтты болсын! Кешегі айтқан 10 кг-ның жартысын аяққа деп айтуым керек еді, Қол кете береді екен)
omarbirat
Мынау Абзалдың айтқанын істеп жатыр ғой деп өзім де ойладым. Былай жаман болмады, негізі. Жарыстың жақсы бастамасы болды. Ана жерде жекпе-жекті көргендер бұттарына ие бола алмай қалды  Видеодан да байқалуы тиіс.
a63a1
Қазақ ырымшылмызғой, алғашқысы жеңспен басталғаны жақсы болған екен! Жеңістердің бастауы деп ырымдап қоялық
omarbirat
Әмин. Айтқаның келсін. Дегенмен нағыз жаттығулар енді басталады. Бүгін жай ғана жолдары болды. Бес-алты жасқа келгенде, бәсекелестік сұмдық болатын сияқты. Ондай болатынын бүгін көз де көрді.
KILYZAMAN
Байлығың ұрпағыңмен өлшенетінін ескерсек — Омар бауырым, байлығың еліңе татитындай болғай! Қатты қуанып отырмын...Құтты болсын!
bazuka
Құттықтаймын! Батыр бала Әли! кеше уайымдап жүр едіңіз, уайымыңыз басылып уф деп отырған шығарсыз))
omarbirat
Уақытша тынышталдық
rakisheva
Ұлыңыздың жеңісі құтты болсын Омар ағай
VKM
Алда талай жеңіс пен жеңіліс күтіп тұр ғой!
omarbirat
Бастысы тауы шағылмады. Әйтпесе бүгін небір ұнжырғалардың түскеніне куә болдық. Командада Гүлнар деген жалғыз қыз бар еді (жоғарыдағы суретте бар). Жарыс кезінде клубымыздың басты фавориті болған. Амал нешік, ешбір дивизионда жүлде ала алмай қалды. Бүгінгі күннің басты өкініші сол болды.
asaubota
Әли баламызды алғашқы жеңіспен құттықтаймын. медаль көп болсын!
omarbirat
Рақмет, құрдас! Барды салуға тырысамыз енді. Бүгін бастамасы болды. Жаман болмаған сияқты, қарап тұрсам
Zere
Видеоны көріп бір күліп алдым ))) Ұлыңыз боксқа сұранып тұр екен! Құтты болсын жеңіс! Балалар бәрі сондай тәп-тәтті! Репортажыңызға да үлкен рахмет! ))
AKA
Құтты болсын аға!  Сүйкімдііі ұлыңыздың жеңістері көп болғай, маған видео қатты ұнады, тұрыстарына қарап қызығып кеттім, машАллаһ!
urimtal
Керемет!!! Жеңіс құтты болсын! Абылайдың әке-шешесі келіп: «Балаңыздың жұдырығы қатты екен» деп бір «комплимент» айтып кеткен шығар  

Әр керекшінің үйінде осындай чемпион болсын!!! Чемпионның қалай шынығатынын көрсеткен Омарбратқа АРБ!

«Алға, Әли!!! Аяқпен теп, аяқпен! Вот, солай! Маладец!!!» Әкенің балаға деген махаббатын көріп, жүрегің елжірейді екен!
konvict
Құтты болсын Омарбырат!
Dinara
Жеңіс құтты болсын! Шустрый ғой балаңыз машаллах!
Adiletshu
Туріктің сериалдарындағыдай «Машалла, тіфәй тіфәй» деп қойсаңызшы
araika
Алғашқы жеңіс құтты болсын! Ары қарай да жалғасын таба берсін!
Төрешілер кілең жас жігіттер екен
Zilola
Jenis kutty bolsyn! Ali olimp shynynan korine bersin!

Jenimpazdar suretindegi bapker simpotnyi eken )))
Altygradus
видеоны қарап рахаттанып бір күліп алдым. Кішкене күшіктердің тәттісін ай)
Жеңіс құтты болсын, әрі қарай жалғастыруына жақсы мотивация болған екен. Жалпы ұлыңда жақсы қасиет бар екен, ел не десе о десін саспайтын Көз тимесін
AKY
Иии, сүп-сүйкімді! Нағыз арыстан. Құтты болсын жеңісі!
huanysh
Әлидің жеңісі құтты болсын! Қайсар екен! Жарайсың!
TERISKEY
ИншАлла, балақанның жеңісті жолы үлкен жеңістерге бастау болсын! Тіл-көзден сақтасын Құдай! Құтты болсын, аға!
Abilakim
Құтты болсын! БАсы қатты болса, аяғы тәтті болады" демекші «Камсадан» өтпесе де төбелестен алдын бермепті. Егемен еліміздің көк байрағын үлкен бәсекелерде көтере ұстап, әнұранымызды шырқататын азаматтардың бірі болсын және соған сенейік.
Nurgisa
Саналады, құрдас! Әли әлі әлі бар екенін көрсетеріне сенемін. Жігері мұқалмай, қайсар әкесінен жұққан өр мінез бен өжеттігі чемпиондықтың талай тәжін кигізсін! Жасасын омарбыраттың өзі және үрім-бұтағы!!!
Maya
Құтты босын, Алла тіл-көзден сақтасын!!!
Aldeken
Құтты болсын, құрдас!
monti
құтты болсын жеңіс!!! уай сондай тәтті репортаж болыпты!!!
балаңыздың түрі тәтті, бірдеме шығатын балақай ғо
қазір видеоны басқа комптан көріп келейін
omarbirat
Көп-көп рақмет құттықтауларыңызға! Тілектеріңіз қабыл болсын.

Видео түсіріп жатқанда біраз айқайлап алдық  Жарыс таэквондодан болғасын, кішкене ырымын жасап, тебістер көрсетсе деген ой болған еді. Қолдарына бокс қолғабын кигізгенге, балалар бокстасу керек екен деп ойлап қалған болса керек. Не болса да, боксшыларымен танымал Тараз (жалпы Жамбыл облысы) жақтың жиені екенін әбден көрсетіп қалды
ErNur
Омеке ұлыңның жеңісі құтты болсын! Аман-сау болсын!
Gulistan
Құтты болсын! Бір жеңіс боларын ішім сезген
Jacqabaies_Chirac
бырат құтты болсын! жарайсың балақай!!!
Erke
о БРАТАН КУТТЫ БОЛСЫН ЖЕНИСТЕРИН! КАЗАК ЕЛИНИН МАКТАНЫШЫ БОЛСЫН!
1996Ardak
құттықтаймын сізді.....
Zere
Жаңа ғана сіздің балаңызды Қазақстаннан болатын «Кеш жарық» бағдарламасында көрген сияқтымын. Әлде қателестім бе? ))
omarbirat
Менен ұрланып барып, түсіп келген болмаса, былайынша телевизияға ешкім шақырған емес әлі ))