Қуаныш...

  • Автор
...Бүгін екі ұдай көңіл күй менде. Күйінішімнен қуанышым басым алайда.
Қуанышым сол, бүгін мен үшін өмірде орны бөлек екі жақынымның бірісінің, қымбаттымның туған күні!!! Мамамның!!! Дәл алпыстың асқар шыңына шықты біздің мама!
Аздап мұңайып отырған түрім. Негізі деймін ғой,өмірімде бірінші рет мамамның туған күнінде жанынан табыла алмадым бүгін! Эхх, қым-қуыт тірлік қойған ба, жіпсіз байлап, адымымды аштырар емес…
"… Интернет деген иіні жуан әлемнің иісін сезбесең де, игі хатымды осында жазуды жөн көрдім, мама!
Алпысқа келдің, ардақтым! Айтарың көп, білем. Дегенмен, енді бір сәт сен менің айтарыма құлақ түрші, менікі наз емес, менікі тілек, менікі дұға сізге деген. Кішкене кезімде көөөөөп сырқаттандым, аурухана төсегін жиі-жиі тоздырдым. Ұзағы төрт ай, қысқасы апталап ауырған сәттерімде мен ғана емес, сен де ауырдың, мама! Білем, менікі тән ауруы болса, сенің жаның ауырды, жүрегің қиналды. Сол бір сәттердегі назыма, еркелігіме кешірім сұраймын, сені көөөөп әуреге салдым, алайда сен оны елемедің де, себебі сен ол қызметіңді мейірімі мол аналық парызым деп қабылдадың.
Түтіні мол, тіршілігі түгелмес ауылдың тынымсыз тұлғаларының бірі болдың. Шалыңның шай-тамағы, ұл-қызыңның әр сабағы мен қас-қабағына да жауапты сен болғансың…
Есіңде ме, мен жетіге өткенде бұрын соңды табаным тимек түгілі, түсімде көрмеген Шымкентке оқуға барарда, сен қатты уайым шеккенсің, кенжемнің көңілін жықпайын деп рұқсатыңды беріп, ішіңнен тілеуіңді айтып, түйіншек пен мені шалыңның қолына жетекке бергенсің. Сендерсіз өткен алғашқы тоқсандағы сағынышымды айтсаңшы. Сағынған сәтімді телефоннан айтқанымда аяқ астынан, автобустатып, таксилетіп, 5-6 сағатта жетіп келіп, бір құшақтасқанбыз екеуміз… Сол көрініс әлі көз алдымда…
Сенің маған таңған таңғажайып үш арманың бар еді. Алғашқы өлеңімді өзіңе арнап оқығанымда қааааандай қуанып ең, сенесің бе, менен сен айтқандай ақын шыққан жоқ. (шықпайтын да секілді, ақша мен ауқатты ойлайтын мына су миға өлең деген көрнекті әлем үшін орын жоқ көрінеді). Алғашқы оқудан алған грамотамды сүйіншілей көрсеткенімде, тіпті сенен бақытты жан жоқ еді ғаламда. Сенесің бе, менен сен сенгендей ғалым да шықпайды екен. Үшінші арманың, бір шүйкебасты әкеліп, тәп-тәтті немере-шөбере сүйгізтіп, әдемі әже қалпыңда өту еді. Воот, бұйырып жатса, осы үшінші арманыңды орындаймын, иә, иә, басқасын білмеймін, осы арманыңды орындаймын, мама!
Жалпы дейм ғой, саған деген, сендерге деген өтелмеген қарызым көөөөөппп. Бұйырса өтермін әлі, қуантамын әлі шалың екеуіңді. Тек уақыт қана кедергі болып тұр, мама.
Арманым, сендер аман болыңдар, арамызда ұзақ болғайсыңдар бізбенен! Аллам мықты денсаулық бергей сендерге, сендер менің дұғамдасыңдар!!! Аллаға аманат еттім, мама!"

Аналарымыз аман болсын!!!

TERISKEY

Адам

    Ұқсас посттар

    76 пікір

    AKY
     Айнаааалдым, інішегімнен! Аналарымыз аман болсын!
    AKY
    Көп рахмет, әпке!
    sammita
    қадіріміз кете бастаған ба деймін)))
    AKY
    sammita
    екеуімізді Теріскей 60 жылдыққа шақырса, ыдыс жуып ас үйде жүретін шығармыз
    AKY
     Сен ваще балаларды бағып отырасың, тойға бармай.
    sammita
    ақсақ қыз бала бағады, мен тойда жүрем ыдыс жуып
    AKY
    Ах, сұмырай, ақыры бетіме бастың ба?!
    sammita
    ұятсыз, тілек айтып астын флудтап
    TERISKEY
    kewirim suraymin, menin @AKY men @Sammita apkelerime Alla razi bolsin! Sizderge de bakytty gumir, otbasylarinizga amandyk tileymin!
    AKY
    Қалжың ғой, інішек))) Жекеде-ақ айттың ғой алғысыңды))
    sammita
    менің Теріскей інімнен артық мықты жазатын адам жоқ! Анаң ұзақ жасасын, қызық-қуанышқа толтырыңдар өмірін.
    sammita
    Рахмет
    TERISKEY
    rakhmet!
    sammita
    қызғаныватқан түріміз ғой жұрттан)
    ErNur
    Анаңның туған күні құтты болсын інішек! Жер бетіндегі барлық аналар аман болсын!
    TERISKEY
    rakhmet, aga! Tileginizge algisim weksiz
    Altygradus
    Qutty bolsyn! ake-sheshen aman jursin
    TERISKEY
    Rakhmet,Jake! otbasiniz da aman bolgay! Siz de aman bolgaysiz!
    Lyaila
    Куаныштар көбейсін! Анаңыздың туылған күні құтты болсын!
    Rozatai
    не деген керемет тілек! жүрегім елжіреееп кетті ғой! Аналарымыз аман болсын!!!
    Zilola
    Ata ana jaily oilasam jylagym keledi, kuanyshtan. Oitkeni olardai eshkim meni jaksy kormeidi.
    Ata anandy renjitpei, aitkanyn eki etpei, tek kuantyp jursen olardan bakytty adam bolmaidy.

    Inim, kuttyktaimyn!!!
    TERISKEY
    rakhmet, apke! Ata-analarimiz aman bolsin!
    VKM
    Анаңның туған күні құтты болсын, армандары орындалып, денсаулығы мықты болсын!
    TERISKEY
    Сен қайда жүрсіңиии? Кеттік, тойлаймыз!  Рахмет, ата-аналарымыздың қадірін біле жүрейік, көп жасасын!
    AKA
    Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
    Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
    Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
    Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
    Ер жеткізіп елге берген баласын,
    Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
    Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
    Қайратыңнан қайта көрме, анашым!


    Шын жүректен құттықтаймын, аман болсын АНАларымыз!
    Nurgisa
    Теріскей, әкеңнен аумаған екенсің. Әбден ерке кенже болғаның сезіліп тұр.
    Анаң сенен немере, немереңнен шөбере сүйсін. Бұдан былай өзің де, шешең де ауырмаңдар. Мамаңа тезірек келінжанды таныстыр.
    TERISKEY
    Ой, рахмет, Нұраға! Бұйыртып жатса, жақын күндері келінді таныстырып, табыстырып та жатармыз! Тойда төр жақта керектік үстелдің басында көріскенше! Алла разы болсын!
    monti
    қызық менің құттықтауым неге шықпай қалды деп, әлгі тойда тост бермедің* дейтіндер сияқтанайын да
    Құтты болсын туған күн!!!
    Мамкана қатты ұқсайсын адамдар көп жыл бірге тұрғанда бір/біріне ұқсап кетед деген рас, на суретте маман мен папан аумайд бір/бірінен
    TERISKEY
    Монтииииииии!  Рахмет көп-көп! Көзәйнек киген соң шығар ұқсайтындары, ато бірі қара, бірі сары.
    Altygradus
    мен керісінше папасына ұқсаттым
    sammita
    адамдар көп жыл бірге тұрғанда бір/біріне ұқсап кетед деген рас
    ұстаңдар мені құладым
    Gulistan
    мен де естігем.

    Теріскей, қуанышың құтты болсын! Мамалар аман болсын, солар ғой өмірімізге жарық беретін!
    sammita
    ол күйеуі мен әйеліне қатысты айтылады ғой. Туған баласы мен анасы емес
    Gulistan
    Мен түсінсем, бұл жерде мамасы мен папасының ұқсастығы сөз болып отыр. Осыдан келіп, пост авторының да кімге ұқсас болуы туралы боп жатқан шығар деп ойлаймын.
    Ай Алла, біз де таптық-ау айтатын затты
    sammita
    ааа кешіріңдер олай болса. Мен мынаны бірге түсініппін:
    Мамкана қатты ұқсайсын адамдар көп жыл бірге тұрғанда бір/біріне ұқсап кетед деген рас
    TERISKEY
    koooop kooop algisim bar, @Gulistan hanim! Otbasinizga amandik tiledim sizdin de!
    balzaminka
    Денсаулығы мықты болып, бала-шағаның қызығына тоймай жүз жасасын! Тезірек келін түсіріп, немере-шөбере көрсін!

    Менің де мамамның туған күні бүгін еді, сенің хатыңды оқып көз жасыма ие бола алмай отырмын, кешірші өз қайғымды айтып кеткеніме. Сенің үйіңде той дастарханы жайылып жатса, біздің үйде құран дастарханы жайылуда. Алғаш рет мамаға не аламыз деп бас қатырмадық, кемпушкам менің, аман бол демедім. Қара қызымның алып бергені деп енді ешкімге де мақтана алмайды, негізі басқа балдарының алып бергенін онша айтпайтын, мен не алып берсем де мәз болып, жұрттың бәріне мақтанатын еді((

    Кешір, қуанып отырған кезіңде осындай қаралы әңгімемді айтып отырғаныма, ішіме сыймай барады
    TERISKEY
    Оқасы жоқ, Балзаминка ханым! Тілегіңізге рахмет. Арты хайырлы болып, ұрпағына — сіздерге жайлы ғұмыр нәсіп болсын!
    Erkekyz
    Теріскей, құтты болсын! Ата-анаң сендердің қызықтарыңды көріп жүз жасасын!  Денсаулықтары мықты болсын!
    TERISKEY
    амин, Рәке, амин! Сіздің де ата-анаға көрсете қызықтарыңыз аз болмасын!
    KILYZAMAN
    Иә, пейіштің кілті… ...
    blackbeard
    Аааай Жылаттыңыз ғой приям! Рахмет! Аллах ғұмырларың ұзақ та мәнді етсін!
    TERISKEY
    Amin, basina barsin! Rakhmet! Sen kitay kayda jursin? kos telefondi
    Zere
    Анасы бар адамдар — ешқашан қартаймайды! Осылай әркез ата-анаңның жанында кішкентай бала болып жүре бер!
    TERISKEY
    @Zere! Alla razi bolgay peyilinizden!
    Khan
    Сіздің ауылда арақты кесеге құйып іше ме?
    TERISKEY
    Бұл арақ емес екеніне назарыңызды аударғым келеді.
    neoman
    Әй, жарайсың, Теріскей! Сендей баласы бар анаң да бақытты шығар
    TERISKEY
    Rahmet, jerles! Kerisinwe, minaday anam bar men bakytty!!!
    Aizhantabyn
    Жасына жас қосылып, мың жасасын ата-анаңыз! Енді соңғы уәде іске асып, сол жайлы әдемі пост күтеміз))))
    TERISKEY
    Құдай қаласа, ол арман да орындалады! Рахмет, тілегіңізге!
    rakisheva
    Құттықтаймыыыыыыыыыыыыыыыыыыыын
    TERISKEY
    ооо, Ракишева, рахмееееееееееттт!
    meirzhan
    Құтты болсын, Теріскей!
    TERISKEY
    Меке, ырзамын!
    Dinara
    Той тойға ұласа берсін Теріскей! Құтты болсын!
    TERISKEY
    Амин, Динара ханым! Алла разы болсын!
    aktobe88
    keshikkkenime keshirim suraymyn, ol kezderi orkenietten uzakta jurdim da, jazbandy jana korip jatyrmyn. mamannyn tugan kuni kutty bolsyn! juz jasasyn. tezirek kelin aparyp kolyn uzat endi.
    p.s.maaaa, senin kolynnan da osylai togiltip jazu keledi eken-au, men tek dalga gecmeyi gana bile ma desem)
    blackbeard
    мына жазбаны оқудан жалыққан емеспін
    araika
    Ал мен бұл жазбаны оқып, шатасып кетем
    әлгі атасының баласы кім сонда?
    TERISKEY
    шатасқаны несі? Дұрыс ашылмай тұр ма сонда?
    meirzhan
    жоғиии, атасының ерке баласы туралы айтып тұр
    araika
    Шыныңды айтшы, кімнің баласымыз?
    атасының баласынан айырылып қалып, жылап тұрған смайылды дайындай берейін бе?
    AKA
    Сондай әдемі һәм әсерлі жазбада Мейіржан екеуің тергеу жүргізгендерің қызық болды-ау, жазбаны бұзбайық та
    araika
    Жазбаны бұзу ойда болмаған, өз саясатымды соқтым. Мейіржан деген көмекшім жоқ сияқты еді
    Maya
    Пах, шіркін, неткен тілектер... Дұғаң қабыл болып, Алла арман тілегіңе жеткізсін!!!
    izbasar
    Аналарымыз аман болсын. Теріскей анаңды тезірек қуантуыңа тілектеспін.
    Zhan
    Алғашқы өлеңімді өзіңе арнап оқығанымда қааааандай қуанып ең, сенесің бе, менен сен айтқандай ақын шыққан жоқ. (шықпайтын да секілді, ақша мен ауқатты ойлайтын мына су миға өлең деген көрнекті әлем үшін орын жоқ көрінеді).
    Үшінші арманың, бір шүйкебасты әкеліп, тәп-тәтті немере-шөбере сүйгізтіп, әдемі әже қалпыңда өту еді. Воот, бұйырып жатса, осы үшінші арманыңды орындаймын, иә, иә, басқасын білмеймін, осы арманыңды орындаймын, мама!
    Теріскейдің мына жазбасын қалай байқамағанмын. Розатай болмағанда мына жазбаны көрмей кетеді екем. Ата-анаң аман болсын. Мамаңның арманын тезірек орында енді.
    Nurshat
    Тамаша жолдама… Айналайын сені тапқан алтын құрсақты анадан))
    Kipshakkyzy
    Керемет! Жазба өте әсерлі шығыпты. Розатайдың арқасында сенің жазбаңа да келіп қалдым. Бір жолы ғана қатыса алмады туған күніңе депсің. Ал мен ұят-ай!  Жеті жыл болды ғой, анамның туған күні жанында болмағаныма. Аналарымызды Аллаға аманат еттік! Арман-тілектеріңді Алла қабыл етіп, анашыңды қуанта бер!
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.