Етігімді бірге көм

Баяғыда Əкем айтқан əңгіме түсті есіме,
Өздеріңе жырлап бермей бұлданайын несіне.
Туу хақта өлу хақ ғой, дүние қума қарағым,
Сұм дүниенің жолына түссең ашылады араның.

Ертеде бір Бай өтіпті өзі сараң, өзі сұм.
Сан жетпейтін малы болған түрінен төрт түліктің,
Өмір бойы дүние қуған түбіне жетпей мүліктің.
Кедейлерді сорған дейді сорғанындай сүліктің.

Күні бітіп жаратқаннан хабар жеткен баяғы,
Дүние — мүлкі бұлбұл ұшып жан алқымға таяды.
Шайтан болып кететіндей өмір бойы жанталас,
Қу құлқынын толтыра алмай немен бітті аяғы.

Осылайша ойлап жатып жинапты үш баласын,
Бар дүниемді, — депті оларға қылдай бөлісіп аласын.
Шырақтарым қу дұниенің жете алмадым түбіне,
Ал балдары жатқан дейді көз алдында таласып.

Сонда əлгі бай ұлдарына бір өсиет айтыпты,
Менен өткен бұл дұниеде болмап еді бай мықты.
Жиған- терген жолдас болмай ақыр соңы қарағым,
Он шақты кез ақ матамен құр қол кетіп барамын.

Ең болмаса киіп жұрген етігімді былғары,
Өзімменен бірге жерлең өсиетімнің бұл бəрі.
Талай жылдар тозбап еді əрі мықты, төзімді,
Сүиегіме кіргендерге айт тыңдар осы сөзімді.

Депті дағы жан тапсырып көз жұмыпты сол байың,
Ал, өлетін пендең болса дегендей ақ көр дайын.
Сүйекшілер жиналғанда үлкен ұлы сөз бастап,
Əке өтінішін жеткізіпті түсіндіріп мəн жəйін.

Сонда тұрып ішіндегі жан ашыр бір ағайын,
Бұл не сұмдық, — депті, бұған қандай амал табайын.
Депті бəрі қарсы болып, — ата салтын бұзбаймыз,
Бұндай нəрсе көрмеп едік көрсек дағы талайын.

Осылайша сүйекшілер кетейік біз десіпті,
Əкелеріңді өздерің жуың, — деп ашқан дейді есікті.
Басқа амал қалмаған соң келісім беріп балдары,
Сүйекшілер ақыр соңы етіктерді шешіпті.

Сонда əлгі Бай өлер алды өмір мəнін түсініп,
Жаны ашып балдарына қан жылаған іші нық.
Етік ішіне ақ қағазға екі ауыз сөз қалдырған:
Көрдіңдерме балаларым, жаман етікте ала алмай,
Бос барамын ана жаққа, -депті ойын пісіріп.

Бұл жалғаннан кім өтпеген хандарда өткен қағандар,
Бұл өмірдің жалғандығын ұқпасаң не амал бар.
Жиған, терген дүниеңменен өлшенбейді өмірің,
Келер ұрпақ жалғыз ғана жақсы ісіңді бағалар.

Бұл өмірден пайдақұмар, жемқорларла өтіпті,
Кетерінде дүние мүлкін қалай қиып кетіпті.
Келер ұрпақ дүние қумай, өнер, білім қуыңдар,
Өмір жалған, сол жалғанның түбіне кім жетіпті.

Насыреддин Қожырбайұлы

1 пікір

Basic
Соңғы жағы асығыстау боп кетті ме. Пəлсапа ойды əдемі əкеле жатып шашыратып алғандай болдым
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.