Сарайшық

Бұл да енді көрген жер. Сарайшыққа қарай жолға шыққанда тарихтың тереңіне сүңгіп, жылдардың, тіпті ғасырлардың иісі сіңген көне шаһардың құпиясын ақтарып тастайтындай сезімде болдым. Иек астындағы қырдан асып түскенде әлдебір құпия өз-өзінен маған ғана ашыла салатын сияқты… Бірақ бүгінде біз суреттен көріп жүрген Сарайшықтан да түк қалмапты. Смартфоныма ілінгені осы ғана.

Блог - Marco: Сарайшық

Алақандай ғана жердегі үйінді. Біреу әкеліп, «Мынау Сарайшықтың орны», демесе құлаған қораның қалдығы деп өтіп кетерім анық еді. Аянышты-ақ. Бірақ ештен кеш жақсы, Жайықтың жағасында жұмыс қызып жатыр екен.

Блог - Marco: Сарайшық

Әлгінде қоңылтақсып қалған көңіл орнына түскендей де болды. Оны сол мезетте түсірілген мына видеодан да байқалады.

Бөлісу:

6 пікір

bake
Сарайшық демекші әлі ол жер туралы бірде-бір деректі фильм көзіме іліккен жоқ. Тек теледидардан, сосын радиодан бір-екі ғалымның интервьюсін естігенім бар. Соның негізінде Сарайшық туралы ой-пікірімде дерек қалыптасты. Бірінші рет фотосуретте ғимаратының қиранды қалдығын көріп отырмын
Офф топ:
Жуықта Берелде табылған Алтын адам туралы ресейдің деректі фильмін көрдім, содан бірталай дерек алдым.
Marco
Дәл қазір графикамен салмаса, түсіретін де дым жоқ(((. Бірақ жағаны бекіткен соң қазып, қалыпқа келтіруге болатын шығар.
asaubota
жағаны бекітпесе орнына түк қалмайын деп тұрған сияқты. енді осыдан кейін орнын да дұрыстап тазалап, шығаратын шығар
inzhu
99-да жол түскен, қала біраз бар еді...Өкінішті
Basic
Күшті. Бармағаныма жəне бір өкіндім.
asaubota
негізі пәлендей де күшті емес. турист қызығып баратындай ештеңе жоқ. тек бұрын осындай қаланың орны деп қоршауға/қорғауға алмаса