Қазақ ғаламторының болмысы қандай?

Блог - AydanaAbdrahmanova: Қазақ ғаламторының болмысы қандай?
Әлеуметтің әлеуетін білу үшін әлеуметтік желіге бас сұғып, бақыласақ жеткілікті сияқты. Иә, тіпті қауіпсіздік өкілдері осы желі арқылы сіздің қайда барғаныңызды, кіммен сөйлескеніңізді, жеке саяси позицияңызды т.с.с. біле алады екен. Интернетке қосыла алатын кез-келген смартфон сіз туралы ақпараттың қайнар көзі. Телефоныңыз сөндірулі болса да мәлімет алуға кедергі емес көрінеді. Американың ұлттық қаіпсіздік қызметінің экс-техникалық маманы Эдвард Сноуден әлем онсыз да шет жағасын білетін бұл ақпаратты нақтылай түсіп, жарияға жар салғанын білесіз.
Негізгі жеткізбегім бұл емес еді. Басым көпшілігіміздің мәдениетіміз төмен бе, әлде, қарапайым этиканы сақтай алмаймыз ба, қатігезбіз бе, наданбыз ба, оқымаған білімсізбіз бе білмедім. Әйтеуір, әлеуметтік желіде бір-бірін талап жатқан халық. Бір ғана мысал фейсбуктегі «Қазақтар» тобына кіріңіз, ондағы кез-келген пост ұрсысумен аяқталып жатады. Қазақтар тобы емес, ұрысқақтар тобы сияқты. Төле би төрелігін айтып отырған заманда «Қазақ — бір ауыз сөзге тоқтаған халық» деген ұғым шыққан екен. Осы орайда, әрбір посты ауыздың суын құратпай оқылмайтын алдыңғы буын аға-апаларымыздан төрелігін сұрап едім. Олар былай деді:
Ғалия ШАУДЫРБАЕВА, продюсер:
— «Қазақтардың мәдениеті төмен» деген пікірмен келіспеймін. Қазақ – жалғыз ұғым. Халық – тобыр. Ата-бабамыз «мал аласы сыртында, кісі аласы ішінде» деп тегін айтпаған. Халық ішінен кім шықпайды?! Әлеуметтік желіде мәдениет, этиканы сақтамайтыны, сақтайтыны бар. Оның ара жігін ажыратып отыратын сыншы емеспін және де біреу маған жаман пікір жазды деп бас ауыртып отырмаймын, қызса, темірді дер кезінде мен де соғып жіберемін. Менің келіспейтінім: елді, елдің атқамінер азаматтарын жамандап отыратын «әлеуметтікжелішілер». Өзі не тындырып жүр? Өзі ел үшін не істеп жүр? Өзіне есеп бере ме? Бәрібір! Біреудің пікірінен мін тауып, арғысын Алатауға, бергісін Қаратауға апарып қайырып тастайтын әдеттен аулақпын. Кейде танымал өнер адамдарының сыртынан да небір сөз жазылып жатады. Керек пе сол? Тамағының суретін қойса, қойсын, сұлулығын дәріптесе, дәріптесін. Әлеуметтік желі сын айту, я болмаса тек қана пікір жазып, блог жүргізу үшін ашылмайтын шығар. Ол — әр адамның өз еркін тиімді пайдалануына, бос уақытын пайдалы іспен өткізуіне үлес қосатын құрал. Сондықтан біреудің басына сөзбен іркіт құйып, біреудің жан жүрегін езіп, артық пікір білдірудің қажеті жоқ деп есептеймін
Арман СҚАБЫЛҰЛЫ, сценарист-редактор:
— Жалпы бізде интернет мәдениеті жетіспейді. Тек қана әлеуметтік желілерде ғана емес, қазақ сайттарымыздың көбінде солай. Аноним комментарийлерге қарасаңыз, бәрін түсінесіз. Ерінбей «Абай» сайтын қарап шығыңызшы. Бірін -бірі жамандаған, ар намысына тиген комменттерден көз сүрінеді. Тіпті кез-келген авторды мұқату үшін отыратындар бар. Өкінішке орай бүгінгі қазақ ғаламторының болмысы осы.
Нұрдәулет ШАЙМҰРАТҰЛЫ, тарихшы:
— Қазақ «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» — дейді. Қателесеміз, өкінеміз, білсек тәубаға келеміз, білмесек қайталай береміз. Ең өкініштісі бір-біріміздің аузымызды бағып, аңдысып, мансұқсыз дүниеге бола айтысып тартысып, тілдеп-түйресіп отырамыз. Қаймана Қазаққа керегі осы ма еді дәл мынадай күндерде? Ендеше, неге Абайшалап бос істен аулақ болып, бір-бірімізді дос көріп, кешірімді болмасқа?!
#НаурызДода

Ұқсас посттар

6 пікір

qonyrbai
Сонда дейді, Роза Әлқожа әлгі жүгері сататын Ихтиандрға былай деген екен дейді:

Біз енді қайтер екенбіз?
Қымбат қой, арзан емеспіз.
Алыстан келдің, білемін,
Жүгерің піспеген демеспіз.

Жүгерің, сенің жүгерің
Қымбат қой, оны кім алар?
Жүрегім, менің жүрегім
Арзандат, орнында қалар.

Сен қайда кетіп барасың?
Қызарған бетің баласың.
Жүгері сатпай неліктен
Табысты қайдан табасың?

Жүгерің, сенің жүгерің
Қымбат қой, оны кім алар?
Жүрегім, менің жүрегім
Арзандат, орнында қалар.

Мазамды алды мына ақшам,
Жүгері әкел, мен алам.
Күлдірдім, білем, жүгермек,
Биыл да тағы жүгері ек.

Жүгерің, сенің жүгерің,
Қымбат болса да алдым-ау.
Жүрегім, менің жүрегім
Орнында тұр ғой, Ихтиандр-ау.
qonyrbai
Спам? Вирус?
NasyreddinKozhyrbaev
Дурыс айттын иним. Сен осы блоктагы нагыз вирустын озисин. Сени аластаитын антивирусты каидан табамыз.
Ispek92
Мен де аваст бар, сізде даж қазақ клавасы жоқ… Фигас )))))))
merekeee
Аноним пікір білдіруді алып тастаса, қалай болар екен, қызық…
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.