Arular.kz

Орбұлақ шайқасы лайықты бағасын алған жоқ

Блог - AydanaAbdrahmanova: Орбұлақ шайқасы лайықты бағасын алған жоқ
Фермопильдегі 300 спартандықтың мыңдаған парсы әскерімен болған ұрысы, «Бородино» шайқасы, «28 Панфиловшылар» дивизиясының ерлігі т.с.с. осындай тарихи шайқастарға ұлттық рух пен патриотизмді көтеру үшін кино түсіріліп, тіпті, болмаған ерліктерді болды қылдырып, әспеттеп жатқанда осыдан 372 жыл бұрын өзіміздің тарихта ерекше орын алуы тиісті ұрыстың бірі — «Орбұлақ» шайқасы есіңе түседі екен.
2007 жылы түсірілген Голливудттық «The 300 spartans» фильмі әлі күнге хит. Леонид патша үш жүз батырымен парсылардың жиырма мың (кей деректерде сексен мың) қолына үш күн бойы төтеп беріп, соңында ерлікпен қаза тапқаны – әлемді таңқалдыруда.
Қайбір жылы Ресейде «Бородино» шайқасының 200 жылдығына орай жыл бойы телеарналардан арнайы хабарлар беріліп, театрландырылған қойылымдар қойылып, кітап дүкендерінде балаларға арналған қызықты альбомдар шығарылып, жарияға жар салып жатты.
Иә, неге біз үнсіз қалдық. 2013 жылы «Орбұлақ» шайқасының 370 жылдығын жыл бойы дүркіретіп атап өтетін жөніміз бар еді ғой…
Бұл шайқастың қысқаша тарихы мынадай, 1643 жылы Жәңгір бастаған қазақтың 600 батыры жоңғардың 50 мыңдық әскерін, Самарқандтан Жалаңтөс батыр бастаған 20 мың қол келгенше ұстап тұрған. Жоңғарлар қазақ жеріне 50 мың әскермен басып кіреді, қазақ жасақтары бірігіп үлгермейді, содан Жәнгір хан қолында бар әскерден 600 адам жасақтап алып соғысқа аттанады. Ұрысқа ыңғайлы жер деп Ор аталатын бұлақтан ағып жатқан кішкентай өзен маңындағы тау арасын таңдайды. Алғашқы шайқаста жоңғарлар 10 мың әскерінен айрылады ал екінші соғыста көмек келіп жоңғарларды толық жеңеді. Орбұлақ шайқасын тарихтан біз жақсы білетін 300 спартандықтың ұрысымен теңестіруге болады. Орбұлақ шайқасындағы қазақ сарбаздарының өршіл рухы олардың ерлігінен бір мысқал да кем түспейді.
Биыл жеңістің жетпіс жылдығына орай Ресей мен Қазақстан бірлесіп «28 панфиловшылар» атауымен фильм түсірмек. Оның шығынын екі ел көтеріп алады деген мазмұнда хабар да тарап үлгерді. Осы тұста өзіміздің жеке ұлттық тарихымыз жетімсіреп қалған сияқты көрінеді маған. Кино түсірмек түгілі бір ауданымыздың атауын қия алмадық. Орбұлақ шайқасы – қазіргі Алматы облысы, Панфилов ауданындағы болған екен. Сол ауданға неге осы шайқастың атын бермеске?! Осыдан бұрын аудан, облыс көлеміндегі жиындарда Панфилов ауданын Орбұлақ ауданы деп өзгерту жөнінде бірді-екілі ұсыныстар айтылды. Ата-бабамыздың осындай көзсір ерлігін ұмытпай, мақтан тұтып, өзіміз насихаттамасақ басқалар қайдан білсін? Барымызды дер кезінде бүтіндегенімізде «Қазақ деген ұлт болмаған, тарихы жоқ» — дейтін «білгіштер» бүгінде шықпас еді. Тіпті, көпшілік жастарымыздың өзі тарихтан бейхабар.
#НаурызДода
" data-width="600" data-numposts="5">

2 пікір

avatar
Ең бастысы сол шақас болған жерді анықтау керек, қалғанын сол жерге қарап зерттеп, шайқас қалай болғанын жобалауға болады, қалай болғанда да жерде темірден жасалған қалдықтары қалу керек қой. Бұл тірлікті Үкіметке сілтеп қоймай, халықтың белсенділері атқарсада болады, осы жөнінде экспедиция құрылып жатса атсалысуға дайынмын.
avatar
Автормен толық келісемін. Осы шайқас жайында Қойшығара Салғаралыұлының "Қазақтар" деген кітабында толығырақ жазылған. Мен де кейін «Неге осы шайқас туралы кино түсірмейді?» дер ойлап едім. Анығын білмеймін, бірақ, ондай кино бар шығар. Нағыз дайын сюжет қой.

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.