Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Қазақтар мен Адайлардың тойын салыстырып көргім келді десең, ә Шымкент пен Ақтауды таңдауыма еш себеп болған жоқ
Тұрсынбек Қабатов, асаба
— Тойдың қалай өтетіні елге, мекенге емес, тойды өткізіп жатырған әулетке байланысты. Ал, тойдың басталуы, өтуі еліміздің қай өңірі болса да бірдей боп кетті ғой. Негізі тойдың тізгінін ұстайтын асаба ғой, тойдағы халықтың көңіл-күйіне бағыт беріп отыратын да сол. Халық санынан аса айырмашылық көрмедім: Ақтаудан да, Шымкенттен де 500 адамдық той көрдім.
Нұржан Төлендиев, асаба
— Шымкент пен Ақтаудың тойында аса бір жер мен көктей ерекшелік жоқ. Шымкентте той қысқа болады, Ақтауда ұзақтау болады. Шымкентте кеш басталып, ерте бітеді; Ақтауда уақтылы басталып, кеш аяқталады. Шымкентте антракт деген мүлде болмайды, Ақтауда кейде болады, кейде болмайды. Шымкенттің тойында ең аз деген 300 адам болса, Ақтауда ең көп деген 300 адам шығар.
Абай Бегей, әнші (хит әні — Аспанға қараймын)
— Шымкенттің тойы басталғанда адам тола болады да, аяқталуға шақ қалғанда адам қалмайды. Сыйлықтарын береді де, қайтып кете береді. Ақтаудың тойына келген қонақтардың 90 пайызы аяқталғанша отырады. Шымкенттің адамдары би жағын қатырады. Шымкенттің халқы суретке түскенді жақсы көреді, менімен сол жақта көп түседі суретке.
Асхат Тарғынов, әнші (хит әні — Мария Магдалена)
— Мен әлі Шымкенттің тойында болмадым, жақында барамын. Ақтаудың тойында ән айттым, онда маған тойдың тым қазақи өтетіні ұнады. Тіпті тойда кездескен 5-6 орыстың өзі қазақша сөйлеп, қазақша тост айтып жүреді. Қазақы салт-дәстүрді сақтаған аймақ екен, тойда жақсы байқалды. Ұнады.
Шымкенттің тойы | Ақтаудың тойы |
---|---|
Тойға дайындықҚыз бен жігіт шаңырақ көтеруге келіскен соң, екі жақтың да ата-анасы келісім берсе, болашақ құдалар бір-бірімен (көбіне болашақ құдағилар) кездесіп, танысады. Бұл – «тәтті шәй» деп аталады. Тәтті шәйда той күнін белгілеп, әкелетін қалыңмал құнымен келісіп, құдалыққа баратын адамдар саны нақтыланады.Сырға салу | Тойға дайындықҚыз бен жігіт шаңырақ көтеруге келісіп, өз ата-анасының келісімін алады. Тойдың қай мерзімде өтетінін отбасымен өзара ақылдасады. Одан басқа ешқандай кездесу, танысулар болмайды. Екі жақ та өздері дайындықтарын жүргізе береді.Сырға салу немесе үкі тағу |
Еще Ол сырға салуға келгенде жастар бөлек отырасың, үлкендерде құдалық қайнап жатады, мықтыыы ощущение, ол сені алып кетуге келіп отыр, сенің үйіңде, бәрі сендер үшін қуанып, тілек тілеп, шауып жүреді. Ол бұрынғыдан басқа болады сол күні, какой то слишком слишком вежливый ))) Сызылып қалған ғой.)))) Қолдарымыз тас қып ұстап отырғанбыз)))) Ары қарай бәрі как в сказке болады деп Жанры қызық сказка екен ғой)))
Философиядағы неопозитивизмнің бедері ретіндегі махизм мен реструктуризацияланған статорлық механизмнің өзгерістерін де салыстыра беруге болады. Или көршінің қабаған итімен, или бәшпаймен.
Бірінші-екінші курста жүргенде салт-дәстүр салыстырып, қызылкеңірдек болып айтысатын едік. Әрине, соңында мойындайтын)))
Енді Ақтаудағы тойлардағы кейбір келіспейтін жерлерімді жазып кетейін:
«Сырға салу немесе үкі тағу» — құда түсуге жігіттің ата-анасы бармайды. (кәрі де емес, жас та емес) Жақын туыстары барады
"Үйлену той" — тойға қыз жақтан тек екі жеңешесі келмейді, сіңлілері, апалары, жеңешелері оншақты адам болып келеді. Бұрын 5-6 адам келетін еді, қазір 15-ке дейін жетіп қалып жүр. Ал қыздың ата-насы келмейді!
"Құдалық" — 2-3 күннен 2-3 айға дейін аралығында болады. Кейде белгілі жағдайларға байланысты одан да көп уақыттан кейін жасайтындар бар.
Жазылып тұр ғо жоғарыда қалыңмалы.
Домбыра тыңдамайды екен. Арамыздағы бір жігіт Нұрымның насихатын айтып еді, у-шу, терменің берекеті кетті.
Бірақ биді қатырады, би басталғанда столда ешкім қалмайды.
Қалғандары той иелеріне, асабаға байланысты ғой
Ал жалпы қазір ана жақ пен мына жақ деп салыстыру қиындау, мыс. Астанада олай екен дегендей. Себебі бәрі араласып кетті, әркім жағдайына қарай өзгертіп, ерекшелеп жасайды. Бірінен-бірі асырып.
Тіпті бір ауылдың өзінде әртүрлі қылып жасайбереді. Сондықтан: «бәленше жерге барып ем, оларда бүйтеді екен» деп жалпылап пікір айту сәл артықтау.
Постқа әңгіме жоқ, жақсы жазылған, Жұмағұл жасай берсін
Наурызбек жыраудың ба бір термесіндегі жолдар осы тұста есіме түсіп отыр:
Қыз өлгеннің белгісі — Қызылды шешіп басынан,
Ақ жаулықты жапқаны,
Бір үйден шығып бір үйге
Өз еркімен барғаны…
пы.сы. мындай безендіру жолын айтып жіберетін ізгі ниетті мұсылман не ізгі ниетсіз админ бар ма?
Қыз:
Қызыл мақпалдан телпек кидім
Папажан қырын тұрып, төсек жидым
Ақ пана қызда болсам ұлдай едім
Жек көргеніңді бүгін білдім деп, үйден шығып кетеді.
Ерте тұрып кеш тұрып,
Кімнің бабын табамын
Бір жат елге барып
Қайтіп адам боламын
Жеңгесіне:
Ақ көйлегім белдемше
Ойнаушы едім өлгенше
Енді айналып көргенше
Қош аман бол жеңеше
Анасы айтады:
Балапандай байпадым
Жұмыртқадай шайқадым
Айналайын құлдығым
Ақ күн тусын алдыңнан, — деп, қыз келіншектермен ауылдың сыртына шығады. Қызға қазақтың ұлттық нақышымен тігілген киімін: басына қызыл орамал, қызыл мақпал бешпет бүркейді. Мұны құда келгенде де өз үйінде бүркеп тастайды. Қызға аттанарда артыңа қарама деп жатады.
Қызықты деректер
мына әрекеттер де ойға қонады,
айтпақш, мына сөздер үшін респект,
үйлену деген әрекетке әлі ұшырасып көрмегіндіктен, білерім аз, сондықтан мен үшін мұндағы жазылғандардың бәрі жаңалық,
рахмет, Эль, айырып тацтадың,