Қазақстандық антивирус!

  • Автор
"Қазақстандық антивирус шықты" — деп аспаннан түскендей болып айтпай-ақ қояйын, бірақ шыққанына бірнеше уақыт болды. Алайда көп адам біле бермейді. Ия Қазақстандық антивирустық бағдарлама қателеспесем 2012 жылдың 9 мамыр айынан бастап сатылымда болуы керек. 2013 жылы «Антивирус ALTAIR Systems Security 2013» болып сатылған бағдарлама қазіргі таңда «AWS Core 2014» болып өзгерді.
2013 жылдың басында мемлекеттік сатып алу порталында түбегейлі бағдарламалар сатумен айналыса бастадым. Алғашында жап-жақсы басталып келе жатқан жұмысым аяқ асты төмендеп кетті. Себебі менен де арзан сатушылар пайда бола бостады. Миығмнан күліп жүре бердім, алайда олар тоқтар емес. Мені алаңдата бастады бәсекелестерім. Кейін контактілеріне шығып қандай антивиурстық бағдарлама екенін білдім. Міне, Қазақстандық антивирусты (Антивирус ALTAIR Systems Security 2013) сол кезден бастап есітім. Бірден өзіме орнаттым. Орнатқан сәттен бастап компьютерім қуып кетті. Системалық файларыма зиян келіп компьютерім қосылмай қалды. Тех қолдаушыларына телефон соғып болған жайды айтып бердім. Олар менің компьютеріме кіріп барлық кеткен қателіктерді түзеп берді. Хош. Бірақ онымен тоқтап қалмадым. Ары қарай тексере бердім. Әрине, Мәскеу бір күнде тұрғызылған жоқ, қателіктері біршама болды. Уақыт келе түзеліп жатты. Түзелмей жатқандары да болды. Базаны кеңейте бердік. Шынымды айтсам Касперский антивирусының кейбір істей алмаған жұмыстарын жасады. Қысқасы ұнай бастады. Сөйтіп олармен келісімге отырып олардың да өнімін сата бастадым. Бағасы да арзан.
Міне жақында олар тауардың атауын өзгертті «AWS Core 2014» етіп. (Мына жерден көшіріп ала аласыздар).
Блог - KONILDI: Қазақстандық антивирус!

Блог - KONILDI: Қазақстандық антивирус!

Кесікіні Антивирус ALTAIR Systems Security 2013-ге қарағанда өзгерген. Жұмысы жағынан да ерекшеліктер бар сияқты. Тексеріп көрмекпін, сіздерге де ұсынамын. Бағалап көрейік.
KONILDI

Фғранцуз тілінде қазақша таза сөйлеймін )))

    Ұқсас посттар

    17 пікір

    garfield
    касперскимнің күні бітуіне 56 күн қалып еді жақсы болды 56 күннен кейін орнатып көрем сосын бағасын аитармын
    Daniar-Alan
    Орнатуға қорқақтап отырмын  Құжаттарды реттеп, сосын орнатармын. Мәдес жігіттер. Іске сәт. Әдетте техникалық қазақ тілі ұнамайтын еді, мында бәрі түсінікті секілді… Күлкілі аударма көріп тұрғам жоқ… Жарайсыңдар!
    bake
    Программалық өнімдерің тұтынушы талабыңа сай болсын, әрі қарай нарық заңдылығы реттейді. Альфа, бетта тестер бола аламыз. Әзірше біздің жақтан қолдау осы ғана. Программалық өнімнің техникалық форумы болса: оқушы -қатысушысы болар едік, әрине шама-шарқымыз жеткенше.
    Daniar-Alan
    Программалық өнімнің техникалық форумы болса: оқушы -қатысушысы болар едік, әрине шама-шарқымыз жеткенше.
    әдемі ұсыныс. Осында жаз, қауымдастық ашып. Мұнда түсінетін жігіттер көп
    bazuka
    жұмыста бірнеше компаға орнатқам жақсы жұмыс істеп тұр.
    KONILDI
    1-2 тест жасап кордім, нәтижесін жазуға қол тимей жатыр. Сосын жазамын.
    ereke_enu1
    Қателеспесем, өнім жасаушылар Өскемендіктер болуы керек. Бұрын ол қалада IT бар деп ойламайтын едім. Ойым өзгере бастады. Себебі, келер жылы біздің бір филиал сол қаладан ашылмақшы.
    KONILDI
    Ия, Оскемендік жігіттер! Алгашында куманмен караганым рас, бірак «кош келе туселіп» келе жатыр. Болашагынан уміт кутіп журмін ))) оз басым.
    ereke_enu1
    Нағыз өнім еш жарнамасыз өз қолданушыларына жетеді ғой. Әзірге антивирус аса қажет болып тұрған жоқ. Жұрттар қалай вирусқа толтыратынын білмеймін. Менің компымда 6 айға дейін ешбір антивирус болмаған кездер болған. Бәрі норм. Қазір Майкрософттың тегін антивирусын қойып қойдым ырымдап
    asaubota
    жақында ТNT security деген фирманың басшысы қазақстандық антивирус жасап жатырмыз, үкіметтен қаржылай көмек күтемін деді. бірақ олардікі бұл емес сияқты.
    KONILDI
    Олар емес, булар «workscape» жане азірге мемлекеттен колдау тапкан жок. Оз куштерімен келе жатыр.
    nursipat
    Алтын партнер болу үшін ең аз дегенде неше компьютерге арналған антивирус алу керек екен?
    Соңғы түзету:
    KONILDI
    • Статус Gold Partner:
    — предоставляется партнеру, заключившему дистрибьюторский договор и зарегистрированному в компании «WorkScape»
    — не имеет возможности работать с конечными пользователями напрямую; реализация продукции исключительно через партнерскую сеть
    — размещение информации о продукции «WorkScape» на сайте партнера
    — осуществить рассылку всем партнерам компании
    — квартальный объем закупок не менее 100 000 тенге
    — заказ продукции не менее одного раза в квартал
    — При невыполнении условий в течение квартала статус понижается до Silver Partner
    — для возобновления статуса партнеру достаточно выполнить все условия на соответствующий статус
    — партнер получает NFR(не для продажи) комплект с продуктами компании
    — все менеджеры партнера, занимающиеся реализацией продуктов в течение одного месяца
    после подписания договора
    должны сдать онлайн экзамен на знание
    функционала и правил
    лицензирования по продуктам
    компании — деп тур, казакша аударуга уакытым болмай жатыр.
    Ispek92
    Бұл тегін антивирус па сонда? Ешқандай кілт іздеп керек емес пе?
    KONILDI
    Тегін емес. Бірак арзан.
    Соңғы түзету:
    KONILDI
    Қазіргі кезде көптеген УЗБ флешкаларда кездесетін "құрт (червы)" — autorun.exe… Мен сияқты көп адам осы құрттан зардап шеккен болар. Қызметі: УЗБ флешканың ішіндегі барлык құжаттарды «скрытый» етіп тастайды. Каспер бұл құртты өшіргенімен зардап шеккен файлдарды қалпына келтіре алмайды. Және осыған ұқсас вирус шығып жүр. Оның да қызметі autorun.exe-ге ұқсас, барлық файлдарды көзден таса етіп УЗБ флешканы «ярлык» қылып тастайды.

    Басқасын білмеймін менің қызмет орынымда осы екі жағдай өте сирек кездеседі. Ең бірінші осы проблема бойынша антивирусты тексеріп көрдім. Нәтижесі керемет. Вирусты өшіріп жоғалған құжаттар, файлдар, папкаларды қалпына келтірді. Бұл +

    Екінші жағдай. Мен өз компыма архивтеп құрттар салып жүретінмін. Антивирусты тексеріп көрмекке сол құрттарды еркіндікке жібердім. Нәтижесі мен күркендей болмады.

    мен ұстап жүрген құрттар )))

    Бұл — Жасаушыларға бұл жайлы ескертіп айттым, олар алдағы уақытта бұл қателіктерді дұрыстап базаға енгіземіз дегенді айтты.

    Сосын тағы бір қызығы, антивирус сканерлеу барысында танымаған форматтарын, вирустарын орталық серверге тексеруге жіберіп отырады екен. Ол жақтағы мамандар тексеріп «ақ-қарасын» анықтап келесі базаға енгізіп отырады екен. Егер анықталмаған файл УЗБ-де тұратын болса оны анықталмайынша басқа жерге жұқтырмауға тырысады екен. Өздерінің айтуы бойынша )

    Алдағы уақытта тағы болып жатса осында қалдырамын.
    Соңғы түзету:
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.