Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізімі

  • Автор
Қазіргі қазақ эстрадасында жүрген кейбір жас әншілердің орындап жүрген әндері Сіздің көңіліңізден шыға ма? Жеке өз басым төрімізде тұратын теледидар мен радиода жиі айтылып жататын кейбір қазақша әндерді тыңдай алмаймын, тіпті басын естіп, аяғына дейін тыңдауға жүйкем жұқарып кетеді. Осы орайда «Не себепті?» деген сұрақ туындайтын шығар. Түсіндіріп көрейін…

Біріншіден, басқа тақырып құрып қалғандай, махаббаттан басқа тақырыптағы әнді сирек естиміз. Басқа тақырыпта ән айтқанның өзінде әуені ойдан шықса, сөзі көңілден шықпай жатады. Екіншіден, сөздері мұңлы әнді тым ырғақты, көңілді әуенмен айтады. Үшіншіден, ән мәтініндегі сөздер құр ұйқасқа құрылған. Сөзіміз дәйекті болуы үшін, бірнеше мысал келтіре кетелік:

Көзден кетсе де, көңілден кетпеген әнші Мәдина Ералиеваның орындауындағы өмір, тағдыр туралы тақырыпта жазылған «Ризамын» (әні Қ.Намаз, сөзі М.Мақатаев) атты әнді тыңдай бергің келеді. Себебі, бұл әнде қанағат, шүкіршілік, үміт бар.

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізіміТағы да көрдім, тағы да көрем таң нұрын,
Аязын қыстың, аяулы жаздың жаңбырын.
Алтынға мейлі, толмай-ақ қойсын сандығым,
Ризамын саған, ризамын саған, тағдырым.

Өшпестей етіп өмірдің жазған бұл заңын,
Түсінбей кейде, тосырқап менің жүр жаным.
Кеудемде мына өзің сыйлаған бір жалын,
Лапылдап жатыр, тағдырым, саған ризамын!

Ал дәл осы тақырыптағы «Mysterions » тобы айтатын "Өмір" әнінің сөзіне назар салып көріңіз. Әуені шет елдік әннен ұрланғандығымен қоса, сөздері сын көтермейді. Қазақша әріптердің де қадірін кетіріп, қалай-болса солай айтылған.

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізімі
Өмір — сынақ, өмірім майдансың,
Жүрем сенен жеңіс тілеп.
Жеңілсеңіз, жылама күйініп,
Тағдырда жоқ жүрек.

Өмір түстей, арасы жылы суық,
…. (Қандай сөз айтылғанын бірнеше рет тыңдап түсіне алмадым).
Бала күндердей бақытты күн қайда,
Есіңе алсаң, есік ашық.

Жалпы, қай тақырыпта айтылған ән болса да үміттен гөрі өкініш, қуаныштан гөрі қайғысы басым әндер көбейіп барады.

Туған жер, ауыл тақырыбына жазылған мына бір әнді ата-анамыз да, біз де сүйсініп тыңдаймыз. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз де сүйсініп тыңдаса, таң қалмаймын. Себебі, Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы «Ауылым» әнінің әуені мен сөзі үндесуімен қатар, сыр тұнған сөздері де адамды еліктіріп, қалада туған адамның өзіне ауылды аңсатып қоятындай…

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізіміЖайлап отыр менің ауылым,
Алатаудың сол бір бауырын.
Туып өстім сенде есейдім,
Алаулатып жастық жалынын.
Жайлауы жасыл,
Жайқалып жатыр,
Әйгілі Алатауымның.
Гүліңдей жайнап,
Асыр сап ойнап,
Еркелеп өскен ауылым.

Ал енді Бүркіт пен Аишаның орындауындағы «Туған жер» әнінің сөздеріне көз жүгіртіп көріңіз:

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізіміКеудем толы жырым – ағын,
Жалындаймын, жанығамын,
Мен өзіңе асығамын.
Алыстама жасыл бағым,
Сағынғанда қасыңдамын,
Әсем ауылым.
Өшпес оттай ыстық сезім,
Сағыныштан сынып төзім,
Буланды көзім.

Бұл шумақтағы кейбір сөздерді құлағым шалыс естіді ме, әлде дұрыс естісем де түсінуге санам жетпеді ме — білмеймін. Екінші тармақтағы «жанығамын» деген сөз қандай мағына береді? «Сағыныштан сынып төзім» деген жолға қарап «төзім таусылуы мүмкін, бірақ сына ма?» деген сұрақ туындайды. Бұған қоса «Буланды көзім» деген сөзге назар аударыңыз. Ұйқас қудым екен деп, қандай болса сондай сөзді қолданудың қажеті не? Бұл әннің екінші шумағында «Шашыңмен ойнап дауылың» деген тармағы бар. Шашпен ойнаса самал жел ойнайтын шығар, ал дауыл…

Махаббат — мәңгілік тақырып. Алайда, махаббат туралы әдемі әуенге арзан сөздерді араластыру — әннің ғана емес, әншінің де беделін түсіреді деп ойлаймын. Мысал ретінде Мақпал Жүнісованың орындауындағы "Ғашық жүрек" (әні Е.Болғозиев, сөзі Т.Молдағалиев) әнін тыңдап көріңіз. Әнді толық тыңдасаңыз, жауапсыз сезім туралы. Бірақ әнде «Сен маған қарамадың», «Саған деген сезімімді білмейсің», «Біз неге қосыла алмай қалдық?» деген жолдар кездеспейді. Әдемі сезімді астарлы сөздермен жеткізеді:
Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізіміАлқынғандай, талпынғандай боласың,
Шарқ ұрғандай бүкіл қазақ даласын.
Көкірегіме сыймай кетіп барасың
Ғашық жүрек, қайда барып соғасың?

Енді Динара Қырықбаеваның бейнебаян түсірілген «Саған, жаным, асықтым» деген әнінің сөзіне үңіліп көріңіз:
Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізіміНеге маған, неге, жаным, маған кездестің?
Арасында жүрмін жалғыз ұшып елестің.
Сен біреуді ұнатарсың, білмеймін, бірақ,
Мендей жақсы көре алмайды енді сені ешкім.

Саған жаным асықтым,
Саған жаным ғашықпын.
Кеудемдегі бір тамшы,
Сағынышты тасыттым.

Бұл да жауапсыз сезім туралы ән. Бірақ сөздері «асықтым, тасыттым, ғашықпын» деген арзан ұйқастарға құрылған. Ән ғашығына қолы жете алмай жүрген емес, өмір жолы бір арнаға тоғысқан адамдардай ырғақты, көңілді болып айтылады.

Осындай тамаша тақырыпта жазылған талғамсыз ән мәтіндерін назарларыңызға ұсынбақпыз:

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізімі«Перцы» тобының орындауындағы ән:
Арманым, мен сен жайлы сырласамын,
Баяғы ғайып болды жылдар сағым.
Сен деп салған әнім менің, арман айым.

Менің жаным, менің жаным,
Сен едің менің асыл әнім.
Сүйгенімді несін жасырамын,
Сүйгенімді несін жасырамын?
Менің жаным, оу, менің жаным.

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізімі«Домино» тобы. «Айым-ай».
Келші жаныма, келші жаныма,
Махаббатым-ау, махаббатым.
Оралшы маған, оралшы маған,
Бақыт құсым-ай, бұлақ әнім ай.

Арманым менің, арманым менің,
Аңсадым сені, аңсадым сені,
Гүлдей құлпырғай, көктен жарасқан,
Жұлдыздар сені күнге таласқан.

Айым-ай, асыл бағым-ай,
Айым-ай, айым-ай.

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізімі«Mysterions» тобы. «Асыл әнім».
Асыл әнім, сағынышым ей ларылей,
Өзіңмен бірге армандарға жетелей.
Асыл әнім, сағынышым, ей ларылей,
Ұмытып бәрін билеп, биле көңілді-ей.

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізімі
Мақпал Исабекова «Асыл арман» (2013)
Арманым асық арман екен,
Арайлап атқан таңдарым екен.
Жанарың жарқын маржан екен,
Аңсаған өзің жан жарым екен.

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізімі
«Tequila» тобы. «Сен» (2012)
Қоя ғой нарым,
Бара ғой барым,
Қала мен даламда,
Жазира ғаламда,
Жоқ жетер адамға, жаным.
Ардағым да менің, мадағым да менің жаным сен,
Арманым да менің, азабым да менің жаным сен.

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізімі
«Де-нар» тобы. "Қара көйлек" (2013)
Көйлегім қара болса да,
Өзегім қағаздай аппақ.
Маған ғашық болған қыздар,
Ешқашан болмайды қап-қара.
Ал мендей жақсы жігітті,
Ұнатпаған қызға айтамын:
«Сүймесең, проблема қанша,
Қош бол, бақытты бол, жаным!»

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізімі
«Ayumi» тобы. «Cен» (2013)
Сені ғана іздеймін,
Армандап көз ілмеймін,
Аңсап сені ойлаймын,
Жаным менің.
Сен – арманымсың,
Сен ардағымсың
Сен айдарымсың,
Жалғызымсың сен.

"Қанша адам болса, сонша пікір бар". Менің ойым бойынша, он ән жазып, бірі де ел есінде қалмағаннан гөрі, он жылда бір ән жаздырсаң да, ел есінде қалатындай, ыңылдап айтып жүретіндей етіп жаздыру керек. Жақсы әнші жақсы әнді жанға жағымды дауысымен жұртқа бейнебаянсыз-ақ танымал ете алады, ал тырнақша ішіндегі әншілер жақсы әннің өзін қор қылмаса, зор қылмайды…

ademi_alem

Маған түк те керек емес, сенсеңіз,
Жақсы жандар жалғыз болмай, болса егіз.
Жоқты-барды жинай беріп қайтемін,
Бәрі қалар, бәрі қалар өлсеңіз…

    Ұқсас посттар

    44 пікір

    bizbike
    Меніңше бұл тек қазақ эстрадасында емес, ағылшын, орыс жалпы барлық өнердің бір кеселі болып кетті. Ал жанығамын деген сөзге келсек, асығамын деген мағынада деп түсінемін, бірақ енді ол жергілікті диалект сияқты.
    Жақсы сараптама, маған ұнады.
    ademi_alem
    Ал жанығамын деген сөзге келсек, асығамын деген мағынада деп түсінемін, бірақ енді ол жергілікті диалект сияқты.
    Иә, солай сияқты. Осы жазба жазыларда «жанығамын» деген сөзді дұрыс емес естіген болармын деп қайта-қайта тыңдап көрдім, бірақ солай айтып тұрған сияқты. Ән сөзі бәріне түсінікті болғаны абзал ғой.
    Соңғы түзету:
    Gulistan
    Жақсы талдау.
    Осы постты пайдаланып, Мистерионс тобындағы Дильен (керім ат екен!) деген жігітке құсқым келетінін айта кетйінші
    ademi_alem
    ))))) Айта беріңіз, бұл жазбада ән мен әншіге қатысты барлық көңіліңіз толмаған тұстарды айтуыңызға болады. ))
    Gulistan
    Соны айтам.
    Киген шалбарынан бастап....
    Gulistan
    Аюми да «бүгін бар, ертең жоқ» топтар қатарынан. Шығармашылықтан гөрі, бет-әлпетке көбірек назар аударатында байқалады. Не өлең айтатын еді??
    Gulistan
    Күнде кешке Қазақ радиосынан Астана туралы өлеңдер береді. Айтатын адамы да, уақыты да еш өзгермейд. Міне, сол өлеңдерден қашып кеткің келеді.
    ademi_alem
    Оқушы кезімде радио көп тыңдайтын едім. Сонда байқағаным, Қазақ радиосы ғана емес, басқасы да бір әндерді айналдыра береді ғой деймін. Оннан кейінгі әндерді тыңдап жатып қай әннен кейін қай ән айтылатынын біліп жататынмын. Себебі, күнде сол әндерді бір уақытта қайталайды. Үнемі солай болатын.
    Ispek92
    Ішіңізге біраз нәрсе толып қалыпты ғой Осы жобаға қатысып, айтып-айтып тастамадыңыз ба, біз секілді?!
    bake
    Қазақ әндерін тыңдаймыз, талдаймыз. Бірақ шет тілінде, нақты айтқанда ағылшын тіліндегі әндер астында билеп жүріп мазмұнына мән бермейміз. Қызық көріп бірнешеуінің мағынасын аударқызып көргенмін… Ойбай -дегенсің ғой… Студенттік шаққта осылай істегенім бар еді. Нені естіп, нені түсінбей билеп жүргенімізді сынға алғанмын. Сондағы ой қорытқанымыз келесідей болды: «көпшілікке» ән мазмұнынан гөрі әуен әдемілігі («мода» -дейді) ұнайтын көрінеді. Селкілдеп билесе болды.
    asaubota
    Твиттерге жіберіңдер, жынды оқылады. тексерілген әдіс

    ал жалпы мыналардың көбін тыңдамайды екенмін, тыңдайтын орындаушыларым өте аз, бақыттымын.
    ademi_alem
    Мен де бақыттылар қатарынан екенмін. )) Жалпы, Мұндай мысалдар өте көп. Бәрін тізіп жаза берсек көп әріптің көп әрібі болып кетеді.
    bizbike
    Нұрлан Өнербаевты өте жақсы көремін, дауысын да, жалпы адам ретінде де. Тыңдауға жалықпаймын оның орындауындағы әндерді. Әсіресе «мен сені ешкімнің қолы жетпейтін, әдемі, әдемі ақ бұлттан жасап алғанмын», сосын «сен дегенде, сен дегенде таңмен бірге ояндым, сен дегенде, сен дегенде күн нұрына бояндым»
    ademi_alem
    «мен сені ешкімнің қолы жетпейтін, әдемі, әдемі ақ бұлттан жасап алғанмын»
    Осы әнді кейін Еркін Нұржанов айтып жүрді, иә?
    Janasil
    Мыналардың бәрі әнші ма не?
    Janasil
    ))
    Соңғы түзету:
    ademi_alem
    2-3 ән жаздырып, 1-2 бейнебаян түсіргендердің бәрін әнші қатарына қоса беретін болдық қой… Осы мысалда келтірілген әндерімен «Саз әлемі» бағдарламасына қатысқандары да бар арасында.
    Ottegin
    Көкшетаудың ресторандарында сарнап тұратын «Здравствуй, столица» деген бәле бар, соны естігенде атылып қалғым келген кездер болған
    Ispek92
    Жақсы тақырып, Тек Денардың қара көйлегі маған ұнайды, кезінде хит болып еді, ауылымызда
    MERmukhanov
    жанығамын


    деген сөз асығамын деген мағына береді!

    Осындай сәттерде авторға да ақпаратты тексеріп алған дұрыс.

    Әрине, материал тәуір дүние. Әсіресе, маған жағып тұр. Мадес.

    пы.сы. Есібайымастар маған келмей ме, арзанға жазып берер ем есті сөздерді)
    temir1986
    Құсық әншілер мен әннің сөзін жазғандарда құсық. Айтпақшы ағылшынша әндердіңде сөзінің біразы боқауыз болып келеді дегенді естідім. Сосын осы тақырыптан Джет Лидің бір киносында сыналады. соған қарағанда оларда өз еліндегі біздің далбаебтар тәрізділерден шаршағанба деген ой келді.
    Adiletshu
    Ритмге сәйкес келсе болды ғой. Сөзіне мән бермейді екенмін
    Aikona
    екі ұрпақтың әншілерін салыстыру бір түрлі сияқты. Әр жасымен тең салыстырған дұрыс шығар
    ademi_alem
    Әр жасымен тең салыстырған дұрыс шығар
    Бұл әндерді М.Жүнісова мен Н.Өнербаев 20-30 жас аралығында айтқан. Мына мысалдағы әншілер де 20-30 жас аралығында. Мәселе жаста емес, мәселе талғамсыздықта деп ойлаймын. Әнші болу үшін дауыс пен сұлу мүсін жеткіліксіз, терең ой керек сияқты. Бұл жазбадағы әншілер Н.Өнербаев, М.Жүнісованың қазіргі жасына жеткенде мағынасы терең, сөздері әдемі жақсы ән айтып кетеді деп ойламаймын.
    Aikona
    Менің айтпағым мынау еді, иа ол кісілер де 20-30 жасында осы әндерді айтты, бірақ ол кезде заман басқа еді, талғам басқа еді. Қазір терең мағыналы бір ән айтшы, ешкім оны есінде ұстамайды себебі жастар сондай жеңіл сөзді жеңіл әндерге құмар. Неге мысалы Айқынның «Пах, пахы» керемет танымалдыққа ие? Қазіргі жастар ырғаққа, стильге, орындалуына, танымалдығына мән береді. Көп жастарды рас сөзі аз қызықтырады.
    zholantai
    Нұрлан Өнербаевты ішіп отырғанда тыңдайм, зор кетед
    MickThatsMyNick
    тізімнің ішінде көбісін тыңдамайды екенмін, өлеңдерін былай естісем де…
    Adiletshu
    Асыл әнім, сағынышым хей ла-лы-лей
    Өзіңмен бірге армандарға жетелей
    Асыл әнім, сағынышым хейй ла-лы-лей
    Ұмытып бәрін билеп-билеп күлімдей
    Ха
    Ми, ю, ми, а
    assar
    ҚАзақ әншілері ҚАзақы болып шығып оранжировкаларына Қазақылық қосса сонда ООО ҚАзақтың әні деп тануға болады, мысалы МузАрт Жігіттер, Қоңыр, Жубаныш, т, б осылар сиақты топтардың, әншілердің әніде, оранжировкаларыда Қазақы болып тұрады. БАсқа жаңадан шығып жатырған көп жастардың әнін Қазақ тілін білмейтін европалық біреу тыңдаса Европа әндерін басқа тілде айтып жатырған сиақты болып естіледі.
    Zhan
    Притворился апрель декабрем,
    Или я по зиме заскучала.
    Снег и я — мы сегодня вдвоем,
    Мы идем по аллее устало.
    В старом парке, как в сказочном сне,
    Кленам песни поет тихий ветер.
    Вот бы встретить волшебника мне
    В этот день, в этот час, в этот вечер…

    Может когда-нибудь, может однажды
    В необъяснимом загадочном сне
    Нотками грустными, ночью туманной
    Сердце напомнит тебе обо мне.
    Может когда-нибудь, может однажды
    В долго безмолвно пустой тишине
    Светлой мечтой или горьким упреком
    Сердце напомнит тебе обо мне.

    Ал мен дәл қазір Дилназ Ахмадиеваның «Может однажды» әнін тыңдап отырмын. Қайта-қайта.
    ademi_alem
    «Көз алдымда сенің күлімдеген жүзің,
    Құлағымда менің тек сенің үнің.
    Жылағанын сезем, күрсінеді кеудем,
    Тыныстаймын неге әрең-әрең?» Бұл Д.Ахмадиеваның 2013 жылы шыққан «Көз алдымда» әнінен үзінді.
    Zhan
    Тыңдамаған екенмін. Көрмесем… Рахмет.
    assar
    Дильназ Қазақша тіл білмеймін, үйренгімде келмейді деген, ондай тәкаппар әншінің әнінде өзінде тыңдағым келмейді. Қазақтың арқасында дильназ ол, егер Қазақты менсінбесе оның түккеде керегі жоқ.
    aikarakoz
    Бүркіт пен Аишаның әнері ұнайды маған бәрібір
    bizbike
    осы Мақпал «аяла мені, шағала мені қондыршы тез қолыңа» деген әнінде шағала деген өзі ме әлде шағала «чайкуй» дегені ме екен?
    ademi_alem
    «Аяла мені, шағала!
    Мені қондыршы тез қолыңа» дегісі келген болар. )))) Бірақ шағала қалай адамды қолына қондырады? ))))
    seyh
    өзін чайкаға теңеп тұрғандай ғой )
    ken
    Қыздар көп
    Қарын тоқ
    Биле-биле
    Уайым жоқ

    «Айым», Азия тобы.
    rymbek
    «Махабатқа бағындым,
    Тағдырыма табындым»
    @Мәдина Сәдуақасова репертуарынан
    Қандай керемет, тебірендіретін, толқытатын, жүрегіңе үміт ұялататын алтын сөздер, ұйқастар…
    rymbek
    «Арман алдан шақырады,
    Кездесерміз мүмкін әлі,
    Сенсіз өмір өтіп жатыр,
    Айтшы жаным, кім кінәлі?»
    Әдемі жазылған

    Жалпы өлең шығару өнер. Ән айту да өнер. Тап жоғарыдағыдай өлеңдерді мен де ұйқастыра аламын. Керек десеңіз Дельфиде программа жазып берем өлең шығаратын
    Соңғы түзету:
    Anar70
    Рымбек, жазып берші, пож)
    Соңғы түзету:
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.