Қазақ күресі Азия чемпионатын Моңғолияда өткізу туралы шешім қабылданды


Бүгін QAZAQ QURESI Халықаралық федерациясының президенті Қанат Бозымбаев БАҚ үшін жаңа жобалар жайлы айтты.

— Қанат Алдабергенұлы, Польшаның Вроцлав қаласында Qazaq Kuresi Еуропа чемпионатыаман-есен, сәтті өткіздіңіздер. Алдағы уақытта Сіздің басшылығыңызбен халықаралық федерация қазақ күресінен шетелде жаңа беделді турнирлер өткізуді жоспарлап отыр екен. Бұл туралы толығырақ айтып беріңізші.
— Біз Қазақстаннан тыс жерлерде қазақ күресін насихаттауды жалғастырамыз. Осы мақсатта Азия және Әлем чемпионаты жоспарлануда. Азия чемпионатын Моңғолияда өткізу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда чемпионатқа дайындықтың белсенді кезеңіне көштік. Қазірдің өзінде федерациялардан өтінімдерді қабылдап жатырмыз, әдеттегіше салмағы, сәйкестігі деген сияқты параментрлермен таңдау жүргізіп, ұйымдастыру мәселелерін шешудеміз.
— Сонымен Азия чемпионаты қашан өтеді?
— Жақында — биылдың 16-17 тамызына жоспарладық.
— Жақында демекші, осыдан 1-2 ай бұрын федерацияның құрылғанына 2 жылдың төңірегі болыпты. Бұл ретте, өзіміздің де, шетелдің де ақпарат құралдары Qazaq quresi халықаралық федерациясының қызметін жазып жатқанын білеміз. Осы күні федерация әлем бойынша өз одақтастарын жинай алатын, шетелде қлттық күрестен беделді турнирлерді өткізетін жалғыз спорт федерациясы атанып жүр. Баспасөз, спорт сарапшылары қазақстандық федерация мұндай салмақты және ең бастысы керемет нәтижелерге қол жеткізе алмайтынын алға тартады. Оның үстіне, Еуропа және Әлем чемпионаттарын сәтті ұйымдастырғаннан кейін, қазақ күресінен Халықаралық федерация жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қазақ күресін қосады деген қауесет бар. Ол жағы қалай?
— Әрине, бұл біздің мақсатымыз. Алайда оған жету үшін бірнеше жыл уақыт қажет. Осы уақытқа дейін біздің федерация құрамына 29 шет ел және екі халықаралық спорт ұйымдары кірді. Жақын арада бізге тағы 10 шетелдік мемлекет қосылады деген үміттеміз. Біз осы елдердің ұлттық чемпионаттарында тұрақты жұмыс жасауды мақсат тұттық. Федерацияда кем дегенде 40 шетелдік федерация болған кезде, біз Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен Халықаралық Олимпиада Комитетімен келіссөздерді бастаймыз деп үміттенемін.
— Qazaq kuresi алдағы жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасына енуі мүмкін бе?
— Жуырдағы олимпиададан үміт аз. Әрине, кейбір халықаралық федерациялар тарапынан қызығудың да, қызғаныштың да бар екені жасырын емес. Мәселен, Халықаралық дзюдо федерациясындағы әріптестеріміз спортшыларға Qazaq kuresi-нен жарыстарға қатысуға тыйым салады. Дегенмен қазақ күресі мен дзюдо бір-бірін байыта алар еді. Біз өз палуандарымызға тыйым салмаймыз, олар өздері қалаған жерде күресіп, барынша мықты техниканы меңгергені игі. Сондықтан біз Халықаралық Олимпиада Комитетімен жұмыс істеп, федерациялар арасында әріптестік диалог құрамыз деп ойлаймын.
Жобаны ТШО, ERG қолдады.

Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының баспасөз қызметі.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше