Маған келген соңғы хат

Сəлем. Жағдайың қалай? Хатымның басын немен бастарымды білмей отырмын. Саған арнаймын ба, әлде өзіммен-өзім сырласу ма белгісіз. Білемін, арада 2 жыл уақыт өтті. Сен мені ұмытып қалған да боларсың? Әлеуметтік желілер барда осылай хат бергені несі деп ойлап отырсың ба? Арамыздағы махаббат ауылдың шаңын жұтып, топыраққа аунап жүрген бала махаббаттан бастау алғандықтан ескілікпен естелікті аяқтауды жөн көрдім.
Жақын арада ауылға барып қайтқанмын. Алыстан болса да сені көрдім. Есейіп қалыпсың. Баяғы бала қылығың, еркелігің мүлде жоқ. Мен білген, мен таныған ерке қыз қайда кеткен деп таңырқап қалдым. Тек өзгермегені ашық мінезің мен әзілқой қалпың. Жаныңда жүрген адамдарға күлкі сыйлап жүресің, ақылыңды айтып отырасың.
«Адам бойындағы қателіктерден сабақ алуы керек»-, деп жиі айтатын едің ғой. Сол сөзің əлі есімде. Арада қаншама жылдар өтті, мен қателіктерден сабақ алдым, бірақ қортындысы сен айтқандай жақсы болмады. Сен қайта келмедің.
Сыртыңнан естуімше саған көз салып жүрген жандар бар екен. Сенің ше, көңілің бар ма оларға? Маған ше? Қараңғы бөлмеге жағылған майшамның кішкене жарығындай болсын үміт бар ма менде? Əлде алапат дауылдай соққан жел, жанған оттыңды өшірді ме? Жігіттердің өткінші жауындай сезімдерін жақтырмайтын едің, мен кеткелі талай жауын астында қалған боларсың. Жоқ сол жауындар сөндірдіме отыңды?
Сұрақтар көп қойсам кешір.Сен маған жауап қатуға тиісті де емессің. Жүрегімнің түбінде жібере алмауым ол менің қателігім. Асықпай шешім шығаруға, жаным мен жүрегімді басқа жанға арнауға барынша тырысып жүрмін. Сенесің бе, қолымнан келмеді. Бір адамға арналған сезім, екінші бір адамға олай арналуы мүмкін емес екен екен.
Аман бол алғашқы махаббат. Сен жақсысына лайықтысың.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше