«Шабыт» фестивалінің жеңімпаздары кімдер?
обоист Ислам Әлиев «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы атанды
ХХІ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде Президент кубогы гобоишы Ислам Әлиевке бұйырды. Биылғы фестивальдің жеңімпазы «Классикалық музыка: ағаш үрмелі аспаптар» номинациясында да Гран-при алды.
Бүгін Астанада өткен байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері жария етілді.
«Классикалық музыка» номинациясында қатысушылар 4 секцияда шеберлік байқасты: ағаш және мыс үрмелі аспаптар, соқпалы аспаптар және камералық ансамбльдер.
Мейіржан Кеңесбаев, Айя Ғаббасова, Леонид Мысовский, Бағжан Есіркеп енген квартет үздік камералық ансамбль (Гран-при) деп танылды. Бұл ішкі номинацияда SARDOR ішекті аспаптар квартеті бірінші орын алды.
«Классикалық музыка: мыс үрмелі аспаптар» секциясында Азат Әбілқасымов топ жарды. Ағаш аспаптарда ойнауда Тілек Дәуітқан мен Владимир Ардашев көш бастады. «Соқпалы аспапта» Арыстан Әбілдин Гран-при иеленсе, бірінші орында – Худойберган Бахромов.
Үстіміздегі жылы «Халық музыкасы» номинациясы үш секциядан құралды: «қобыз», «прима-қобыз», «домра-прима, шертер, бас-шертер».
Байқау қрытындысы бойынша Шолпан Шарапатова үздік қобызшы атанып, гран-при алды, ал Мәдина Тілеубаева бірінші орында.
«Домра-прима, шертер, бас-шертер» категориясында Гран-при Әділхан Годжанов гран-при иеленді, Баян Мұрзабекова (шертер) және Қазаннан келген қатысушы Вера Ледянина (домра-прима) бірінші орынды бөлісті.
«Прима-қобыз» номинациясында қазылар алқасы Айым Мейірханованың өнеріне жоғары бағасын берді, ал бірінші орын Аида Әбдуғалиге бұйырды.
Фестивальдің үздік вокалисті – астаналық Ахмет Сұлтан болса, «эастрадалық вокал» номинациясында түркістандық Ерік Төленов алтын алды.
«Хореография» номинациясыгда Гран-при қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен елордалық «Наз» би театрына берілді. Бірінші орынды петропавлдық «Мәңгілік» ансамблі және жергілікті «Шалқыма» би ансамблінің артисі Айсұлу Мұратқалиева бөлісті.
Фесивальде көптен бері болмаған «Журналистика» номинациясында гран-при «Қазақстан» телеарнасының журналисті Нартай Сәрсенғалиевке бұйырды. Бірінші орын алған үздік телевизиялық сюжеттің авторы Лаура Байбатчановой (Хабар). «Программалық сюжеттер және деректі фильмдер» ішкі номинациясында Лимара Удасова алтын алды. Egemen.kz тілшісі Назерке Жұмабайдың еңбегі «интернет ресурстар» секциясында топ жарды. Шерхан Мұртаза атындағы арнайы сыйлықты қазылар алқасы Aikyn.kz.қызметкері Динара Тілеубекке табыстау туралы бірауыздан шешім қабылдады.
Пікір жоқ әзірше