Медициналық тексерістен уақытылы өтіп аурудың алдын алыңыз

Әр медициналық мекемеде скринингтен уақыты өту жайлы стендте ақпараттар берілген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы бұйрығына сәйкес жасы 18-ге толмаған балалар профилактикалық мақсатта медициналық тексерістен үнемі өтіп тұруы тиіс, деп хабарлады Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


2 жылда бір рет артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабетін ерте анықтау үшін,  осы ауру түрлерімен диспансерлік есепте тұрмаса ерлер мен әйелдер 40-70 жас аралығында тексеріледі.


40-70 жас аралығында ерлер мен әйелдер көз қысымның өсуінен болатын көз ауруларының бір түрі – глаукоманыерте анықтау үшін окулистке 2 жылда бір рет тексерілуі тиіс .


40-70 жас аралығында әйелдерге сүт безі обырын ерте анықтау мақсатында гинекологқа 2 жылда бір рет қаралуы ұсынылады.


Әйелдер 30-70 жас аралығында жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін 4 жылда бір рет тексерілуі тиіс.


50-70 жас аралығында ерлер мен әйелдер колоректальды обырды ерте анықтау үшін 2 жылда бір рет тексеріледі.


Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше