Астаналықтар медициналық кеңесті тегін ала алады
3 қарашада MEGA Silk Way сауда-ойын сауық орталығында «Наш выбор — здоровье! Біз денсаулықты таңдаймыз! Health – our choiсе!» атты мәдени-сауықтыру акциясы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Тегін консультацияны жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, терапевттер, педиатрлар береді. Сонымен қатар, қан қысымы, бой өлшемі, салмағы, қант пен қандағы холестеринді өлшейтін диагностикалық процедуралардан да өту мүмкіндігі қарастырылған.
Флюорографиядан өткісі келетіндер үшін жылжымалы флюрокөлігі ұсынылады.
Астаналық жедел жәрдем қызметінің инструкторлары өміріне қауіп төнген жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуден шеберлік сабағын көрсетеді.
Шара бағдарламасында фитнес-жаттықтырушының басшылығымен спортпен айналысу бойынша өзінің кеңестерімен бөлісетін ширату бөлімі де бар.
Акция барысында концерттік номерлер, әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбында викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлық үлестіріліп, лотерея ойнатылмақ.
Науқанды Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша кеңселік жобасы бірлесіп ұйымдастырады. Мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығын сауатты басқаруды үйрету, әрбір азаматтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу бойынша көбірек ақпараттандырылғанын қамту.
Пікір жоқ әзірше