Тіл - адам мәдениетінің көрсеткіші
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.
Ал, ендігі кезекте, біз оны қаншалықты қорғай алып жатырмыз? Шыны керек, оқушы кезімде тек қазақша білім алып, отбасымызда да қазақша сөйлеп, араласатын ортамыз да қазақ тілді болғандықтан орыс тіліне, жалпы өзге тілге шорқақтау болдым. Алматының, үлкен мегаполистің қызы деген атқа бұл "қылығым" мүлдем жат. Себебі, Алматы десе көбісі орыс тілді азаматшаларды елестетеді. Оған негіз де бар, әлеуметтік желіні ашып қалсаң, елдің алды болып жүргеннің бәрі дерлік орысша сайрауда, кейбіреуінен қазақша сөз сұрап ала алмайсың. Университетке түскеннен кейін байқағаным, желіде көргенді өмірде қолданатындар немесе қолданғысы келетіндер саны аз емес. ЖОО-ның қабырғасында жүре қазақ тілді азаматтарды сирек кездестіре бастадым. Қынжылтатыны, қазақ балаларының қазақша білмеуі ғана емес, олар өздерінің қазақша білмеуін «мықтылыққа» балайтыны. Олардың тілінде айтқанда «крутость». Саған орысша сөйлегенге орысша жауап қайту толеранттылық белгісі деп, олармен орысша сөйлесе бастадым. Енді басым көпшілігі сол тілде сөйлесе, бізде таңдау көп емес. Уақыт өте келе, орысшаны жиілетіп,қалай қазақшамыз ақсаңдап қалғанын байқаймай да қалдым. Міне, халықты құртудың бірінші жолы — тілін құрт. Әсіресе, ел болашағы — жастардан бастасаң тіптен керемет. Нәтижесінде, не қазақшамыз керемет емес, не орысшаны біліп оңдырмадық.

Пікір жоқ әзірше