Үйден мектепке дейіңгі жол... (немесе бала махаббатқа саяхат)
Әдеттегідей ерте тұрдым. Анамның дайындап қойған шәйін ішіп отырмын. Екі көзім сағатта. Келісілген уақыт 8:10. Сағат тілі 8:05 соққанда менің жүрегім сағат тіліне ілесе бірге дүрсілдей соғатын. Күнделікті әдетім бойынша ағаммен бірге мектепке қарай аяңдадым.
Ол тұратын бұрылысқа да жақындадық. Иә, қара торы, бойы ұзын, үстінде өзіне арналып тігілгендей әдемі, өңіне одан ары әр беретін қара кастюм шалбары бар, қолына мен оқымыстымын дегендей менмұндалап тұратын қоңыр партфельін ұстаған менің махаббатым күтіп тұр.
Сол бұрылысқа дейін ағасының мазасын алып ойнап келетін ерке тотай, ақымақ қыз бұл жолда мүлдем басқа. Биязы мінез, сабырлы келбет, әдемі күлкі жайғана қарапайым қыз бейнесі іске қосылады дерсіз. Алыстан нұрлы жүзіне ұрлана қарап мені көзіңнің жанарымен баурамашы дегендей ағамның артына тығыла қасына жақындайтынмын. Ең өкініштісі не екенін білесізбе, менің махаббатым ағамның жақын досы және сыныптасы болғаны. Ағаммен амандасып болғаннан кейін қызараңдай маған қарап, демін ішіне тартып, даусын баяу шығарып «Сәлем» дейтін. Сол сөзінің өзі менің бір күндік азығым десем асыра сілтеуім емес болар. Менің ағам әкеме тартқан мінезі тік, артық қимылы жоқ қабағына қарап қалауыңды ұмыттыратын жан еді. Менің достарының қасында жүргенімді қаламайтындықтан ба, әлде әңгімемізді естіп қояды дегендіктен бе белгісіз « Алдыға түсіп кете бер, артыңнан барам »,- дейтін. Махаббатты жасыру қандай қиын десеңізші өзім қаламасам да, қимасам да, жанынан ажырағым келмесе де алдыларына түсіп мектепке қарай аяңдай басатынмын.
Артыма бұрылып қарайын десем жанары мен жанарым түйісіп қалама деп уайымдайтынмын. Сол уайым ойымнан шықпай, артымнан қадала қарап келе жатқан махаббатымның қарасы маған алыстан сезілетін. Алақаным терлеп ішімнің жыбырлағанын бұлай қойғанда басымда сан түрлі ойлар өз ара арпалысып жататын. Не ойлап келе жатыр екен, менің қарағанымды күтіп келе жатырма екен, жотам дүңкиіп тұрған жоқпа екен, жүрісім дұрыс па екен, басымдағы бантигім түзу тұрма екен, ағаммен қандай тақырыпта әңгіме айтып келе жатыр екен деп бәрін ойлайтын едім.
Мектепке жете беріс тұстағы дөңнен менің жақын досым шығатын. Соны күткенсіп ақырын артыма бұрылып тұра қалатынмын. Ағам « кешігіп қалмай тез сабағыңа кір» ,-деп қасымнан өте шығатын. Артынан екі езуім екі құлағыма жетіп, істеген әр қимылын бағып, жүрген сайын бірге қозғалып бара жатқан толқын шаштарына қызыға қарап мен тұратынмын. Менен сәл алыстағаннан кейін бар батылдығын жиғандай артына жалт бұрылатын. Өзімді қоярға жер таппай кірпіктерімді тез-тез қағып жерге қадала қарап тұрып қалатынмын. Қос жанарын менен тайдырды ау дегенде артынан қайта қарап, неге менде қарамадым екен, неге жымиып күлмедім екен күткенім сол емеспе еді деп өзімді жегідей жеп тұрып қасыма дос қызымның келгенінде байқамай қалатынмын. Екеуміз амандасып мектепке беттеймін дегенше қоңырау да соғылатын. Менің махаббатым болса ол кезде мектепке кіріп кеткен де екен.

Пікір жоқ әзірше