ЕРКЕК-БАС,ӘЙЕЛ МОЙЫН

Әйел затының жалпы қыз-келіншектердің өмірде алар орны ерекше. Қазақта қыз балаға қатты мән берген.Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма-деген сияқты сөздерді қыз баласының құлағына құйып, мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеген. Барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Сондай-ақ қыз баласы үлкен өмірге қадам басып, отбасын құрып, ана атанған сәттен бастап, өзінің тәрбиесін балаларына көрсетеді.
"Әйелдің қырық жаны бар" демекші әйел заты бір қолмен бесік тербетсе, екінші қолмен әлемді тербететін жаратылыс иесі. Әйел адам өте нәзік жанды келеді. Сол нәзіктігімен, еркелігімен, сабырлығымен, батылдығымен қоса ол барлық ауыртпашылықты, қиыншылықты жеңіп шыға алады. Ер адамға қарағанда қаншалықты, көп сөйлесе соншалықты уайымшыл келеді. Біздің халқымызда "Қыз" деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады.
Сондықтан да бұл нәзік жандылардың қоғамдағы ерекше орны бар, отбасының бір бөлшегі, алтын қазығы екендігін нақты айта аламын. Ақылды, инаббаты, шынайы, қарапайым қыздарымыз көбейсе ұлттың болашағы да жарқын. Өзінің қоғамдағы орнын жоғалтпай, ата-бабаларымыздың көрсеткен сый-құрметін сақтап, өскелең ұрпаққа үлгі болса, ертеңгі қазақтың дана анасына айналары сөзсіз.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше